Өлең, жыр, ақындар

Әуе шарымен саяхат

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы
№5 "Ертегі" бөбекжайы
Саз жетешісі: Туканова Назгуль Салаватовна

Зал әдемі безендірілген. Орталық қабырғада әдемі, көркем алуан түсті шарлармен, ленталармен, шамдармен безендірілген үрмелі шар тұр.  
Жүргізушілер залға кіреді.

1жүрг: Армысыңдар ата-ана, қонақтар!
           Оқусыз өмірдің еш мәні болмас,
           Бақшамыздан талпынып қақты қанат
           Жеті жаста тәрбие алған әдепті жас.

2жүрг: Алдарында сан тарау жолдары тұр
           Түлектері жақсы оқушы болғалы тұр
           Мектеп – өмір есігін ашпақ, міне
           Келген қауым қол соғып қолда бүгін!

1жүрг: Қарсы алыңыздар! Ерекше жас түлектер! балалар әуенмен залға кіреді
- Атына заты келіскен азамат Ерсұлтан мен  мінезі салмақты, айналасына ардақты Аянатты қарсы алыңыздар! Біз сендерді биіктерден көрейік!
- Парасатты, әділдікке жақын Алаңгир мен жүзі жарқын, ақ көңіл, нәзік Жасминді қарсы алыңыздар! Өмірлерің нұрға бөленіп, жүректерің    шуақты болсын!
- Байсалды да сабырлы, жомартты Жәнібек Омар! Талабың таудай болып, өмірің бақытқа толы болсын!
- Ақылды, сыпайы, анасының көмекшісі Адина! Анаңның  жарқын жұлдызы бол!
- Тәптіпті, білімге икемді кітап оқуға құмарлы Сүндет пен  жүзі жарқын, ақ көңіл Даниялды қарсы  алыңыздар! Елгезек бол, ілгері бас! Шегінбе! Өмірлерің нұрға толы болсын!
- Ақылды,  айтқан нәрсені тез ұғып алатын,  мінезі салмақты, Камиланы қарсы алайық! Ата-анаңның жарқын жұлдызы болып, мақтанышына айнал!

1жүрг: Айналайын, балалар!
           Сендерде ой, сана бар
           Өздеріңнен өседі
           Өнершілер, даналар!

2жүрг: Қуан, шаттан, алақай!
           Қуанышты күн бүгін
           Балабақша, балақай
           Құттықтайды бір-бірін.

1.    Балабақшам бесігім,
Үлкен бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
Талай тойды өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.

2.    Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды-ой.
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып,
Біз  мектепке барамыз.

3.    Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызды қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз.

4.    Қуантып әрі қинайды
Бақшамнан алыс кеткенім.
Қажет қой бірақ білімнің,
Теңізінен өткенім.
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.

5.    Алма бақтай көгі толған,
Көбелектей гүлге қонған,
Бөлеңді баулап өсірдің
Балабақшам-бесігім!
Тәрбиешім, тілегіңмін
Шаттығысың жүрегімнің
Енді оқуға кетемін
Енді ұям – мектебім!

Ән  «Біз мектепке барамыз»
ән айтып болғаннан кейін балалар орнына отырады.
Кенеттен Залға фотоаппараты мен камерасы ілінген, қолында микрофоны мен газеті бар Үлкен кісі (Тамара)  кіріп келеді.

Корреспондент: — Кешігіп қалдым ба? Түүү бұл қалай сонда болғаны...?! Әкімшілікте экономикалық кризистен шығу отырысы туралы репортажымды жасағанша, Балабақшамен қоштасу ертеңгілігінен құр қалып қойдым!
Жүрг: — Алаңдамаңыз, құрметті Корреспондент мырза, біздің ертеңгілігіміз енді басталды. Балаларға қараңызшы, қандай әдемі, ата-аналарының  да қуанышы көрініп тұр.
Корреспондент фотоаппаратымен әр түрлі жерлерді түсіре бастайды:
— Онда барлығы дұрыс болыпты! Мен көңілді корреспондент, Мектепке сендерді шығарып саламын! Өз Микрофонымды қосып, Интервью аламын! Ал енді сурақтарыма жауап беріңіздерші.
·    Өскенде кім болғың келеді?
·    Ал сен кім болғың келеді? (барлығынан сұрап шығады)
·    Ата-аналар, сіз балаларыңыздың кім болғанын  қалар едіңіз?
·    Немен айналысқанды ұнатасың? (бір қыздан сұрау)- Билеуді! – Оооо онда көрсете аласың ба?

Танго (Аңсар Муһали Алина Арайлым)
биден кейін Алина мен Арайлым киінуге шығып кетеді.
Бір бала:
— Біз де билей аламыз!
Белімізбен майысып.
Даусымызды шығарып
Әндіде де  шырқаймыз!

Жеке ән «Сәлем мектеп»
 (корреспондент түсіреді).

Корреспондент: —Ой, жарайсыңдар! Ары қарай интервьюімізді жалғастырайық.
- Өскенде өз балаларыңды осы садикке алып келесің бе?
- Тәрбиешілеріңе не тілейсің?
- Үлкен болғанда Балабақшада жұмыс істегің келе ме?

Корреспондент: — Қызықты интервью бергендеріңе көп рахмет балалар! (қолдарын алады). Ал енді тұра тұрыңыздар! Барлықтарыңызды суретке түсіріп алайын! Күлеміз! Түсіремін! Енді суреттерді шығарып сіздерге сюрприз қылып әкелемін. Кездескенше! (шығып кетеді)
Жүрг 1: — Міне енді балаларымыз өсіп, мектепке барғалы жатыр... Білім алып, көп қызықты нәрсені білетін болады. Балалардың өскендеріне қарап, жетістіктеріне қарап, біз де балалармен  бірге ертеңгіліктерінде өлең айтып, би биледік. Қай жерде біз болмадық?! Біз Ертегілер елінде болдық, Көктем мен Күз ханшайымдары, Аяз ата барлығымен кездесіп, мерекелік кештермізді өткіздік. Енді алдарымызда ең қиын әрі қызықты сапар – ол Білім  еліне сапарға аттанайын деп тұрмыз. Бірақ ол жерге қалай жетіп алсақ болады екен...
Жүрг  2:— Бізде үлкен үрмелі шарымыз бекер тұрған жоқ... Сол шармен біз Білім еліне аттана аламыз!  Ал енді балалар! Кімде-кім жұмбақтың жауабын тауып, шешетін болса, сол осы Шармен Білімділер еліне баратын болады. Ал қанеки, көрейік, кім жұмбаққа жауап беретінін.

Жұмбақтар:
Бес қарға отырды шатырға
Оларға қосылды екі қарға
Тездетіп айтыңдар
Нешеуі отыр шатырда?

Кірпі орманда жүріп
Тапты саңырауқұлақтарды
Бес қайыңды, бір майлы
Нешеу болды барлығы?

Қайыңда неше алма өсіп тұр, егерде ода 5 бұтақ, ал әр бұтақта 2 алмадан өсіп тұрса?
Екі тышқанда неше құлақ?
Алты сиырда неше құйрық?
Не үлкен? 6 ма 9 ба?

Балалар:
— Үрмелі шармен ұшамыз,
Білімділер еліне.
Сапарға біз аттанамыз!
Көңілді балаларменен!

Звучит Песня «Мы летим над облаками»
Жылаған баланың дауысы естіледі...

Жүрг: — Ой, балалар, естіп тұрсыңдар ма? Шар бізді 4 жыл бұрын Мамаларың сендерді балабақшаға бірінші рет әкелген кездерге алып келген  сияқты ғой... Сол кез естеріңде ме? Еске түсіргілерің келе ме қалай болғанын?

Музыка ойналады, сәбилер тобының балалары кіреді.

1 Амина: 

Қош балалар! Сәт сапар
Бақытты бәрің болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар

2 Арнұр:

Бірге ойнап, бірге жүрген
Күндерімізді қимаймыз
Естелік болсын біздерден
Кітап, қалам сыйлаймыз

3 Айару:

Сендермен бірге өстік,
Көп жақсыны үйрендік.
Шығарып сап мектепке,
Құттықтауға біз келдік!

4 Жаңгир:

Өздеріңді ұмытпай
Есімізге аламыз.
Ұмытпасын деп әрқашан
Көңілді ән саламыз!
Барлығы: Әрқашан сәтті жол болсын!  
Сапарларың оң болсын!

Ән:

Жүргізуші  кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтарын таратады. Сәбилер кетеді.
Жүрг: Ия, біздің балаларымыз, балабақшаға келгенде кішкентай ғана еді, енді үлкен болып өсіп, Маһаббат деген нәрсенің де не екенін біледі!

«Алғашқы маһаббат» Алихан Інжу Жалғас

Жүрг: Рахмет балалар! Көрдіңіздерме? Біздің балалар барлығын біледі!  Жүрг2: Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың мектепте қандай бағаға оқитынын білгілеріңіз келе ме?

ОЙЫН «Баға алу» Ата-аналарға  көрсетпей 3-2-1 бағаларын салып қою керек.. Ата-аналар музыка тоқтаған кезде карточканы алып үлгеру керек. Алса – 3-2-1 деген бағалар....
Сол кезде залға Екілік (Гауһар) майысып кіріп келеді.

Жүрг 2: — Бұл Екілік бағасы ғой!
Екілік:— Ха-ха.. Сәлеметсіңдер ме балалар! Қалай екен менің жасаған Тосын сыйым? Ия-ия, ол мен барлық бағаларды ауыстырып тастап, балаларды 3-2-1 бағасына оқитындай қылып тастадым!  Мен әлемге әйгілі, сұлу, сүйкімді Екілік бағасымын!  Мектепте мен – Қожайын екенімді барлық оқушы біледі!
Кітапты оқығанша,
Басты қатырғанша
Сынасып көр менімен
Күші көп ең Кім екен?!     
Қанеки келіңдер балалар! Кім менің әйгілі Екіге оқитын балалар тобыма кіргісі келеді? Келіңдер, қуана-қуана қарсы аламын!    
Жүрг: Балалар, бізге екіліктер керек па?   
Балалар: Жоқ, керек емес!
Екілік: Неге  керек емес деп ойлайсыңдар? Әрине керекпін! Мен ең әдемі, бұралған, мойным сызылған Екілікпін. Барлық күнделіктерді өз бағаларыммен әдемі қылып, безендіремін. Менсіз өмір сүре алмайсыңдар! Өйткені мен – Супер звездамын! Менімен оқуларың жеңіл болады, тек ештеңке істемей, жалқауланып отырсаңдар болғаны.
Жүрг: Жоқ, рахмет, бізге Екілік керек емес. Қанша мың бұралып, сызылып тұрсаңда басыңда түгің жоқ! Бізге ондай баға керек емес.
Екілік: Ах... Мен мұндайды көтере алмаймын. (Маңдайынан ұстап) Қандай қатігез адам едіңіздер...  Балалар! Мені өздеріңмен бірге 1 сыныпқа аласыңдар ма?
Балалар: Жоқ!
Жүрг: Ах, солай ма?! Жәрайды. Мен сендерге әлі көрсетермін! (Кетерде «5», «4» бағаларын алып, «3», «2», «1» бағаларын залға шашып кетеді)
Жүрг1: Балалар, не істейміз енді? Екілік біздің «5» бағаларымызды алып кеткен сияқты ғой, енді мектепте қалай оқитын боласыңдар?! Ой-ой-ой Енді не істейміз? Кімнен көмек сұраймыз?
Жүрг2: — Бізге кәсіби Тыңшылар көмектесу керек. Соларды шақырайық!

Звучит музыка, входит сыщик (Тыңшы).

Тыңшы: — Так, менің уақытым аз. Клиенттерім көп. Қандай сұрақтарыңыз бар еді?
Жүрг: — Бізде балалар…
Тыңшы: — Бәрінде балалар бар. Не жоғалды?
Ведущий: — Құрметті  Тыңшы мырза! Бізде Бестіктер жоғалды, оларды Екілік алып кетті. Ал балалар мектепте онсыз оқи алмайды.
Тыңшы (записывает): — Так, балалар, мектеп, бестік, екілік. Екілікті іздейміз ба?
Жүрг: — Жоқ, Екілік керек емес!
Тыңшы (записывает): — Екілік керек емес... Ерекшеліктері.
Жүрг: — Кімнің, Екіліктің бе?
Тыңшы: — Екілік керек емес дедіңіз ғой, Бестіктің ерекшеліктері. Қандай ол?
Жүрг: Қалай айтсам екен... М-м-м... Әдемі, басында таяқшасы бар, мойны тік таяқша мен денесі дөңгелектеу келген...
Тыңшы: Мен түсінбей жатырмын. Ата-аналардан сұрайын. (Ата-аналардан «5» санын қандай екенін сұрайды, ата-аналар жауап береді)
Жүрг: Қазір сізге балалар «5» қандай екенін көрсетеді.

Ойын  «Лентадан «5» санын құрастыру»
қыздар көрсетеді, ұлдар киінуге шығып кетеді

Сыщик: — Так, барлықтарыңыз өз орындарыңызда болыңыздар, қозғалмаңыздар! Мен қарап шығайын (Залды, адамдарды Лупамен қарап, іздей  бастайды )
— Мен дұрыс келе жатқан сияқтымын. Аз қалды. Қазір өз көмекшілерімді шақырайын.

Тыңшылар биі.
Қыздар Жалмауыз кемпірлер биіне  киінуге шығып кетеді
Тыңшы балалармен «5» тауып, Жүргізушіге береді.
Жүргізуші рахметін айтқаннан кейін Тыңшы кетеді.

Ойын «Кім қандай бағаға оқиды»

Жүрг: — Енді барлығы жөнделген сияқты, «5» таптық, Екілікті қудық, ары қарай Сапарымызды жалғастырып, Білімділер еліне аттансақ болады.
Жүрг: — Қасыңда достарың болғандақыдырып, шет елдерге барып, елді, жерді көрген қандай жақсы....  Әсіресе ағылшынша сөйлеу білсең, саған барлық жол ашық болады ...

Ағылшынша сценка «About Dog»

Жүрг: Балаларымыз Шет елдерге барып, біздің Қазақ еліміздің қандай кең, байтақ, үлкен ел екенін көрсетіп, Қазақстан туралы барлығына мақтанышпен айтып, көрсетсе, біздің Арманымыз жоқ шығар....

Жалмауыз кемпірлер биі
Биден кейін қыздар киінуге кетеді

Жүрг: Ал енді балалар, біз бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын «9 және 10 санын құрастыр»

Корреспондент: — Мен кешіккен жоқпын ба? Ертеңгіліктеріңіз бітіп қалмады ма? Менің Тосын сыйым дайын. Бірақ мен бірінші ата-аналардан интервью алып алуым керек. Сіздер қорықпаңыздар. Тек мен қойған сұрақтарға қағаздағы сөзбен жауап берсеңіздер болды.
Жақын арада балаларыңыз мектепке барады. Оны оқуға дайындау керек, киімін алып, рюкзак кітаптарын дайындау керек... Оның барлығын сіздер білесіздер. Соны біз қазір ойланып көрейік, кім дайындалу керек екенін мектепке... Мектепке баратын кім? – Бала. – Дұрыс айтасыздар. Ал кім мектепке баруға дайындалу керек?


Ойын «Мектепке кім дайындалады?»
1. Кешке кім будильникті қояды?
2. Мектеп формасын кім тазалықта ұстайды?
3. Таңғы сағат 6-да кім тұрады?
4. Таңғы асты кім бірінші жейді?
5. Кім портфельді жинайды?
6. Әліппені күнде оқитын кім?
7. Шаршаған кезде жылайтын кім?
8. Егерде бала 2 алса, кім кінәлі болады?
9. Жиналыстарға кім барады?
10. Кім 1- сыныпқа баратын баланы мектепке апарады? (ағасы, тәтесі, мамасы, папасы, көршісі, барлық отбасы, Барсик мысығы, атасы, апасы…)
Корреспондент: —Енді түсінікті болды, кім мектепке барып, кім дайындалатыны...  Ал енді сіздерге дайындаған Тосын сыйымыз.

Қыздар мен әкелерінің биі

Жүрг: Ата-аналарға арналған біздің тағы бір ойынымыз бар

Ойын «Жұмбақ пен сөз құрастыр» әкелер шығады

Корреспондент: Бәрекелді, ал енді балаларға дайындаған тосын сыйлығымызды берейік!  (именные медали с фото: мисс Очарование, мистер Вежливость, мисс Внимательность, мистер Галантность..)

Ән «Балабақша «Ақмарал»

1    Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан,
Ақмарал апайға мың алғыс!

2    Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Лариса Владимировнаға мың алғыс!

3    Кулшат апай, Нүргул апай, Маржан апайлар
Біздің есімдерді
Соткаға енді жазыңыз!
Ақыл сұрап хабарлассақ,
Телефонды алыңыз!

4    Бізге үміт артасыз
Шығар деп әнші күйшілер
Үмітпен бізге қарайтын
Әйгерім апайға мың алғыс!

5    Суға түсіп, шомылып,
Бойымызды жаздық біз
Денемізді тік ұстап,
Сұлу болып өстік біз!
Элла Константиновнаға мың алғыс!

6     Балабақшам сүйікті
Ән салдырты билетті
Шынықтырып денемді
Шымыр болуға үйретті.
Ағылшынша  сөйлеуге, тілімді де сайратты!

7    Төсек-орын тап-таза
Аппақ жуған сүлгісі
Галина Андреевна сізге де
Балалардан мың алғыс!

8    Үлкен  рахмет аспаздарға
Саусағынан бал тамған!
Пиццаңызды жеген кезде
Барлық адам тәмсанған!

9      Міне, апайлар, бізді өрге
Отырсыздар  ұшырып.
Шарықтайық сіздерге
Гүлімізді ұсынып!
Жүрг: Ал енді балаларымыз сіздерге арнап Қоштасу вальсын билеп әнін айтып  берсін!
Вальс
Ән «Балабақша»


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз