Бұрыш

 

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.4 B       Мектеп:

Күні:                                                                    Мұғалімнің аты-жөні:Туккулиева Ж.А. 

Сынып: 5                                                            Қатысқандар:    Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.3.3.3. бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға  берілген есептерді шығару;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Бұрыштарды салыстырады

Басым бөлігі: Транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшейді.

Кейбір оқушылар:Бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға  берілген күрделі есептерді шығарады.

Бағалау критерийі

1.Бұрыштың түрлерін ажыратады.

2.Бірнеше бөлікке бөлінген бұрыштарды транспортир көмегімен салады,анықтайды.

3. Бұрыштардың өмірдегі қолданысын,маңызын бағалайды.

Тілдік  мақсаттар

Негізгі сөздер: транспортир, градус ,бұрыш, сүйір, доғал,жазыңқы.

Сөз тіркестер: транспортир шкаласы, градус өлшемі. Сыныптағы диалог үшін қажетті сөз тіркестері:бұрыш, төбе, бұрыштың градустық өлшемі.

Құндылықтарға баулу

 

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру,тәжірибеде қолдана алу, зерттеу. «Мәңгілік Ел» идеясының «Тарих,мәдениет пен тіл» құндылығы.

Пәнаралық байланыс

Сызу, тарих.

Алдыңғы білім

Бұрыш, бұрыштың шамасы, бұрыштың түрлері, транспортирмен бұрыштарды өлшеу және салу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

  1. «Жылы сөздер» тренингі арқылы сыныпта жағымды психологиялық жағдай орнату.
  2. Топқа бөлу.

Оқушыларды 4 топқа бөлеміз: «Сүйір», «Доғал», «Тік» , «Жазыңқы» бұрыш топтары. Оқушылар  үстел үстінен градустық өлшемдері жазылған  карточкаларды алады. Сол градус өлшемдері бойынша топқа бірігеді.

Бұрыш тақырыбы бойынша сұрақтар. (Доп лақтыру әдісін қолданамыз.)
1) Бұрыш дегеніміз не?
2) Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?
3) Бұрыштың қабырғалары, төбесі деп нені айтамыз?
4)Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады?
5) Доғал бұрыш дегеніміз не?
6) Транспортир не үшін қажет?
7) Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз?
8) Тік бұрыштың градустық өлшемі неге тең?
9) Толық бұрыш неше градусқа тең?
10) Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз не?
11) 180 градустың жартысы қандай бұрышты білдіреді?
Үй жұмысын тексеру.

Бағалау критерийі:

Оқушының қажеттілігін анықтаймын.

Қалыптастырушы бағалау: Қалыптастырушы бағалау: смайликтер арқылы бағалау

 

Градустық өлшемдері жазылған  карточкалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Кім жылдам? Жұптық жұмыс

 Берілген бұрыштардың өлшеп, градустық өлшемдерін жазыңдар?

 Бағалау критерийі:

  1. Суреттегі барлық бұрыштарды өлшейді
  2. Градустық өлшемдерін анықтайды
  3. Бұрышты белгілейді және математикалық тілде жазады.

Қалыптастырушы бағалау: стикерлер арқылы бағалау

 

Оқушылар бұрыштардың өлшемдерін қолдарымен көрсетеді.

Оқулықпен жұмыс.  «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы арқылы

 Сағаттың минуттық тілі мен сағаттық тілі қандай бұрыш жасайды?

І топ:  17:35, 10:17.               ІІІ топ: 15:55, 17:42.

ІІ топ: 11:05,   16:52.            IV топ: 20:15, 23:27.

 

Бағалау критерийі:

логикалық тапсырмаларды көзге елестету арқылы бұрыштың градустық өлшемін табады

 

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер арқылы бағалау

- өте жақсы;  -жақсы; -қанағатты.

 

 

Үлестірме материалдар, смайликтер

 

Оқулық «Математика»

5 сынып

А.Е.Әбілқасымова,

Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлов. Алматы «Мектеп» 2017

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 «Сіз қаншалықты сенесіз?»

Мұнда дұрыс жəне дұрыс емес тұжырымдар, түйінді сөздер беріледі.

1.

Бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигураны бұрыш деп атаймыз

иә

2.

Градустық өлшем дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін санды айтады

иә

3.

Бұрышты құрайтын сәулені бұрыштың төбесі деп атайды

жоқ

4.

Қабырғалары қарама-қарсы сәулелер болатын бұрыш жазыңқы бұрыш болады

иә

5.

Тік бұрыштан үлкен, бірақ жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады

иә

6.

Бұрыштың қабырғалары кесінділер болады

жоқ

7.

Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін градусник қолданылады

жоқ

8.

Толық бұрыштың гралустық өлшемі 1800-қа тең

жоқ

9.

Кез келген доғал бұрыш сүйір бұрыштан үлкен

иә

10

1790 доғал бұрыш.

иә

 

 

Бағалау критерийі:

  1. «дұрыс» немесе «дұрыс емес» сөздерін жазу арқылы оқушылар ойларын жүйелейді
  2. жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: «Плюс+» «минус-» әдісі

«+»-дүрыс жауапқа; «-»-қате жауапқа қою

Үй тапсырмасы: №878, №879.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

«Бағалау ағашы»
Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Гүл – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Жапырақ – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

 

 

 

 

 

КРИТЕРИЙ

ДЕСКРИПТОР

1.Бұрыштың түрлерін ажыратады.

2.Бірнеше бөлікке бөлінген бұрыштарды транспортир көмегімен салады,анықтайды.

3. Бұрыштардың өмірдегі қолданысын,маңызын бағалайды

 

 

1. Бұрыштың анықтамасын және элементтерін біледі. (1)                                                       бұрыштардың түрлерін ажырата алады.(1)

2. транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшей алады.(1)

 берілген бұрыштарды сала алады.(1)

3.Бұрыштың градустық өлшемін табады, бұрыштарды салыстырады (1)                                      берілген күрделі есептерді шығарады.(1)

 

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз ?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар бірлесе отырып топпен жұмыс жасайды. Олар бір – біріне көмек көрсету арқылы есептерді бірлесіп шығарады. Ал баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұранамын.

Оқушылардың топтық жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін  кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу.

Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

 

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін. 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кездерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)