Өлең, жыр, ақындар

Электр қозғалтқыштарын қорғау

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Арнайы пән оқытушысы
Жарылғасова Хадиша Сабырғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Электр қозғалтқыштарын қорғау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: электр қозғалтқыштарының релелік қорғаныстың түрлері мен талаптары және қорғау принципиалдық сұлбалары туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: таңдап алынған мамандықтарының жақсылықтарын бағалай білуге, тапсырманы нақты орындауға, студенттердің кәсіби

дағдысын қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,

Дамытушылық: үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың шамадан тыс қызудан жылулық релемен қорғау электрсұлбасын жинау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, деңгейлік оқыту, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, видеофрагмент, үш фазалы асинхронды қозғалтқышты қосу  сұлбасының магниттен жібергіші, жылулық релесі, электрлік шамдар, басқару посты және т.б.

САБАҚ БАРЫСЫ

I.Ұйымдастыру бөлімі

l) Топ кезекшінің баяндамасын қабылдау, қатысты белгілеу.

2) Оқу-құралдарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 .Генератордың бұрыс режимі.

2. Бойлық дифференциял қорғаныстың схемасын оқып беріңіз.

3. Көлденең дифференциал қорғаныстың схемасын түсіндіріңіз.

4. Сыртқы ҚТ-дан қорғаудың түрлері.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

 

IV.Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Электр қозғалтқыштарын қорғау

Жоспары:

1. Электр қозғалтқыштарды қорғау үшін қойылатын жалпы талаптар.
2. Электр қоғалтқыштарды артық жүктеуден және фазаралық қт-дан қоғау.
3. Қоректендірудің жоғалуынан қорғаныстар.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1.Электр қозғалтқыштарды қорғау үшін қойылатын жалпы талаптар. Электр қозғалтқыштар халық шаруашылығының барлық бағыттарында кең қолданыс тапты, соның ішінде электростанцияның өзіне керектілерін орнату. Қазіргі кезде өндірісте жəне электростанцияларда синхрондық
қозғалтқыштар жəне де одан да қуаттырақ асинхрондық қозғалтқыштар (2000 кВт жəне одан да көп) қолданысқа ене бастады, ал оларды қорғау үшін өте күрделі дифференциалдық теңдеулер қолданылуда. Жауапкершілігі жағынан ерекше орын алып тұрған атомдық жəне үлкен жылулық электростанцияларда қолданылатын өзіндік қажетілігі бар электр қозғалтқыштық механизмдер. Өндірістерде тоқтамай жұмыс істеу мен өз қажеттілігімен жұмыс істеудегі ең маңыздысы электр қозғалтқыштардың өзін-өзі қосуы, бұл дегеніміз электр қозғалтқышты қоректендіруші кернеуінің желідегі мөлшері аз уақыт төмендегенде ол өшіп қалмайды жəне кернеу қалпына келгенде, бұрынғы айналу жиілігіне дейін жұмысын қалпына келтіреді.

Электр қозғалтқышты қорғау оның өзін-өзі қосуын қамтамасыз етуі қажет, яғни ол кернеудің төмендеп жəне қайта қалпына келу барысында алдынала өшіп қалмауы қажет.Фазааралық ҚТ статор орамаларында үлкен ҚТ токтарымен бірге жүреді жəне электр қозғалтқыштың бұзылуына алып келеді. Сондықтан да электр қоғалтқыштың фазааралық зақымданудан релелік қорғаныс міндетті болып есептелінеді.

2. Электр қоғалтқыштарды артық жүктеуден қорғау. Электр қоғалтқыштардың асқын жүктеуі қосу мен өзін-өзі қосудың тым созылып кетуінен де болады және келтірілген механизмдердің артық жүктелуінен де болады. Электр қоғалтқыштарға тек тұрақты артық жүктелулер ғана зиян. Электр қоғалтқыштардың тогының өсуі бір фазаның үзілгендегідей болады. Электр қоғалтқыштың параметрлеріне байланысты номиналь жүктеме кезінде статор тогының фаза үзілген кездегі өсуі (1,6-2,5) Іном дейін болады. Бұл артық жүктелу тұрақты сипатта болады. Сондай-ақ электр қоғалтқыштың механикалық зақымдалуы немесе оның айналдыратын механизмі мен механизмнің артық жүктелуінен туатын артық токтар да тұрақты сипатта болады. Артық токтардың ең қауіпті жері: олардың кейбір бөлшектердің жəне бірінші кезекте ораманың температурасын көтеруі. Температураның көтерілуі оқшауланған ораманың тозуын тездетеді жəне қоғалтқыштың қызмет көрсету мерзімін азайтады. Электр қоғалтқыштың артық жүктелуі асқын ток пен төзімділік уақытының сипаттамасына байланысты:

t =Т(а-1)/(k-1),

мұндағы,

t- артық жүктелудің мүмкіндік уақыты;
Т- қызудың тұрақты уақыты;
а – электр қозғалтқыштың оқшаулау типіне қатысты коэффициент, периодтық жəне асқын токтың сипатына қарай (асинхронды электр қоғалтқыштарда орташа а = 1,3);
k – асқын токтың еселенуі.

Асқын жүктеменің қызудың тұрақты уақытындағы сипаттамасы 1 суретте келтірілген.

Сурет1–Жүктеменің уақыт ұзақтығынан тəуелділік сипаттамасы

https://www.youtube.com/watch?v=bkcku4tyRjE

Фазааралық ҚТ-дан электр қозғалтқыштарды қорғау. Фазааралық ҚТ-дан электр қозғалтқыштарды қорғау басты релелік қорғанысы болып, токкесер жəне дифференциал қорғаныстары ұсынылады, ал оны орнату барлық жағдайларда міндетті болып табылады. Қуаты 5000кВт-қа дейінгі электр қозғалтқыштардың релелік қорғанысы ретінде ҚТ-дан қорғаушы болып токкесер қорғанысы алынады, егер де оның сезімталдығы жеткіліксіз болса онда дифференциал қорғанысын орнатқан дұрыс деп есептеледі. Қуаты 3500-4000 кВт бастап қозғалтқыштарға дифференциал қорғанысын қолданған тиімді болып саналады.

Сурет 2 – Токкесердің схемалары: а) біррелелік; б) екірелелік

https://www.youtube.com/watch?v=bkcku4tyRjE

3. Қоректендірудің жоғалуынан қорғаныстар. Кейбір жағдайда электр қоғалтқышта кернеудің жоғалып, қайта қалпына келгеннен кейін өзін-өзі қосу мүмкіндігі болмайды. Мұндай жағдай өндірістің технологиясына жəне қызметкерлердің қауіпсіздігіне байланысты болуы мүмкін, жəне өзін-өзі қосуға жұмсалған токты, аз жауапкершілігі бар электр қоғалтқыштардың бір бөлігін өшіріп тастау арқылы, азайтуы да болуы мүмкін.

Мұндай электрқоғалтқыштарға олардың ауытқуына əсер ететін минималь кернеудің релелік қорғанысы орнатылады. Қорғаныстың түрін дұрыс
таңдау үшін барлық механизмдерді жауапкершілігі дəрежесі, режімдерінің талдауы, өзін-өзі қосу бойынша екі топқа бөлінуі тиіс. Минималь кернеу қорғанысы əдетте екісатылы болып орындалады (3 суретте).

Сурет 3.  Минималь кернеуі қорғанысының схемалары: а) айнымалы оперативті ток тізбектері; б) тұрақты оперативті ток тізбектері; KV1 – бірінші сатының минималь кернеуінің релесі; KV2 – екінші сатының минималь кернеуінің релесі; I – жауапкершіліксіз қозғалтқыштарды ажыратуға; II – жауапты қозғалтқыштарды ажыратуға

Сонымен қатар электр қозғалтқыштарда жылулық релесі кеңінен пайдаланады. Бүгінгі сабақта АҚ-тың жылулық релесімен іске қосу сұлбасын қарастырайық.

Сұлбаның принципиалды сұлбасы мен элементтері:

V. Жаңа сабақты бекіту

Жаңа материал бойынша сұрақтар:

1. Электр қозғалтқышта артық жүктеудің пайда болу себебі?
2. Фазааралық қысқа тұйықталудан қандай қорғаныс қолданылады?
3. Магниттен жібергіш дегеніміз не?
4. Жылулық релесі дегеніміз не, түрлері?

Топтық жұмыс

1) Схема құрастыру

2) Семантикалық карта

3) Схеманы тізбектеу.

 

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау

 

1) Оқушылар сұрақтарына жауап беру

– Тақырыптың негізгі сұрақтарын белгілеу.

VІІ. Үйге тапсырма

1. Жүктеменің уақыт ұзақтығынан тəуелділік сипаттамасы, синхрондықозғалтқышты асинхронды режімінен қорғаныс схемасы, токкесердің схемалары, минималь кернеуі қорғанысының схемаларын сызып, қысқаша дәрісті жазу.

2. Асинхронды қозғалтқыштың жылулық релесімен іске қосу сұлбасын құрастыру.

VIІI. Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз