Біріккен жұмыс

Саран қаласы, №16 жалпы білім беретін
мектептің бастауыш сынып мұғалімі:
Бекетова Динара Аманжоловна

Жоба тақырыбы: «Біріккен жұмыс»
Мақсаты: Балаларды оқытуда жаңа технологияларды қолдана отырып, біріккен жұмыс жасай білуге қалыптастыру.
Міндеттер:
- Балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- Ынтымақтастықтарын терең қызығушылықтарын арттыру;
- Тақырып бойынша әдебиетттер саралау жұмысы және ізденіс түрлерін қарастыру;
- Оқушылардың рефлексивтік ойлануына, қарым-қатынас біліктігі,
- Біріккен жұмыс түрлерін анықтау.
- Бірлескен жұмыс барысында  кедергілерді анықтау;
Кіріспе. Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. (К.Д.Ушинский)
Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Ол сабақтың кіріспе бөлімі яғни, »ынтымақтастық атмосферасын құру» кезеңінен басталады. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Баланы ынталандыру үшін түрлі мотивациялық бейнероликтер мен ситуациялық суреттер қолдануға болады. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Сонымен қатар,оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін–бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сұраққа жауап беру кезеңінде топпен бірлесіп жұмыс жасауы өте тиімді.
Негізгі бөлім: Бірлескен оқудың мәні ынтымақтастық оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген,оқу қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынандай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес,құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көз қарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарпшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясына шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әр түрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қармастан, басқа оқу нысанында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын тотарда жұмыс іститін оқушылар, әдетте, оқылатын нәрсе туралы көбірек біліп соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда жұмыс іститін оқушылардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатын сияқты болып көрінеді.
Қорытынды  
Сабақ күнделікті сабақ жоспары бойынша жоспарланған. Сабақ оқушылардың таным қабілеттері мен зейіндік даму деңгейлерін арттыру барысында ақпаратты технологиялар негізімен сәйкестендіріліп жасалды. Оқушылар интерактивтік тақтамен жұмыс жасады. Сабақ басынан аяғына дейін сол тақтамен жұмыс жасау барысында жүргізілді.
Қазіргі таңдағы заманауи сабақтарда мұғалім-оқушы-мұғалім деген ұранды басшылыққа алу барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятудағы ең тиімді фактор ретінде оқытудың жаңа технологияларының элементтерін пайдалану ең басты міндет болып табылады.
Осындай жұмыс түрлері оқушылардың дүиетанымын, зейіндік ойлау қабілеттерін оятып қана қоймай, оларды қызықтырады, ойландырады әрі өз бетімен жұмыс жасауға бағыттайды.
Сабақтың негізгі қүрылымы оқытудың коммуникативтік тәсілдерін басшылыққа алудағы басты себеп, әртүрлі деңгейде ақпаратты қабылау болып табылады.
Жұппен жұмыста (шығармашылық тәсілде) - өз бетімен сөйлеуге, сене білуге, басқаға кезек бере білуге, ақпаратты дұрыс қабылдай алуға, жалпылама бір шешімге келуге бағыттайды.

Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep

Мұғaлiмгe apнaлғaн нұсқayлық «Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeптepi» ДББҰ Пeдaгoгикaлық шeбepлiк opтaлығы, 2014

 



Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)