Өлең, жыр, ақындар

Айлакер түлкі

Маликова Актоты Дулатовна
«Теміртау көпсалалы «МИРАС» колледжі» ЖММ
Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесінің оқытушысы

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдебиеттік оқу пәнінен сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Айлакер түлкі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түлкінің қыс ішінде өз жемін қалай тауып жейтіні жайында, оның пайдасы туралы әңгімелеу.

Дамытушылық: Түлкінің айлакерлігін ертегі,суреттер арқылы таныта отырып,оқушының ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Адам мен табиғат арасындағы қарым қатынасты сезіндіру. Қоршаған ортаны танып білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, ВЕНН диаграммасы, кейіпкер бейнесін сомдау.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу өнері, математика, тарих, география.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, мәтін, ватман, маркерлер, интерактивтік тақта, флипчарт.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: (мақсаты: кабинеттің тазалығы мен оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.)

Оқушыларды ынталандыру сәті. (Оқушылар аяқтарыңды сәл бүгіп, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа арқанды елестетіңдер, сол арқанға өрмелеп шығып барасың, биік шыңына жеттік, бүгінгі сабағымыз тек биіктен көрінсін!)

II.Үй тапсырмасын сұрау: (мақсаты: оқушылардың жинақтаған білімдерін, ой-пікірлерін еркін жеткізе білуіне ықпал ету)

Мұғалімнің сөзі:

- «Дүниетану» сабағында сендерді қоршаған ортаны,араласып жүрген табиғатты, ондағы жануарларды танысып жүрсіңдер.

-Өткен сабақта қандай тақырыптар өттік?( «Құстардың қысқа дайындығы», «Аңдар қалай қыстайды?»т.б)

*-шығармашылық тапсырма :

- Қазіргі елімізде жабайы аңдар мен құстарды қорғау үшін қорықтар ашылған. Қандай қорықтарды білесіңдер?

Оқушы сөзі:

(Қорықтар бейнебаян)

–  Қорықтар дегеніміз – тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен қоса сақтау;

Қазір Қазақ елінде 10 қорық пен 100-ден астам қорықшалар бар. Бұл ерекше қорғалатын аумақтарда «Қызыл кітапқа» енгізілген жан-жануарлар өсіріледі. «Қызыл кітап»ол сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Олар: Марқакөл, Ақсу-жабағылы, Алакөл, Алматы қорығы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қорғалжын, Наурызм, Үстірт т.б.

Қазір әрбір жабайы жануарлар дүниесі қорықты бақылаушылардың тікелей бақылауына алынған. Соның өзінде браконьерлердің шабуылы тыйылмай келеді.

Сонымен, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға біздің  де үлесіміз тию керек. Болашақта өсімдіктер мен жануарларды қорғаймыз деген сенімдемін.

III.Жаңа сабақ:

- Бүгінгі сабақтың мақсаты: (мақсатын айтып шығу)

Мұғалімнің сөзі:

- Міне балалар, осы қорықтың ішінде, Қазақстан жерінде тіршілік ететін жануармен танысамыз. 

Ой шақыру:

Сұрақ: -Түлкі дегенде ойларыңа не келеді? (қу, иісшіл, алдайды, өтірікші)

(«Түлкі»  бейнебаян)

Кітаппен жұмыс:

Күз кезінде түлкі тышқанды оп-оңай аулайтын еді. Қыс түсісімен тышқандар қар астына кетіп,оларды табу оңай емес. Түлкі өте иісшіл, саққұлақ, қырағы көз аң.

Ол қар астындағы тышқандардың сыбдырын, шиқылын тез ести қояды. Сол жердің қарын аяғымен аршып жіберіп, тышқанды тез-ақ ұстап алады.

Мұғалімнің сөзі:

- Түлкі тағы не жейді? (қоян, балық, тауық)

Тың мәліметтер:

Мұғалімнің сөзі:

- Осы түлкінің адамға да пайдасы бар. Түлкінің терісінен не тігуге болады?

(Оның терісінен құлақшын, жаға, етіктің қонышын тігуге болады.)

Мұғалімнің сөзі:

- Балалар, енді осы түлкіні қалай аулайды? (Итпен, бүркітпен, қақпан құру, мылтықпен, дәрімен аулайды)

        

Сегіту сәті:  

Таулар қандай  болады?
Биік, аласа  (қимылмен көрсету)
Қазақстанның даласы қандай?
Кең, үлкен (қимылмен көрсету)
Ормандарымыз қандай?
Бай (қимылмен көрсету)
Өзендеріміз қандай?
Жылдам, ағысты
Адамдарымыз қандай?
Қонақжай (қимылмен көрсету)
Біз қандаймыз?
Татумыз.

Мұғалімнің сөзі:

- Ендеше, ортаға орыстың халық ертегісі  «Түлкі мен қасқыр» атты көріністі дайындап келіпті, соны тамашалайық.

     

Ертеде бір шал балық аулап отырып, былай деп ән салады:

- Үлкен, кіші балықтар аулансын! 2-рет.Сөйтіп, көп балық аулайды да, шанасына мініп жүре жөнеледі. Оны көрген түлкі жолдың бойына өтірік өліп жата қалады. Өлген түлкіні көріп:

- О, жақсы болды ғой кемпірімнің тонына жаға тіккізіп берейін!-деп қуанғаны сондай, алды-артына қарамай шаба жөнеледі. Ал, түлкі болса балықтарды біртіндеп жерге түсіріп, өзі де түсіп қалады.

Қарны ашқан қасқыр, балық жеп отырған түлкіні кездестіреді.

- Сәлеметсің бе, түлеке, асың дәмді болсын!

- Мен өз асымды жеп отырмын, аулақ жүр!

- Ә, солай ма, қазыр мен сенің жазаңды берейін!

- Өзің аула да же!

- Мен аулай алмаймын!

- Мен саған үйретемін, соңымнан ер!

- Құйрығыңды суға сал да: Үлкен, кіші, балықтар аулансын..-деп әндетсең, көп балық түседі.

Қасқыр: «Үлкен, кіші, балықтар аулансын!» деп әндетіп таңға дейін отырады. Ал су болса қатты аязға қатып қалады. Сөйтіп, қасеке құйрығынан айрылған екен дейді.

Мұғалімнің сөзі:

- Міне балалар, бұл көріністен түлкінің қандай екенін көреміз? (Қу, айлакер, өтірікші екенін көреміз)

- Біреуді алдауға бола ма? (Алдауға болмайды, шындықты айту керек).

ВЕНН диаграммасы

 

Аңшы, адам, тіршілік иесі,                                                  аң, сұлу, иісшіл, саққұлақ,

сөйлейді, екі аяқты, ойлайды, оқиды,                              айлакер, қырағы, төзімді,                        

үйде тұрады.                                                                       жабайы, тіршілік иесі.

Қорытынды:

Үйге тапсырма: «Аңдар қалай қыстайды?» деген тақырыпқа өздерің әңгіме құраңдар.

- Балалар, табиғат, қоршаған орта, жер-бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да,адамға да жетеді. Сыйысып, сыйласып тату өмір сүрейік. Жануарларды қадірлейік!

Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Айлакер түлкі тағы бізге...

Бағалау: Біз бүгін не өттік? Не білдік? Не білгілерің келеді?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер