Эссе және өлең-жыр байқауы

Әмір Темір жорықтары

Ақтөбе қаласы
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі: Жанғалиева Гүлайым Шынтасқызы

7-класс. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Әмір Темір жорықтары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Әмір Темірдің билігі, Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстанға жасаған жорықтары,оның зардаптары туралы айту;

Б) Өз елінің мәдениетін көтеруге атсалысатын патриоттар тәрбиелеуге;

В) Ой-өрістерін дамыту;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Ақ Орда әлсірету:

Ұрыс хан Сарайды басып алуға көмектеспегені үшін  Жошы ұрпағы Түй-Қожаны жазалайды,баласы Тоқтамыс Әиір Темірге барып паналайды.Әмір Тоқтамысқа әскер беріп,1374-75ж. Ақ Ордаға аттандырады,бірақ Тоқтамыс Сауран түбінде жеңіліске ұшырайды. 1376ж. Ұрыс ханның қайтыс болуы,көп ұзамай үлкен ұлы Тоқтақияның қаза болуы Ақ Орда жеңіледі. Тоқтамысты Сауранға хан қылып отырғызады,бірақ Ұрыс хан ұлы Темір-Мәлік 1377ж. Сауранда Тоқтамысты жеңеді.Әмір Тоқтамыспен бірге өзі аттанады.Ақ Орданың астанасы Сығанақты басып алады, Темір-Мәлікті Тоқтамыс біржола талқандайды.Ақ Орданың билеушісі – Тоқтамыс болады. 1380ж.Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды,Қажы-Тарханды,Қырымды,Мамай Ордасын басып алады, енді Тоқтамыс Әмір Темірге бағынғысы келмейді. Әмір Темір Тоқтамысты жазалау үшін 1391ж.21қаңтарда 200мың әскерімен жорыққа аттанды. 18 маусым Құндызша деген жерде Тоқтамысты жеңеді,ол қашып құтылады.  1395 ж. – Кавказ тауларының солтүстігі Терек өзені жағасында Тоқтамыс күйрей жеңіледі, Сарай Беркені тонап, адамдарды құлдыққа айдап әкетеді.

Бекіту:  Әмір Темір шапқыншылығы қазақ жерінің экономикасының,мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді.

Үйге тапсырма: оқып келіп, тест дайындау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...