Қарттарым, аман-сау жүрші

Би «Шахризада»
1-жүргізуші
Өткізген шәкіртімен қыс жаздарың
Көп пе екен айтар бізге мұң наздарың
Еңбегімен бөленген нұр алғысқа
Армысыздар! Ардагер ұстаздарым!
2-жүргізуші
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?
1-жүргізуші
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт, еңселі
Дән исі сіңген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі
2-жүргізуші
Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар, –дей отырып кешімізді әдемі әнмен ашқалы отырмыз.
Аудандық «Балдәурен» байқауының жеңімпазы Тұрсын Санжардың орындауында «Алтын ана» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші
Бүгінгі мерекелік кештің құттықтау сөзін мектебіміздің басшысы Исаев Қорғанбек Рамазанұлына береміз.
2-жүргізуші
Келесі кезекте қобыздан халықаралық «Күншуақ» фестивалінің лауреаты атанған Әбдікаримова Жалғасгүл Ерланқызын ортаға шақырамыз. Орындалатын шығармасы «Илигай»
1- жүргізуші
Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын .
2- жүргізуші
Аса құрметті ардагер ұстаздар, сіздер қандай джа сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.
Қадірлі ардагер ұстаздар, қазіргі әсем билеріміз сіздерге арналады.
1-жүргізуші
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден 
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден
2-жүргізуші
Ізгілікті он бойына жинаған
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің мұғалім
1-жүргізуші
Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын
Жас сынаға төгіп білім шуағын
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.
Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз