Өлең, жыр, ақындар

Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыш

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Күні:    17.02.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы:  Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыш.

Сабақтың мақсаты:  Электрқыздырғыш құралдар,қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу,балқымалы сақтандырғыштар жайында сөз қозғап, осы сабақтан алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.

Табыс критерийлері:

1. Электрқыздырғыш құралдар,қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу,балқымалы сақтандырғыштар туралы түсінік қалыптастыру;

2. Қайталау арқылы оқушылардың болашаққа деген сенімін,ой өрісін дамыту;

3. Тақырыпта баяндалған ережелер мен заңдылықтарды сауатты тұжырымдап, талдап, есеп шығаруда формулаларды дұрыс таңдауға жаттығу.Аралас

 Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіну.

Сабақтың түрi: Аралас сабақ

Қолданылған технологиялар: 1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог, қалай оқу керектігін үйрету).  2.Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту. 3.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 4.Білім беру үшін бағалау және  оқуды бағалау. 5.АКТ пайдалану. 6.Оқытуды басқару және көшбасшылық. 7. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Топтастыру», «Миға шабуыл», «кері байланыс», «Сәйкестендіру»

Сабақта пайдаланатын көрнекi-құралдар: интербелсенді тақта,  тақта, бор, таратпалар,маркер,стикер, жеміс ағашы;

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, математика, әдебиет.

Күтілетін нәтиже:

1. Электрқыздырғыш құралдар,қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу,балқымалы сақтандырғыштар жайлы мағлұмат алады;

2. Электр тогы,қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу жайлы алған мағлұматтарын өмірде қолдана білуге үйренеді ;

3. Бүгінгі сабақты еңсере отырып, бұндағы формулаларды есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

Сабақ барысы:

 

Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Топқа бөлу: ғалымдардың суретін таңдау арқылы үш топқа бөлемін.

Бағалау парағын топ басшыларына үлестіріледі.

Оқушылар 3 топқа 5-6 оқушыдан  бөлініп отырады.

Үй тапсырмасы

1. «Миға шабуыл»тәсілі арқылы өткен материалдар тест сұрақтары  арқылы пысықталады.

 

2. «Сәйкестендіру» тесті арқылы әр оқушы өз деңгейіне сәйкес тапсырмасын толтырады.

1.Әр топтан кезек-кезек тұрып  оқушы сұраққа жауап береді.

 

2. Әр оқушы өздеріне берілген тапсырмамен жұмыс жүргізеді.

Мағынаны тану

 

1. «Ақпарат аялдамасы» тапсырмасында топтардың екеуі екі тақырып бойынша түсінігін айтады. Үшінші топ осы екі топқа сұрақтар қояды.

1. Тапсырманы топтар бірлесе орындайды.

2.  Әр топ өздеріне берілген тапсырмамен жұмыс жүргізеді.

Құралдар аялдамасы.

Бұл жерде оқушылар физиканың құралдары жайында сөз қозғайды. Аты. Өлшем бірлігі.Қолданылатын орны.

Құралдарды сипаттап береді.

Сергіту сәті

«Алтын сандық сұрағы»

Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар  өздерінің көңіл күйлерін көтереді.

«Ой толғаныс»

1.Есептер аялдамасына бармай тұрып, Формулалар станциясына соғып кетеміз. Бұл тапсырмада оқушылар осы тараудағы формулаларды естеріне түсіреді.

2 . «Есептер аялдамасы». Әр топқа 2 есептен беріледі.

1. формулаларды топтасып отырып қағаз бетіне түсіреді.

2.  Топ болып есептер шығарады.

Рефлексия

«Мәреге жету аялдамасы.» бұл тапсырмада әр оқушы бес саусақ арқылы өзінің бүгінгі сабақтағы нәтижесін көрсетеді.

Кері байланыс: Оқушылар өз ойларын парақ бетіне жазады.

Үй тапсырмасы

&46, 47оқу, түсінігін айту.Қыздыру шамдарының түрлері жайында реферат жазып келу.

Бағалау

Топтарды және өзара бағалату.

 

 

Рефлексия:_______________________________


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз