Жасөспірім құқығы және зиянды әдеттер

ТАҚЫРЫБЫ: «Жасөспірім құқығы және зиянды әдеттер»
Мақсаты:

1.Білімділік: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыта отырып, есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.Зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.

2.Дамытушылық : Жасөспірім құқығы туралы білімдерін , өз ойын еркін айта алу қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік : Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
- Эксперт қонақтары
- Ұстаздар, ата – аналар
Көрнекіліктер: Бейнеролик, номинациялар, слаидтар, жағдаяттар.

Барысы:
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздермен, бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер! Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады.
Сонымен, бүгінгі тақырып: «Жасөспірім құқығы және зиянды әдеттер» бүгінгі ток – шоуымызды «Сонымен, солай дейік...» бағдарламасы негізінде өткізгелі отырмыз.
Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт - наша, темекі, арақ.

Ал, енді экранға назар аударыңыздар.

Бейнеролик көрсету.
Бұндай бейнероликтен кейін мынадай сұрақтар туындап отыр:
1. Бүгінгі таңда елімізді толғандыратын адамның денсаулығына әсер ететін қандай зиянды заттарды білесіздер?
2. Темекі шегетін адамның өмірі қысқа болады ма?
3. Темекі шегудің алдын алу жолдары қандай? (темекі тастағысы келгенге көмек көрсету, қоғ/қ орындарда темекі шеккенге тыйым салу, кәмелетке толмағандарағ темекі сатпау) (темекі туралы слайд жүріп жатады)
4. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды деп ойлайсыңдар? (асқазан, бауыр) 

(насыбай туралы слайд)
5. «Арақ ішу – айып, мас болу - қылмыс» дегенді қалай түсінесіздер?
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.
6. Нашақор адамның достары болады ма?
7. Есірткіні қолдануға не итермелейді? (қызығушылықтан және жаңа сезімге талпыныстан. Адам өзіне белгісіз нәрсені сынағысы келеді.)
8. Ішімдіктер адам ағзасының қандай мүшелерін зақымдайды деп ойлайсыздар?
Қонақ: Илясова Жамиля– мектеп медбикесі ортаға шақырылады.

- Оқушылар  зиянды әдеттер жайлы өз ойын айтып шықты, сол жауаптармен келісесіз бе және темекінің, арақтың, есірткінің  адам ағзасына қандай әсері бар екенің айтып кетсеңіз?
Тәрбиеші:

Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.
Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13 - 15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы:

Қабдолов Амандық Мерекеұлына көкейде жүрген сұрақтарымызды қойсақ деп едік.
 Арақ ішіп, насыбаймен, есірткімен қылмыс жасаған адам заң алдында қалай жазасын өтейді?
Келесі қонағымыз: Толқын Рахметолақызы – ата – аналар комитетінің төрағасын шақырамыз.
- Сіз ата – ана ретінде балаңызды зиянды әрекеттерден аулақ болуына қандай жұмыстар жүргізесіз?
Жағдаяттар:
1. Балаңыз қалтасынан қолын алғанда байқаусызда насыбай түсіп қалды. Сіз байқап қалдыңыз, ол сізді көрген жоқ. Ақырын жан жағына қарады да, қалтасына салып алды. Сіздің әрекетіңіз?
2. Оқушыларға.
Сенің жан досын бар. Екеулерің 1 сыныптан бастап оқисыңдар. Бір – бірлеріне көмектесіп, өз сырларынды айтып, ақылдасып, бірге жүресіңдер. Кейінгі кезде досыңның өзгергенін байқадын. 1 рет шылым шегіп жүргенін, сыра ішкенін, аузына насыбай салғанын естідің. Сенің әрекетің?
Қойылған жағдаяттарға ата – аналар мен оқушылар өз ойларын айтып, белсенді қатысып отырды.

Тәрбиеші:

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.

Әрі қарай мектебіміздің әлеуметтік педагогы Оспан Есен ағайға сөз береміз.

Экранға назар аударайық. Бейнеролик «Құқық бұзушылық»

Оқушыларға сұрақ:

1.Бейнероликтен не түйдіңдер?

Оқушылар өз ойларын айтып, талқыланды.

Көшедегі көрініс.
Алмат: Жанас, бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Жанас: Ия, ия, айтпақшы Бекзаттар бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген.
Саған хабарласқан жоқ па?
Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Жанас: Кеттік, жолшыбай Тимурға соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Алмат: Тимур, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Тимур: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Жанас: Ту, ата - анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Тимур: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме?
Жанас: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
1. Құрметті ата – аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата - ана қай жерден қате жіберіп отыр?
Бүгінгі кешіміздің қонағы мектеп инспекторы Қабдолов Амандық ағайымызға өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.

1.Осы жағдайда оқушылар және ата – аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

2. Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
3. Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
4. Қылмыстықтың белгілері қандай?
5. Кәмелетке толмағандарды қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
6. Қалада жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз.
7. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
8. Мектеп оқушыларына қандай ақыл – кеңес бере едіңіз?
Мектеп психологы Жиенбаева Салтанатқа  мынадай сұрақтар қойсақ.
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез – құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбергенова Айгүл апайымызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
1. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?
Қортынды сөзді тәрбие ісінің меңгерушісі Нұрбергенова Айгүл Мұханбединқызына беріліп, қортындысы бойынша  номинациямен «Ең белсенді ата - ана»,  « Ең белсенді оқушы» дипломымен марапатталды.
Қорытынды.

Тәрбиеші: -Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сабағымыөдың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
- Бүгінгі ток шоу бойынша сендер көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын, болашақта зиянды әдеттерден айлақ жүреді деп сенеміз. Сонымен, солай дейік, солай болатына сенейік!
Ән: «Атамекен»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)