Өлең, жыр, ақындар

Сөз таптары. Бекіту

Мектеп: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты ЖОББ мектебі

Сынып: 3

Мұғалімі: Джауенова Жанна Сериковна

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз таптары. Бекіту.

Мақсаты: 7 модульдің ықпалдасуы арқылы сөз таптары туралы білімдерін бекіту. Алған білімдерін келешекте өмірде пайдалануының  қажеттілігін ашуға жағдай жасау. Өзіндік бағалауда нақты деңгейін анықтауға бағыт беру.

Міндеттер: Алған білімін өмірде пайдалану, өздігінен шешім қабылдай отырып жұмыс істеуге, тапсырманы ұқыпты орындай білу: өз бетінше іздене білу.

Ресурс: Интербелсенді тақта, тапсырма жазылған таратпа қағаз, түрлі-түсті стикерлер, маркерлер, көңіл-күйді білдіретін стикер.

Модуль: Білім беруде АКТ-ны пайдалану, «Білім берудегі басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: «Ойлаң, жинақта, дәлелде» стратегиясы, «Ойлаң, орында, тексер» стратегиясы, «Ойлаң, бөліс» стратегиясы, сергіту сәті, өзін-өзі бағалау, топты бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек», рефлексия.

Барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық  атмосферасы

2 минут

Қарсы алайық қонақты жылы  жүзбен

Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Топтағы жұмыс істеу ережесі:

-тыңдау білу;

-қолдау көрсету;

-уақытты үнемдеу;

Топтарға  бөліну: зат есім, сын есім, етістік, сан есім

 

- Топтық  жұмыста;

- Белсенді  қатысамыз;

- Білгенімізді  көрсетуге  тырысамыз.

                                                        

Өткен материалға  шолу

5 минут

 

 

 

 

Әр топ сөз таптары туралы  білімдерін  жинақтауды ұйымдастыру.

Қорытынды:

 - Негізгі неше сөз таптары бар?

 

Дәптерде жұмыс: күні, көркем жол

Әр топ берілген сөз таптары туралы білімдерін  жинақтайды

 

Жапондық бағалау

      

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

1-стратегия

«Ойлаң, жинақта, дәлелде»

    Елу жеті, қызыл, көшті, жапырақтар, таулар, жүз, шыдамды, үшінші, жинап жүр, жануар, жұмсақ, Алматы, тоғыз, еңбекқор, құйды, сақтады

Сөз таптарын анықтау үшін не білу  керек?

2-стратегия

«Ойлан, орында, тексер!»

Әр  топқа  бір сөзден  беріледі.

   І топ          қалам 

   ІІ топ          дос

   ІІІ топ        әке

   IV топ        апа

Сол сөздерді тәуелдеу.

Зат есімдердің тәуелденуін не үшін білу  қажет?

  - Тәуелденген сөздермен сөйлем  құрастырайық.

Дәлелдеу

Сан есім    Сын есім    Етістік   Зат  есім

елу жеті        қызыл      көшті         жапырақ

жүз           шыдамды     жинап жүр     таулар

үшінші         жұмсақ      құйды          жануар

тоғыз          еңбекқор    сақтады        Алматы  

 

Ережені

 

Берілген сөздерді тәуелдейді

Әр топ тексереді, жұлдызбен бағалайды

 

Сергіту сәті

2 минут

 

Қуаныш, шаттық, ризашылық, өкініш сөздер беріледі, мимика, дыбыстау  арқылы берілген сөздерді жасырады.

 

Ой толғаныс

Талдау

Қолдану

12 минут

 

 

3- стратегия

«Ойлан, бөліс!»

Әр топқа тапсырма беріледі.

І топ.  Кез келген жекеше  түрде тұрған зат  есімдерді (3) көпше  түрге  айналдыру.

ІІ топ. Туынды сын есімдерді жаз (3).

ІІІ топ. Болымды  етістіктерді (3)  болымсыз  етістіктерге айналдыру.

IV топ. Есептік сан  есімдерді (3) реттік сан есімдерге айналдыру.

Орындағаннан кейін әр топ бір оқушыны  таңдап келесі топқа жұмыстарымен  жібереді

 

 

Бірлесе отырып  орындау

Бір  оқушыны  таңдау

Жұлдызбен бағалау

 

 

Рефлексия

3 минут

Сабақ барысында қай кезеңдері ұнады

Постер толтыру

Бағалау

4 минут

Топты бағалау

Өзіндік бағалау

«Екі  жұлдыз, бір  тілек» әр топ бір бірлерін бағалайды.

Өзіндік бағалау парақша арқылы

Сөз таптары туралы ережелерді

Тапсырмаларды орындағанда ережелерді пайлана алдым

Білемін

Толық білмеймін

Білмеймін

Ия

Жоқ

Толық емес

 

 

 

 

 

 

 Үй тапсырмасы

1 минут

Сөз таптары тақырыбына байланысты жұмбақтар құрастырып келу.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер