Ток күші. Амперметр

Сабақтың тақырыбы: §38. Ток күші.Амперметр.Сынып: 8А

Пәні: физика

Мұғалім: Нұрғазиева Жазира

№22 мектеп, Қарабұлақ ауылы

   

     Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, өлшейтін құралы жайлы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Ток күші, және өлшейтін құралды түсіндіре  отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.

 

    Сабақтың типі: Аралас сабақ

    Сабақтың түрі: дәстүрлі

   Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру,есептер шығару.

   Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сематикалық карталар,үлестірме карточкалар,амперметр,ток көзі, кілт, сымдар,шам.

Пән аралық байланысматематика,  сызу

 

   Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі:   Әк1 а) Сәлемдесу,түгелдеу.

                                     б)Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.

                                  в)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

                                                      с)«Қар лақтыру» әдісі

 

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру кезеңі:   Әк2 – Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы сұрақтар беремін.

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарды ата.

3.Токтың жылулық әрекетіне қандай аспаптар жатады?

4. “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не?

(өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз)

5. Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата.

6. Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз.

7. Электрометрмен нені өлшейді?

8. “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді?

9.Гальвани элементінің шартты белгісін сызып көрсет.

10.Ток ұру дегеніміз не?

 

 

 

 

  ІІІ. Білімін тексеру кезеңі:  Әк3 – Оқушылар сематикалық картадағы физикалық шамалардың формулалары мен өлшем бірліктерін толтырып шығады.

 

 

Жауабы:

Шама аты

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

 Сыйымдылық

С

 C=q/U

 Ф(Фарад)

 Заряд

q

 q=CU

 К(Кулон)

 Жұмыс

А

 A=qU

 Дж(джоуль)

 Кернеулік

Е

 E=F/q

 В(Волть)

 Кернеу

U

 U=A/q

 В(Волть)

 Кулон заңы

F

 F=k*q1*q2/Ԑr2

 Н(Ньютон)

 

IV. Мақсат қою кезеңі:  Әк4 – оқушылар білуі,үйренуі тиіс.

  • Ток күшінің тұжырымдалуын;
  • Ток күшінің формуласы мен өлшем бірлігін;
  • Ток күшінің үлестік және еселік бірліктерін;
  • Ток күшін өмірмен байланыстыра білуі;
  • Ток күшін өлшейтін құралды білуі;

V. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Әк5 Оқушылар осы тақырыпты өздері оқи отырып ,бір-біріне түсіндіреді. «Джигсо әдісі». Оқушылар түсіндіріп болғаннан соң өзім толықтырып өтемін.

  Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі. 

Көлденең қимасының ауданы S өткізгіште электр өрісінің әсерінен еркін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады деп алайық. Барлық заряд тасымалдаушылардың қозғалысы реттелген болғандықтан,өткізгіш бойымен электр тогы жүреді.Бұл кезде  әр секунд сайын өткізгіштің кез келген  қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын  қандай да бір  заряд өтеді.
 Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атаймыз:

 

I = q/t

 

                                                                             q=It;         t=q/I;

 

Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші ампермен (А) өрнектеледі.Француз ғалымы А.Ампердің құрметіне алынған.

                              1А=1Кл/с


 1 ампер – вакуумде бір – бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші. Мұндай ток ұзындығы өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10-7Н-ға тең өзара әрекеттесу күшін тудырады.

  Әлсіз және күшті токтарды өлшеу үшін ток күшінің  үлестік және еселік бірліктерін

қолданады:

1 мА = 10-3А
1 мкА = 10-6А
1кА = 103А

Ток күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды.

 

Амперметрдің шартты белгісі         А                         

 

Амперметрдің екі қысқышы бар: «+», «-». «+»қысқышын  ток көзінің оң полюсінен келетін өткізгішпен жалғайды.

VI.Сабақты бекіту кезеңі: Әк6 – Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы есептер мен сұрақтар беріледі.

1. Мөлшері 2000 мА, 100 мА, 5кА, 3кА болатын ток күшін ампермен өрнектеп көрсетіңдер.
Жауабы: 2000 мА = 2 А, 100 мА = 0,1 А, 5 кА =5000А, 3кА = 3000 А
 2. Қыздыру шамы арқылы 0,4 А ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?

3. Ток күші 0,5 А болғанда, 20 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?

4. Ток күшінің формуласы?

5. Ток күшін  қандай әріппен белгілейміз?

6. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 минут сайын 42 Кл-ға тең электр заряды өткен кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер.

7. Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?

8. 1 сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?

9.Ток күшін өлшейтін құралды  құралды қалай атайды?

10 .Тізбекке 2 минут қосылған,ток күші 12 мА гальвонометр катушкасына қанша мөлшерде электр заряды өтеді?

VII. Жаңа сабақтан түсінігін тексеру: Әк7 – Амперметрді ток көзіне тізбектей жалғайды.

V III. Үйге  тапсырма:

 §38. Ток күші. Амперметр,оқу,түсінік айту.

      А.Ампер өмірбаянына реферат жазу.

Оқушыларды бағалау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)