Реттік санау

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Бәйтерек орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нуржанова Айтыхан

   Пән: математика                                                       

   Күні:                                                                             Қатысқандар саны:

   Сынып: 1                                                                     Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

 Реттік санау

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды санай алады

Көптеген оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санай алады

Кейбір оқушылар:  реттік және сандық санауды айыра біледі

Бағалау критерийлері

   - заттарды ретімен санауды үйренеді

   - заттардың реттік нөмірін анықтайды

Тілдік мақсаттар

Реттік санау; нешінші?

- Дамир сыныпта нешінші партада отырады?

- Бүгін бізде бірінші қандай сабақ болды?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Сергіту сәтіне арналған жинақ (диск)

Бастапқы білім

1-ден 10-ға дейін санайды

Сабақтың барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

1 минут

 

 

10 минут

Психологиялық ахуал

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Сұрақ-жауап

Сабақты заттарды сандық санауды қайталаудан бастаймын

(Ө)-10 көлеміндегі сандарды тура ретпен сана

      -10 көлеміндегі сандарды кері ретпен сана

(ҚБ) бағдаршам түстері

Кіріспе тапсырма

«Кім нешінші тұр?»

(Ө)- Он оқушыны тақтаға шақырып, оларға бір қатарға тұруды ұсынамын. Қалған оқушыларға оларды санатамын және кімнің нешінші тұрғанын айтқызамын.

(ҚБ) бас бармақтары арқылы

 (Ө)Тақырыпты оқулықтағы сюжетті сурет бойынша бекітемін

- Суреттегі кім?

- Айжан қай жерде?

- Сөреде қанша кітап бар?

- Айжан сөреден нешінші кітапты алды?

Ашық сұрақтар:

   - Жансая отбасында қанша баласыңдар?

   - Сен нешіншісің?

   - Жарайсың! Тамаша

- Ондай болса менің қолымда ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Отбасы мүшелерінің суреттері арқылы топқа бөлу: 1-топ (ата), 2-топ (әже), 3-топ (әке), 4-топ (ана).

(Т) Отбасы мүшелерін дастарқан басына орналастыр. Кімді бірінші отырғызасың.

Дескриптор

- отбасындағы жасы үлкен кісілер (ата, әже) ді атайды және суреттердің астына реттік санын жазады;

- дастарқан басына бірінші атаны, екінші әжені, үшінші әкені, төртінші ананы, бесінші және алтыншы балаларын отырғызады (санды жазады);

(ҚБ) («Аялдама» тәсілі)

Сергіту сәті: санау әні

(Ө) Дәптермен жұмыс:

(тапсырмаларды мұғалімнің жетекшілігімен орындайды)

 

 

 

 

 

 

 

Сандық сауле

 

 

 

 

 

 

Оқушылар

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

Балмұздақ таяқшалары

 

 

 

Отбасы мүшелерінің суреттері

 

 

Сергіту сәтіне арналған жинақ

 

Жұмыс дәптер түрлі түсті қарындаш

 

Сабақтың соңы

4 минут

Жұптарға суреттер үлестіріп беріледі және суретке байланысты сурақтар қойылады. Оқушылар қолдарындағы санды карточкаларын көтеру арқылы жауап беріп отырады.

- мысық нешінші қабатта тұрады?

- сайқымазақ нешінші қабатта тұрады?

- Айман мен Шолпан нешінші қабатта тұрады?

- құмырадағы гүлді нешінші қабаттан көріп тұрсың?

Суреттер және

сандар жазылған карточкалар

 

 

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қабілеті жоғары оқушыларға реттік санауға байланысты күрделі тапсырма дайындаймын. Өткен сабақты толық меңгере алмай қалған екі оқушыны (Жанбота мен Аружан) тақтаға шығарып 1-ден 10-ға дейін тура және кері ретпен санатамын. Енжар оқушыға (Жансая) өзінің отбасысы туралы сурақтар қоя отырып жаңа тақырыпты меңгеруге жетелеймін.

Жеке, жұпта, топта бағалатамын (бас бармақтар және еркін микрофон әдісі арқылы)

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

   Жалпы баға

 

  Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралы да ойланыңыз)

  1:

  2:

  Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралыда, оқу туралы да ойланыңыз)

  1:

  2:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)