Өлең, жыр, ақындар

Құстарды аялайық

Білім беру саласы:  Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Құстарды аялайық

Мақсаты: Қыстап  қалатын құстардың тіршілігі жөнінде білім беру.  Құстар туралы өздерінің көргенін баяндауға жалпы жеке атауларын айтуға үйрету, сөздік қорын байыту. Жанашырлық сезімдерін ояту, қомқор болуға тәрбиелеу.  Жұмбақтарды шеше білуге, дидактикалық ойынды шартына сай орындауға үйрету.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Серуен кезінде құстарды бақылау
Көрнекілігі: Көгершін, құстардың суреттері, қыстап қалатын құстар, қыс мезгілінің суреті және құстардың дауысы жазылған бейнетаспа
Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу
Билингвизм: Ворона-қарға, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей,  Көгершін-голубь

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.

Балалар қол ұстасып, шеңбер болып тұрады.

Ұйымдастырушы лық- ізденістік

 

 

 

 

Енді балалар, орнымызға отырып, көзімізді жұмып, менің айтқандарымды елестетейік. «Жапырақтар сарғайып жерге түсті. Айнала сары алтындай сап-сары. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Жаңбыр жиі жауады.» Көзімізді аштық. – Бұл қай мезгіл екен, балалар?
-    Күз мезгілі, дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі? 
-    Енді балалар назарымызды телеэкранға аударайық. Қыс туралы еске түсіріп, қыстайтын құстар туралы қараймыз
Есік қағылып Дымбілмес келеді. 
-    Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым. 
(Балалар таңырқай қарайды) 
-    Ой, балалар сендерге қызық емес пе не? 
-    Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Оларға қыс мезгілінде жем шашып, үйшік жасап беру керек. Ендеше балалар, Дымбілмеске мына сиқырлы пішіндерден ұя құрастырып көрсетейікші.

Дымбілмес: балалар рахмет сіздерге. Мен енді құстарға тиіспеймін. Менде үйіме барып құстарға ұя жасап берейін.

Сау болыңдар балалар!

Балалар сендер қыстайтын құстар туралы білгілерің келе ме?
-    Сауысқан– ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Қазақстандағы ең құйрығы ұзын құс. Оның құйрығы 35 см. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. 

Қарға – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді. 

Кептер – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. 

Торғай- ол өте кішкентай құс. Олар дәндермен, өсімдік тұқымдарымен қоректенеді екен. Торғайлар ағаш індерін, үй жайларда мекендейді.
Құстардың ортақ қасиеті:  қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды. 
Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды. 

Қарға – ворона, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей, Көгершін-голубь. Сергіту сәті:        

 Орнымыздан тұрайық,            Қолымызды созайық.
Құсқа ұя жасайық

Алдына жем шашайық.
Қарға құсап жорғалап,
 Жемге тойып алайық. 
Орнымыздан тұрайық,
 Қане, қанат қағайық. 
-    Енді, балалар мен сендерге осы қыстап қалатын құстар туралы жұмбақ жасырайын.

Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ   (қарға)
Орыннан-орынға ауысқан,
Ұшқалақ қара ала........... (сауысқан)

Мәпелейміз, баптаймыз,
Биіктерге самғаймыз.
«Бейбітшілік құсы» деп,
Қай құсты айтып мақтаймыз.   (көгершін)

Ойын: «Қай құстың дауысы?»
Мақсаты:  Құстардың дауысын ажырата білуге үйрету, зейін қойып тыңдай білуін жетілдіру.

Ендеше балалар бәріміз  «Өнер» орталығына барып, қыстап қалған құстарға әдемі саябақ құрастырайық.

Табиғи материалдарды пайдаланып, құстарға арнап саябақ құрастыру.

Күз мезгілі

 

 

Қыс мезгілінің суреттерін қарайды.

 

 

Сәлеметсіз бе!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сиқырлы пішіндерден құстарға арнап үйшік құрастырады.  (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)

 

Сау болыңыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарға – ворона, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей, Көгершін-голубь

 

 

 

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарға

 

 

Сауысқан

 

 

Көгершін

 

 

 

 

 

Өнер орталығында құстарға арнап саябақ жасайды.

 

 

Рефлексиялық- түзетушілік

Ойын:     «Торғай» 
Ойын арқылы сабақты қорыту. Торғай қонған бала сұраққа жауап береді. 
Сұрақтар: 
-    Қыстайтын құстарды ата?
-    Қарға қалай дыбыстайды?
-    Торғай қалай дыбыстайды?
-    Құс туралы тиым сөз айт?
-    Құстардың ортақ қасиеті қандай?
-    Құстардың айырмашылығы қандай?
-    Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз.
Балалар бәрі бірге:  

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақтта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа. 
-    Жарайсыңдар, балалар
Қоштасу шеңбері: 

Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!

 

 

 

 

Қарға, сауысқан, торғай, көгершін

Қарқ-қарқ-қарқ

Шиқ-шиқ-шиқ

Құстардың ұясын бұзба.
Құсты атпа, өлтіруге болмайды.
Құстың жұмыртқасын жарма.

Жем шашамыз, үйшіктер жасаймыз

 

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақтта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа.

Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қысқы табиғат және қыс мезгілі туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Қыстап қалатын құстарды 

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қысқы табиғатты бейнелеуге дағдыланды


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз