http://a-brands.kz/

Шын дарындар – Елбасы назарында

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№70 мектептің математика пәні мұғалімі
Жайшылықова Аягөз

 

 «Шын дарындар – Елбасы назарында» атты математикалық поезд сценарийі

Мақсаты:

•    Логикалық ойлау қабілетін, математикалық есептерді шешуде әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін; бейтаныс ахуалында тез бағдарлауға; математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;
•    Оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өз бетінше оқуға, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
•    Тапқырлық пен есептеу дағдыларын жетілдіру.

Жоспары:

1. Ұйымдастыру
2. «Армандағы сәулет»бейнефильм
2. «Ақмешіт» станциясы
3. «Арифметикалық ребустар»станциясы
4. «Танграмм»станциясы
5. «Магиялық квадрат»станциясы
6. «Балық аулау» станциясы
7. «Викториналық сұрақтар» станциясы

Математикалық поездтың барысы:

1. «Армандағы сәулет» бейнефильм

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан Рейспубликасының Президенттігіне сайлануы туралы қысқаша мәлімет келтіремін.

(6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым. 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақ КСР Презинденті, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

 

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президентіболып қайта сайланды.

2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

 

2. «Ақмешіт» станциясы

«Ақмешіт» станциясы іріктеу жүреді. Қойылған сұраққа дұрыс жауапберген оқушы математикалық поездға отырып, келесі станцияға кетуге рұқсат алады.

Оқушыларды математикалық поездға отырғызуға арналған сұрақтар:

1. Рационал сандар жиынын нелер құрайды?   (Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)

2. а-ның n дәрежесі деп нені атаймыз?  (әр қайсы а- ға тең n – көбейткіштің көбейтіндісі

3. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер иррационал сандар деп аталады)

4. Бірмүше дегеніміз не? (Сандар мен әріптердің көбейтіндісі)

5. у=х2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)

6. Көпмүше деп нені атайды? (Бір мүшелердің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады)

7. Жақшаалдында минус таңбасы болса, жақша қалай ашылады? (Жақша ішіндегі алгебралық қосындылардың таңбалары қарама – қарсы таңбаларға өзгереді)

8. у=х3 функциясының графигі қалай аталады? (кубтық парабола)

9. Нақты сандар жиынын нелер құрайды? (Рационал және иррационал сандар)

10. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады? (Құрамында әріпі бар өрнек әріпті өрнек деп аталады)

 

3. «Арифметикалық ребус» станциясы.

4. «Танграмм» станциясы

Оқушыларға танграмм ойынының тарихы түсіндіріліп, І және ІІ топтарға «Мысық» және «Қоян» бейнелерін жасау тапсырылады.

ТАНГРАМ – ежелгі қытайлықтардың басқатырғышы (головоломка). Танграм сөзінің әріптері «шебердің 7 қызы» деген мағынаны білдіреді. Соныман қатар басқатырғыш жазықтықтағы фигуралардан (үшбұрыштар, шаршы, параллелограмм) тұрады. Яғни, бұл фигуралардың саны 7 (5 үшбұрыш, 1 шаршы және 1 параллелограмм). Бұл фигуралардан адам бейнесін, жануарларды, әріптер мен сандарды  және т.с.с. жасауға болады.

«Шебердің 7 қызы» міне:

- 5 үшбұрыш

- 1 шаршы

- 1 параллелограмм

Олардан көп ғасырлар бойы әртүрлі бейнелер құрастырылып келе жатыр.

 

5.«Магиялық квадрат» станциясы

І және ІІ топтарға магиялық квадраттар беріледі. Онда тігінен және көлденеңнен бір сан шығатындай етіп, сандарды орналастыру керек.

І топқа 18 саны шығатындай етіп, сандарды орналастыр:

ІІ топқа 30 саны шығатындай етіп, сандарды орналастыр:

6. «Балық аулау» станциясы

«Балық аулау» станциясында 2 топ оқушыларына төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1. Цифрозаврдың арқасында сандар жазылған. Қосындысы 50-ге тең болатындай үш санды таңда.
2. Винни–Пухке туылған күнінде салмағы 7 кг болатын бөшкесімен балл сыйланды. Винни–Пух балдың 1/2 бөлігін жегенде, бөшкеде 4 кг балл қалды. Алғашқыда бөшкеде қанша кг балл болды?  
3. Тәуке ханның  «жеті жарғысы» бойынша ұры ұрлағаны үшін, айыбына үш тоғыз  төлейді. Бұл жаза айып деп аталады. Бір шаруаның 20 түйесін ұрлап кетіпті. Қазақ салты бойынша бір түйе үш жылқыға, он қойға тең. Сонда шаруа ұрыдан ұрлағаны үшін, қанша жылқы, қанша қой айып ала алады?
4. Бір ерігіп отырған бай Алдаркөсені мазақ ету үшін үйіне қонаққа шақырыпты. Тамақ ішіп болған соң, бай жұрт көзінше:
- Алдаркөсе сені «жақсы есеп біледі» деп жүр. Менің жасым 26 да. Ал ұлым 6 жаста. Мен неше жылдан кейін мен ұлымнан үш есе жас үлкен боламын?
5. Қазақ халқында билердің ролы зор болған. Олар халық арасында дауларды шешіп, тыныштықты, әділеттілікті сақтаған. Сендер қандай билерді білесіңдер?
Олар бір даулы мәселені шешкені үшін, сол даудың құнының оныншы бөлігін ақысына алып отырған. Дау құны малмен есептелген. Мысалы 10 қой болса, 1 қой ақысы. Дау құны 100 қой тұратын болса би қанша ақы алады?
6. Жолтапқыш әже
Ертеде жалғызбасты әже өмір сүріпті. Ол байға жалданып бірнеше жыл жұмыс істей жүріп, жиған тергеніне бір сиыр алған екен.
Жазда жұрт жайлауға көшкен кезде, әже жалғыз үй жұртта қалыпты. Сол кезде  ұрылар оның жалғыз сиырын ұрламақ болады. Мұны сезіп қойған әже ұрылар келген кезде:
- Құй-құй Құрманға бер,
  Құй-құй, Сарманға бер,
  Босағада отырған екеуге бер,
  Төрт қонаққа бер,
  Өзің іште және маған бер. – деп өлең айтыпты.
Сонда, мұны естіген ұрылар қорқып:
- Біз бекер келген екенбіз, олар бізден екі есе көп, ештеңе істей алмаймыз, - деп кетіп қалған екен.
Сөйтіп жолтапқыш әже ұрыларды осылай алдапты. Ұрылар әженің өлеңін тыңдай отырып, үйде неше адам отыр деп ойлап қалды. Өздері қанша еді?

 

7. «Викториналық сұрақтар» станциясы

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақ КСР Президенті қай жылы
болды және ол сан 5-ке бөлінеді ме?
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып қай күні сайланды және ол сан құрама сан ба, әлде жай сан ба?
3. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін қай жылы ұзартылды және ол сан 3-ке бөлінеді ме?
4. Қазақстанның ең алғаш волютасы“теңге” шығарылған жыл мен
Астананың 10 жылдығын тойлағанжыл аралығындағы жылдардың
ішінде 10 ға бөлінетін неше сан бар?
5. Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың ең алғаш тұңғыш Президент болып сайланған жылы мен соңғы сайланған жылдар аралығында 10-ға бөлінетін неше сан бар?  
6. Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың соңғы сайланған жылын жай көбейткіштерге жікте? 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)