Өлең, жыр, ақындар

Жасыл шырша жанында би билейміз, әндетіп

Муханбеткалиева Багила Кабдешовна
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

«Жасыл шырша жанында би билейміз, әндетіп»
(Ертеңгілік сценарийі)

Балалар музыка әуенімен залға кіреді, мишуралармен қимыл қозғалыстар жасайды.
Жүргізуші:
Армысындар халайық,
Бармысындар халайық,
Жаңа-жылда жұп - жазбай
Бірге қарсы алайық!
Аружан:
Жана - жылмен, жана - жылмен,
Құттықтаймыз әрине,
Әкемізді, анамызды
Қонақтардын бәрінде.
Бексұлтан:
Жана жылда алдағы,
Көңіл өсіп кенейсін.
Ортақ ойы, арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін!
Төрегелді:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет жана жыл
Бізге қутты жыл болсын.
Ән: «Шыршамызға арнаймыз»  (Балалар орындарына отырады)
Жүргізуші:

Балалар тақпақта айттық, әнде салдық, күткен қонақтарымыз келмей жатыр
(Мыстан кемпір келеді)
Жүргізуші: Тоқта, тоқта сен емес біздің күткен қонағымыз.
Мыстан кемпір: Менсіз өздері шырша тойын тойлап жатыр ғой, мені неге шақырмайсыңдар а? Мен сендерге көрсетемін, тойлаған қандай екенін. Мына шыршаларыңды шауып алайын ба?
(Сол кезде шыршада ілініп тұрған кілтті көреді)
Мен шыршаға тимей - ақ осы кітті алып кетейін, алып барып сандықты ашайын да, бүкіл сыйлықтарды өзіме алып қояйын.
(Мыстан кемпір кетіп қалады)
Жүргізуші: Мыстан кемпір мерекемізді бұзды ғой, көмекке кімді шақырамыз? Кәне балалар, Аяз - ата мен Ақшақарды шақырайық.
(Аяз - Ата мен Ақшақар келеді)
Аяз - Ата:
Уа жұртым жиналған,
Жаңа - жылмен, жаңа - жылмен
Құттықтаймын бәріңді,
Айналайын ұлдарым мен қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысып,
Асау желмен жарысып.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Жүргізуші:
Аяз - Ата алыстан шаршап келдіңіз ғой, отырып дем алыңыз, біздің балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.
Алихан:
Кәне балақай байқашы,
Мән беріп бір қарашы.
Достарыңда барлығыда.
Үлгерді ме санашы.
Жансая:
Кел, жаңа - жыл, жаңа - жыл,
Қарсы аламыз біз сені.
Ақ көңілмен, пәк пейілмен,
Баршамыздың төрінде.
Айзада:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Нәбиден:
Тауда туып тауда өскен,
Шырша келді ортаға,
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Ән: «Аяз - Ата»
Жүргізуші:

Ән салдық, тақпақ айттық, кезекті ойынға берейік.
Ойын: «Аппақ қарды жасайық»
Балалар:

Қалып қойдың шенберде
Жібермейміз ешқайда,
Шығармаймыз біз сізді,
Ойнағымыз келеді.
Аяз-Ата:
Мен тышқан болып өтемін
Ұшақ болып ұшамын.
Су болып ағамын,
Құс болып ұшамын.
Босатыңдаршы мені не қаласаңдар соны орындаймын.
Балалар: Билегіміз келеді.
Аяз - Ата: Ендеше билейік.
Би: «Қырау қозғалысы» (әуенді қозғалыс)
Жүргізуші:
Біраз ойнап. Билеп, шаршап қалған шығарсыз Аяз - Ата отырып дем алып тақпақтар тыңдаңыз.
Айым:
Тақпақтарды жаттадық,
Би де үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
Елдар:
Сағынып Аяз - Атамыз,
Оралды міне тағы да.
Билеп, өлең айтамыз,
Бізге сыйлық берсін деп.
Нияз:
Бізбен бірге ән салып
Бірге ойнайды атамыз
Тамашаға тамсанып
Ризамыз баршамыз.
Рәсім:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз - Ата оралып.
Дильназ:
Бізбен бірге ойнады
Жаңа - жылды тойлайды,
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды.
Дария:
Келді міне жаңа – жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп, ойнап би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Ән: «Игра в снежки»
Жүргізуші: Ақшақар өзінің кішкентай сіңілілеріңді биге шақыра ғой.
Асылзат:
Әуеледі әніміз,
Жаңа кірді сәніміз.
Ақшақарды ортаға алып,
Би билейік бәріміз.
Би: «Ақшақарлар»
Жүргізуші:Аяз - Ата біздің балалар ағылшын тілінде тақпақтар айтады
Жүргізуші: Аяз - Ата бізің балалардың бәріде өнерлі, енді ұлдардың биін тамашалаңыз.
Би: «Көңілді қозғалыстар» (жалпы ұлдар)
Жүргізуші: Аяз - Ата мыстан кемпір келіп, біздің сандығымыздын кілтін алып кетті, енді не істейміз? Мыстан кемпірді сыйқырлы таяғыңызбен мейірімді болсын деп сыйқырлаңызшы.
(Мыстан кемпір 1-2-3 рет айналады да меірімді болып, кілтті береді, балалар кешіреді)
Жүргізуші: Аяз - Атаға рахмет айтайық, ол кісі болмаса біз сыйлықсыз қалатын едік. (Кілтті алып шыршаның астынан сандықты алып сыйлықтарды көрсету)
Жүргізуші: Аяз - Ата мен Ақшақарға рахмет айтайық, келесі жылға дейін хош сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті Ата - Аналар, қонақтар осымен жана - жылдық ертеңгілік аяқталды. Назарларыңызға рахмет.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз