http://a-brands.kz/

Жаңартылған білім беру бағдарламасы болашақтағы сапалы білім кепілі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын.

Осы орайда, жаңартылған білім беру бағдарламасы 2016-2017 оқу жылында 1 сыныпқа енгізілген болатын. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттей  бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Осы бағдарлама аясында, мен әдіскер ретінде 1 айлық курсты Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында білімімді жетілдіре отырып, іс-тәжірибемді толықтыруға мектептерге барған болатынмын. Аудандағы инновациялық мектепке барып зерттеу жұмыстарымды бастап кеттім.

Зерттеудегі мақсатым: Бұл бағдарламаның бізге берері- оқушыларымызға қандай пайдасы бар. Біздің оқушыларымыз бағдарламаны қалай меңгеріп жатыр, олардың қабілеттері, зейіндері қалай шоғырланған, ізденімпаз, зерттеуші қабілеттері бойларында бар ма екен соны білгім келді.

Жәнеде білім беру бағдарламасына өзгерістер не үшін қажет? -деген сұрақ көкейімде тұрды. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен таныса отырып, тәжірибе алмастық.

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің 1 сынып сабақтарына қатыстым. 1 «А» сыныбында барлығы -23 оқушы. Сауат ашу сабағы. Ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне тілек айтып сабақты бастап, 4 топқа бөлінді. Мұғалім – Бақытқызы Лаура апай сынама сұрақ, ашық сұрақ әдістерін пайдаланып, оқушылардан алдыңғы өткен сабаққа шолу жасалды. Мұғалім АКТ қолдану дағдысына оқушыларға аудиожазбаны тыңдатты. Аудиожазба арқылы оқушылардың есте сақтау деңгейі анықталып, жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім. Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты; 1.2.9.1.Әріпті тану, ажырату, және оны дыбыспен сәйкестендіру. Оқулықпен жұмыста өз мектептерімен салыстыра отырып түсіндірді және де ең алғаш мектеп ашқан кім дегенде оқушылар Ы. Алтынсарин деп жауап берді, барлығы Ы.Алтынсарин өлеңін айтып бергендері әсерлі болды. Топтық жұмыстарғаА әрпінен келетін жеміс-жидектерді, жануарлар атын, адам атын, қала аттарын атап сөйлемдер құрап, буынға бөледі. Мұғалім барлық топпен белсене жұмыс істей алады. Сабақты өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды ынталандыруға  жұлдызша таратып отырды. Қызықты тапсырма ретінде ата мен әжені бояуға берілді. Оқушылар өздерін еркін ұстайды. Әр топқа  А әрпінен келетін жануарлар немесе құстар таратылып, мақал-мәтел, сөйлемдер құрау, сипаттап беру, ертегі құрастыру сияқты тапсырмалар берілді.  4 топ оқушысы Асхат аққу туралы ертегіні өзі ойдан құрыстырды, ол оқушының шығармашыл екенін байқадым. Осы тапсырмада оқушылардың сөйлеу дағдылары дамыды, өз ойларын ашық айуға дағдыланды. Әр топ берілген тапсырманы белсенді орындап қана қоймай, бірін-бірі қол шапалақтап, бас бармақ арқылы әділ бағалайды екен.Жеке жұмыста дәптерге оқушылардың  әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазылғанын мұғалім жеке-жеке қадағалап бақылап отырды. Жақсы орындаған оқушыларға смайликтермен бағаласа, аяқтамағандарына ескертпе берілді. Сергіту сәтінде тиімді ұйымдастыра білді. Оқушылардың түсінген түсінбегенін білу үшін кері байланыс жасауға кеме, смайликтер таратылды. Түсінбеген оқушыларға қосымша тапсырмалар беріп, сұрақ қойылды. Мұғалім рефлекциясы : келесі сабақта оқушылардың жазылым дағдысына көңіл бөліуім қажет дегені қатты ұнады. Мен сабақ барысында өзіме түйгенім оқушылар жан-жақты дамыған, ұйымшыл, кері байланыс жасай алады, келесі топты тыңдай отырып, бағалай алады.Мұғалім сабақты жақсы ұйымдастыра білді және мақсатына жетті.

Ағылшын тілі мен орыс тілі сабақтарына қатыса отырып,  олардың тілдік құзыреттілігі өте жоғары екендігін байқадым. Ағылшын тілі сабағында түстерді еркін айтып, санап, кері санап отыр. Орыс тілі сабағында оқушылар диалогқа түсті.

Математика сабағындада оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын еркін орындай алады, геометриялық фигураларды танып, суреттерін сызып, сандарды салыстырып, амалдарды оңай орындап отыр. Сыныппен талқылау арқылы заттардың негізгі қасиеттерін тауып, өз бетінше зерттеуге жағдай жасады.

Критериалды бағалау қағидаттары тақырыбында әріптестермен бірлескен білім ортасында жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөлісу кәсіби тұрғыда шыңдала түсуіме көп ықпалын тигізді. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Сондықтан бағдарламаны жаңартып, жаңа форматта сабақ беру оқушылар бойына технологияны меңгерген, тілдік құзіреттілігі дамыған, топта жұмыс жасай алатын, ізденімпаз, белсенді, шығармашыл оқушылар болып шығады екен. Бұл бағдарламаның берері мол екеніне көзім жетті. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс–тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу парызымыз деп білсек. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  мектептерге де енгізіліп, мұғалімдер жақсы қарқынмен, іздене отырып жұмыс жасап жатқандығы қуантады.

Егерде осы қарқынмен оларды дамыта түссек болашақта біз жан-жақты дамыған идея генераторын тәрбиелеп шығарады екенбіз. Біздің болашақ ұрпақ – ХХІ ғасыр оқушыларымыз технологияны толық меңгерген. Олар өте мобильді, ақпаратты тез қабылдайды, зерттеуші, ізденімпаз.

Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жаңа білім беру  -  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Сырдария аудандық білім бөлімінің әдіскері Абдрасилова Айман


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)