Музыка - бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындататын өнер

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», - деп, данышпан ақын Абай атамыз айтқандай,жақсы ән – күйдің сиқырлы әуені адамның жан ән күйдің сиқырлы әуені адамның жан дүниесін әдемі әсерге бөлеп, көңіл күйін сергітеді. Әсіресе музыканың бала тәрбиесіндегі алар орыны ерекше. Музыкасыз, ойнайсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл ой мен қиялын дамыту мүмкін емес. Сондықтан, балабақшалардағы саз жетекшілері сазды эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік стандартқа сай бағдарламаға сүйеніп, қызықты да, көңілді өткізуге тырысады. Еліміздің балабақшаларында тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақта небір майталман өнер иелерінің шығуы әбден мүмкүн.

Музыкалық эстетикалық тәрбие сұлулықты, көркемдікті сезінуге баулу, сезініп қана қоймай оны өз бойына қалыптастыра білудің әдет дағдыларын меңгеру.

Бала музыканы тыңдап, әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдында елестете отырып өзінше қабылдайды. Мысалы, бала салтанатты адымдап келе жатқан сарбаздарға, маң маң басқан аюға, үркек қоянға т.б тән бейнелі қимылды іздейді және оны өзі орындайды.
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер етеді. Олардың музыкаға деген көзқарас қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балаларды мазмұны бай әр түрлі шығармалар мен таныстыра отырып, біз, оларды түрлі жағымды әсерлерге бөлен білуге баулимыз. Музыка мектеп жасына дейінгі баланың мінез құлқына, рухани дамуына әсерін тигізеді.

Өнерге жақын балын жігерлі күш қимылды қажет ететін ән, би немесе түрлі ойындарда музыкаға бағынып, қимылдай білу қажет. Мұның өзі бала бойындағы ұстамдылықты, ерік жігерді жетілдіреді. Сөйтіп, музыка баланың жеке басындағы қабілетін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызып, жалпы өнерге деген қызығушылықтың алғашқы түп негіздерін қалайды.

Музыка қабылдау ақыл ой үрдісімен де тығыз байланысты, яғни, музыка арқылы балалардың дыбыс үніне зейіні, байқағыштығы, тапқырлығы жетіледі. Балалар дыбыс үніне құлақ салғанда ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнәмен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшіліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйреніп, өз сезімін білдіреді.
Баланың эстетикалық және ақыл ой тұрғысынан жетілдіре отырып,оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін, қиялын жандандырып барынша демеп, қолдап отыру керек.

Өнер баланың әлемді тануына, халықтың мәдени бай мұрасынан сусындауына мүмкүндік береді. Балабақша бүлдіршіндерінің өнерге деген құштарлығын арттырудың берден бір жолы сазды әуен мен сиқырлы күйдің, әсәресе, ұлттық аспаптардан домбыра мен қобыз үнін тыңдап, олардын музыка сырын түсіне білуіне жол ашу.

Біз балалардың қабілетін дамыта отырып, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін  де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудамыз.

Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге, шығармашылыққа баулитын кезең – ол балабақшадан басталмақ. Өсіп келе жатқан жас буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен әуендегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай туындыларда кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі – музыка мен ән.
Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез - құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге баулитын кезең – балабақшадан басталмақ. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка сабақтары балаларды жан - жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыка тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.

«Ақбота» бөбекжай балабақшасында ән сабағының өтілу кезеңі бірнеше бөлімдерден топтастырған:
- Кіріспе бөлімі
- Музыкалық ырғақты қимылдар
- Ән тыңдау
- Ән үйрету
- Билер
- Ойындар
Балабақшадағы ән сабағының өткізілу бөлімдеріне қысқаша тоқталатын болсақ:
-    Кіріспе бөлімде балалар саз залына көңілді әуенмен немесе вальс әуенімен, немесе марш музыкасымен кіреді. Осы музыкамен балаларды музыка ырғағына ілесіп жүруге, әр жанырдағы ырғақтың өзіндік ерекшеліктерін айыра білуге үйретеміз. Шеңбер бойымен жүреді, содан кейін тоқтайды да саз жетекшісі балалармен амандасады, балаларда әуенмен жауап беріп амандасады.
-    Музыкалық ырғақты қимылдарда балалар шеңбер бойымен жүріп әр түрлі қимылдар жасайды. Яғни мынадай қимылдар жасайды: Күн сәулесін бейнелейді, құс болып ұшу қимылы, жеңіл жүріс, әр түрлі би қимылдары және т.б.
-    Ән тыңдау бөлімінде жекелеген музыкалық үндерді және тұтастай музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды ажырата білуге жаттықтырамыз. Ән тыңдауды да жас ерекшеліктеріне қарай және тақырыпқа сай таңдап алу. Дыбыстардың биіктігін, ырғағын, музыкалық бояуын және дұрыс тыңдап, қабылдай білу қабілетін дамытамыз. Дыбыс биіктігін, дыбыс бояуын, музыканың басталуын және аяқталуын аңғаруға жаттықтырамыз. Осыдан кейін үйренетін әнді ең алдымен балаларға таныстырып өту яғни әнді әнімен айтып беру, кейін әнің сөздерін үйрету яғни үйретуге кірісу.
-    Ән үйрету бөлімінде балаларды ырғағына келтіре, әдемі ән салуға тәрбиелейміз. Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береміз. Балаларды хормен ән айтқызып жаттықтыру арқылы, оларды ортақ сезімге бөлендіріп, өздерінің әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіреміз, жауапкершілікке, шығармашылыққа ұйымшылдыққа баулимыз. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Жеке дауыста ән айта білуге, әндерді есте сақтай білуге, музыкалық шығармалардың құрылысын түсіне білуге тәрбиелейміз. Ән үйретуді де жас ерекшеліктеріне қарай және тақырыпқа сай алынады. Осы арқылы әр баланың әнді қалай айтатынын икемі бар екенін және жоғары төмен дыбысты қалай алатынын біліп сол балаларды шығармашылыққа дайындап үйрету.
-    Би бөлімінде музыканың әуен - ырғағымен орындалатын арнайы жаттығулар жасату арқылы музыкалық ырғақты сезінуін қалыптастырамыз. Әуен сазын түсініп, сәнді қимылдар жасай білуге үйретеміз. Дене жаттығуларын музыкалық әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандырамыз. Би қимылдарын жасатып, мүсін сымбаттылығын қалыптастыруды көздейміз. Оларды билеткен кезде бірдей бір келкі жасауға үйретеміз яғни баулыймыз.
-    Ойын арқылы балалардың музыкалық қабілеттерін арттырамыз. Ойынды
дұрыс және мәдениетті ережесімен ойнауға үйтеру. Сап түзеп жүруге, дене бұлшық еттерінің ширауына да әсерін тигіземіз.
Мен өз тәжірибемде осы жағдайларды ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай музыкаларды ұнататынын білуге көңіл бөлемін. Көбінесе балалар ойнақы әндерді және марш екпінді музыканы ұнатады. Ойын нәтижесінде олар музыканы терең түсіне бастайды, ең бастысы – музыканы қабылдау, есте сақтау қабілеті артады, дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы қалыптасады. Сол әуендерге қимыл жасауды ұнатады. Әрине, адам туа оқып болмайтын сияқты барлық балалардың музыка тыңдау және қабылдау қабілеттері де туа бітпейді. Ол жүйелі түрде істелетін жұмыстардың нәтижесінде, біртіндеп қалыптасатын процесс.

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№36 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы КМҚК, музыка жетекшісі
Сейдахметова Нурайша Молдашовна



Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)