Өлең, жыр, ақындар

Сезім мүшелері

Тараз қаласы
№ 44 «Ертарғын» балабақшасы
Тәрбиеші: Келимбетова Айнур Ғалымжанқызы

Білім беру саласы: Денсаулық. Коммуникация. Таным. Шығармашылық.

Бөлімі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология.

Тақырыбы: Сезім мүшелері.

Мақсаты:

1. Балаларға ми, сезім мүшелері туралы түсінік беру. Адамның сезім мүшелерімен таныстыру.

2. Түрлі заттардың қасиеттерін зерттеуге деген қызығушылығын дамыту.

3. Өз денсаулығын сақтауға деген қызығушылығымен ынтасын қалыптастыру және тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: сезім мүшелері, үшкір.

Биингвалды сыңары: сезім мүшелері – органы чувств, көз – глаза, мұрын – нос, құлақ – уши.

Заттың дамыту ортасы: сезім мүшелерінің суреттері, атрибуттар.

Іс-әрекет кезеңдері

               Тәрбиешінің іс-әрекеті                          

    Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық- ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәлелді түрткі болатын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

 

Шаттық шеңбері.

Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!

Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар !

Қайырлы таң қолдарым, сендер ояныңдар!

Қайырлы таң аяғым, сендер ояныңдар!

-Балалар, бүгін «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ашық көрсетілім валеология оқу іс-әрекетімен бастайық.  Валеология дегеніміз не?

Валеология – ауырмай, дені сау азамат болып, өсу жолдарын бізге үйрететін ғылым.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Сезім мүшелері» туралы әңгімелейміз. Сезім мүшелерінің көмегімен қоршаған әлемді танимыз.

Сезім мүшелері – органы чувств.

Адамның барлық мүшелері, бір-ақ тұтас механизм сияқты жұмыс істейді.

-Осының бәрін қандай нәрсе жетекшілік жасайтынын сендер білесіңдерме?

Мен сендерге осының бәрін айтып беремін.

Бірақ, сендер менің сұрағыма жауап беріңдер.

«Басшы» - деген кім?

Сендер білесіңдерме әрқайсымызда «басшы» бар.

-Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс бұл - ми.

Ми – барлық ішкі мүшелерді басқарып, көп жағдайларды шешіп, денсаулық пен ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

-Ми қай жерде орналасқанын көрсетіңдерші ?

-Ми – бас сүйекпен қапталған.

-Ми неге ұқсайды?

Сырты жоқ жаңғаққа.

Мидың бір құпиясы бар.

-Қандай құпия екенін білгілерің келе ме?

-Олай болса, мидың есте сақтау қабілеті бар.

Ол оқиғаларды, суреттерді, дыбыстарды, иістерді ұзақ жылдар бойы сақтап ұмытпайды.

Сезім мүшелері : көз,  құлақ, мұрын, тіл арқылы миға жеткізеді.

Қонаққа Салауат дәрігер келеді. Ол балаларға арналған сезім мүшелеріне байланысты жұмбақтар мен кеңестер алып келді.

 

1.Жұмбақ.

Екеуі де бір үйде,

Бірін бірі көрмейді.

Мақал-мәтел :

«Көзің ауырса қолыңды тый»

«Көз – көңілдің айнасы»

Көз жаттығуы.

2.Жұмбақ.

Бір тауда екі жағынан,

Екі қалқан қосылған.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.

Құлақ келеді.

Ойын : Дыбысынан ажырат.

Сергіту сәтін орындау.

3.Жұмбақ.

Сезімімен сыйысты

Сезем барлық иісті.

Мұрын келеді.

Ойын : «Иісін тап»

-Балалар, айтыңдаршы тағыда қандай зат екенін қалай ажыратуға болады?

-Тіл арқылы дәмдерді ажыратамыз.

Тіл әрі сөйлеу мүшесі.

Ойын :  «Дәміне қарай ажырату»

4.Жұмбақ.

Ағайынды бес құрдас,

Бірдей болып еш тұрмас.

Саусақ ойыны : «Салат»

Шығармашылық жұмыс: «Кім жылдам».

Шарты : сезім мүшелерін дұрыс тауып жабыстыру.

Дәрігер Салауат кетеді.

-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не туралы білдік?

-Біз қандай сезім мүшелерімен таныстық?

-Салауат дәрігер не алып келді?

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

 

 

 

 

 

 

Сұраққа жауап береді.

 

 

Тәрбиешінің мұқият тыңдайды.

 

Қайталап айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

Көрсетеді.

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлемдеседі.

 

 

 

 

Көз – глаза.

Мақал-мәтел айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Құлақ – уши.

 

Ойын ойнайды.

Денелерін сергітеді.

 

 

Мұрын – нос.

 

Ойын ойнайды.

 

Дәміне қарай.

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

Саусақтар – пальцы.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Не білді: Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері екенін білді.

Не игерді: Түрлі заттардың қасиеттерін зерттеуді үйренді.

Не меңгерді: Сезім мүшелерін қалай күту керек екенін меңгерді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер