Өлең, жыр, ақындар

Заттың агрегаттық күйлері. Балқу және қатаю температурасы

Пәні: Физика

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері. Балқу және қатаю температурасы.

№9 орта мектеп, Максимовка ауылы, Целиноград ауданы, Ақмола облысы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:  Сары Рая Төлебекқызы

Сынып: 8

Сабақтағы оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтағы оқыту мақсаттары:

Оқушылар үйренеді:

1. Заттың агрегаттық күйлерін, балқу және қатаю құбылыстарын білуі,  өлшем бірлігін, формуласын білуі.

 2. Қатты денені балқыту үшін қажетті жылу мөлшерінің физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.

3. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналуы, өз қортындыларын жасай алуы.

 

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар:

Заттың агрегаттық күйлерін, балқу және қатаю құбылыстарын білді, мысалдар келтіре алады

Оқушылардың көпшілігі:

Қатты денені балқыту үшін қажетті жылу мөлшерінің, меншікті балқу жылуының  физикалық мағынасын түсінеді, формуласын қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар:

Заттың сұйық күйден қатты күйге айналуын түсінеді, өз қортындыларын жасай алады. Орташа, жоғары деңгейдегі есептерді шығарады. 

Тілдік мақсаттар

Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру. Мысалы, балқу, қатаю, меншікті балқу жылуы

   қатты дене – твердое тело -  solid
   қатты дене – твердое тело -  rigid body
   сұйық – жидкость - liquid
   газ – газ - gas
   қатты – твердо -  solid
   балқу, балқыту – плавление, плавить – melt
   балқу нүктесі – точка плавления - melting point
   қатты күй – твердое состояние -  solid state
   қатаю – затвердевание –solidification
   мұз – лед – ice
   су – вода – write
   қату, кристалдану – замораживавающий – freeze
   қату, кристалдану нүктесі – точка затвердивания – freezing point

Пәнаралық байланыстар

   Математика, география

Алдыңғы білім

   І тарау. Ішкі энергия

Дерек көздер, ресурстар

 1.Б.М. Дүйсембаев, т.б, Физика және астрономия. Алматы «Мектеп», 2015 ж

 2. Электронды оқулық, 8 сынып

 3 .В.И.Кем, Б.А.Кронгарт Физика . Есептер жинағы

Жоспар

Жоспарланған мерзім

Жоспарланған іс-шаралар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау түрі

Кіріспе 

(3мин)

 «Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы

3 топқа бөлу

 

 Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді. 

 Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді

Ынталандыру

 

Үй тапсырмасы   (8 мин)

 

 

 

 

Үй тапсырмасымен жұмыс

І тарау. Ішкі энергия

Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары

1.Ішкі энергия деген не?

2.Дененің ішкі энергиясын өзгертудің қандай тәсілдері бар?

3.Жылу берілу деген не? Қандай түрлері бар?

4.Жылу мөлшері деген не?

Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырып бойынша береді.

Мұғалім әр оқушының жауаптарына  мадақтау сөздерін айтады.

 


-    ойлану
-    талқылау, диалог
-    жауап беру    

 

 

Мадақтау

 

 

3 мин

 

 

Қызығушылығын ояту

Миға шабуыл.

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді. 

Сабақтың тақырыбын ашады.

 

 

Негізгі бөлімі

   (13 мин)

 

Мағынаны тану

Топтық бірлескен жұмыс.  Кіші жоба қорғау.

І топ. Заттың агрегаттық күйлері

ІІ топ. Балқу, қатаю

ІІІ топ. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі

1 топ: Талқылау үшін берілетін сұрақтар:

1. Зат қандай күйде болады ?

2. Бір заттың өзі жағдайларға байланысты неше күйде бола алады?

3. Заттың негізгі агрегаттық күйлерінің бір-бірінен айырмашылығы неде ?

4. Өз бақылауларыңа  сүйеніп, мына сұрақтарға  жауап беріңдер: су сұйық  күйінде болу  үшін қандай жағдайлар қажет? Ол қату үшін ше? Қайнап буға айналу үшін ше?

Кесте толтыру7

ІІ топ. Балқу және қатаю

1. Балқу деп нені айтады? Қатаю деген не?

2. Балқу температурасы деген не?

3. Қатаю температурасы деген не?

4. Оқулықтағы кестеде келтірілген заттардың қайсысының балқу температурасы :

а) ең көбі ______________________________________

ә) ең азы _______________________________________

 

 

ІІІ топ. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі

 

1.Затты балқыту үшін жұмсалаты  жылу мөлшерін есептеу формуласы :

2.  Әр физикалық шаманың формуласын жазыңдар :

3.Меншікті балқу жылуы деген не? Қандай әріппен белгіленеді , өлшем бірлігі қандай ? 

4. Кестеде көрсетілген заттардың қайсысының меншікті балқу жылуы

ең көбі  ______________________________________________________

ең азы   ______________________________________________________

бірдей   ______________________________________________________

5. 1 кг алюминий балқығанда оның ішкі энергиясы қанша артады? Қорғасын балқығанда ше? Қалайы балқығанда ше?

 

    Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау. 

 

 

 

Барлық оқушылардың белсенді әрекет етеді,

 

өзара ынтымақтасады, нәтижеге жету ниеттерін бақылау.    

 

Топта  кіші жоба әзірлейді.

 

Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді.

 Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды, 

 

Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,

 

 

Топ спикері қорғайды.

 

Критерий арқылы бағалау

 

 

1.Қорғау тәртібін сақтау:

 

 

2. Мазмұнның толық ашылуы;

 

 

3. Өмірден мысалдар келтіруі.

 

 

5 мин

 

Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді

 

 

   Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.

 

Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады

 

              

Қорытынды  бөлімі

 

8 мин

 

 

Ой-толғаныс

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

 

Сынып ішіндегі барлық оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын қадағалау.

А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау.

 

Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.

 

 

Жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, сыни ойланады, ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары дамиды

Кері байланыс.

5 мин

Маған ұнады, маған ұнамады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын ауызша айтады.

 

Үйге

Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді, тақырыпты оқып келеді.

 

 

Эксперименттік жұмыс

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

 

 

 

 

Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды  (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (4)

Асем

нақты түсінікті жазылған

Гүлайым

Ата занға өлен

Myrza

Өте тамаша!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз