Өлең, жыр, ақындар

Сандар әлемі

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасының КМҚК
тәрбиешісі Рахманова Гульмира Рахымжановна

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдете түсу, геометриялық пішіндерді тануға, тура және кері санауға, жаңылмай атауға ынталандырып, тапсырмалар арқылы ықпал ету, кеңістікті бағдарлайлай білуге, санның реттік таңбасының орнын есте сақтауға үйрету.

Дамытушылық: Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, шапшаң есептеуге қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Өзін жеке тұлға ретінде сезініп, берілген тапсырманы өздігінен орындап, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу. Бауырымдылыққа, адамгершілікке баулу.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге көп қонақтар келіпті, қане бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Балалар:

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар.

Тәрбиеші: Ал енді орнымызға отырайық.

Есік қағылады: Буратино кіреді. Сәлеметсіңдер ме балалар?

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Буратино, сен мұнда қайдан жүрсің?

Буратино: Ал, бұл жерде не болып жатыр?

Тәрбиеші: Біздің баларымыз мектепке барады, солардың білімдерің тексеріп отырмыз.

Буратино: Мен де мектепке барып едім, бірақ мені қабылдамады, маған көп тапсырма берді, мен сол тапсырмаларды орындай алмадым, маған орындауға көмектесесіңдер ме балалар? Сол тапсырмалар мына нөмірленген шарларда.

Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Ендеше мына қызыл шардағы тапсырманы тапсырмадан бастайық.

Тәрбиеші: Мына тапсырмада былай деп жазыпты. Санау тура және кері санау, 1-ден 10 - ға дейін, 10 - нан 1 - ге дейін. Санау үшін балалар гүлдерді пайдаланайық. Мына суреттегі айнаға тура санаймыз, ал мына айнаға кері санап санап қоямыз. Балалар сендер оң және кері санамақтар білесіңдер ме?

Балалар: Иә, білеміз.

Тәрбиеші: Аңсар мен Досбол бізге тура және кері санамақтарын айтып береді.

Тәрбиеші: Балалар біз сандарды тура және кері санап жатырмыз. Енді мына сурет бойынша реттік сандарды еске түсік. Суретте аңдар балмұздаққа кезекке тұр екен, осы аңдар нешінші боп тұрғанын айтайық. Балалар сандардың көршілерін білесіңдер ме? Балалар бірінші тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар.

Тәрбиеші: Енді келесі тапсырманы алып көрейік. Суреттер бойынша заттардың қайсысы көп - аз екенін анықтау. Есептерді құрастырып шығару. Мына жерде аңдарға жеміс-жидектерді үлестіруге көмектесу. Балалар сендер есептерді жақсы шығардыңдар, көп - аз екенін ажырата аласыңдар.

Тәрбиеші: Келесі шарда қандай тапсырма екен. Бұл жерде сергіту сәті. Ал, балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар бойларыңды жазып, буратинамен бірге серігіп алыңдар.

Сергіту сәті

Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойнына.

Тәрбиеші: Жасыл түсті шарымыздың тапсырмасын орындайық. Мына шарда бізге жұмбақ жасырыпты. Соны таба аласыңдар ма балалар?

Жеті бауыр туыспыз

Атымыз өзге демесең,

Жұмған жұдырық уыспыз. (Апта күндері)

Ал, бір аптада неше күн балалар? Апта күндерін атап беріңдерші? Біз балабақшаға неше күн келеміз? Неше күн демаламыз? Бір күнде неше мезгіл уақыты бар? Бір жылда неше ай бар? Әр жыл мезгілінде неше айдан бар?

Дұрыс балалар, ендеше «Не артық» ойынын ойнайық. Мына суретте жаз мезгілінің суреті, жазда мезгілінде не болмайды?

Тәрбиеші: Келесі шарымыздағы тапсырманы алып көрейік. Балалар бұл жерде кеңістікті бағдарлау екен. Сурет бойынша аюдың қай жерде орналасқанын айтып беріңдер. Иә дұрыс айтасыңдар. Балалар жуан - жіңішке, ұзын - қысқа, қалың - жұқа ұғымдарды айтып беріңдерші. Ендеше мына суреттерге көніл аударайық. Жақсы балалар енді тағыда ойын ойнайық. Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? Мына суреттер бойынша геометриялық пішіндерді топтастыру керек. Жақсы балалар сендер бұл тапсырманы да орындап шықтыңдар.

Тәрбиеші: Сары түстегі шарымызды алып көрейік. Логикалық сұрақтар беріліпті мұхият тыңдаймыз.

Екі мысықтың аяғы нешеу?
Екі киттің құйрығы нешеу?
Бес тырнаның мойны нешеу?
Үш сиырдың мүйізі нешеу?
Аулада бес үйрек, қорада бес үйрек, барлығы неше үйрек болды?
Ағаштың артында сегіз қоянның құлағы көрініп тұр, ағаштың артында неше қоян отыр?
Жан - жаққа кетті зымырап
Мысықтан қорыққан тышқандар
Қорапқа кірді біреуі,
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі?

Тәрбиеші: Ал, балалар сабағымызда аяқталып қалды. Балалар айтыңдаршы бізге кім қонаққа келді? Буратино сендерге не алып келді. Иә, Буратиноның шардағы тапсырмасын орындадық, сендер өте білімді екенсіңдер. Ал сендерге қай шардың тапсырмасы қиындау болды. Міне Буратино сенде енді біздің балалармен бірге мектепке баратын болдың. Балалар орнымыздан тұрып қонақтарға сау болыңыздар дейміз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз