http://a-brands.kz/

Алғашқы қоңырау

Білім күніне арналған салтанатты жиынның сценарийі

1-Жүрізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, ардақты ата­­ аналар, мектеп оқушылары және бірінші сыныпқа қадам басқалы отырған  жас бүлдіршіндер! Бойға қуат, ойға тың серпін беретін жазғы демалыста аяқталып, бір - бірлеріңізбен ыстық ықыласпен қуана қауышатын тағы бір тамаша сәт келіп жетті. Ендеше, жаз қызығына бөленген жас өркендерді тәлімге шақыратын күміс қоңырау қайта соғылмақ. Сіздерді күз мезгілінін алғашқы мерекесі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

2-Жүрізуші: Бұл күн - әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңілі шарықтаған, әр ата-ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер үшін аса маңызды.

Ендеше бірінші сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндерді алғашқы ұстазы Ажар Төлепқызымен бірге қошеметпен ортаға шақырамыз.

(1 сынып оқушылары жетекшісімен шығады)

 

1-Жүрізуші: Жиып алып балғын шәкірт достарды,

Салтантты сәнге бөлеп жас жанды.

Мектептердің қоңырауы қағылып,

Тағы, міне, білім күні басталды.

2-Жүрізуші: Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз

1-Жүрізуші: Салтанатты жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап сап түзеңдер!

(әнұран шырқалады)

1-Жүрізуші: Бүгінгі Білім күніне арналған салтанатты жиынымызға қатысушы қонақтармен таныс болыңыздар

2-Жүрізуші: Сонымен қатар, арнайы шақырылған қонақтар, мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, еңбек ардагерлері, қожалық басшылары, кәсіпкерлер және ата-аналар қатынасып отырғанын қатерлеріңізге береміз.

1-Жүрізуші:

Оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруде өзіндік қолтаңбаларын қалдырумен қоса, ұстаздық жолында еселі еңбектерімен ел құрметіне бөленіп жүрген бірнеше ардагер ұстаздарымыз бар. Ендеше сол зейнеткер ұстаздарымызға құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер!

(Музыка ырғағымен оқушылар гүл шоқтарын табыс етеді)

2-Жүрізуші: Мектептің тәрбие жұмысында ерекше орын алатын және өте маңызды рөл атқаратын кәсіби шебер педагог-ол  сынып жетекші. Оқушының тұлға ретінде өздігінен дамуы мен өзін өзі көрсете білуіне қолайлы жағдай жасап, сынып оқушыларының әлеуметтену процесінде туындайтын проблемаларын реттеп, кәсіби тұрғыдан өз бағдарын табуына бағыт-бағдар беріп, әр оқушы үшін үлкен жауапкершілікті сезініп, өз шәкірттерінің ішкі жан-дүниесін түсіне білетін, Олармен бірге қуанып, бірге мұңаятын-ол әрине сынып жетекші. Ендеше осы сынып жетекшілеріміздің еңбектерін бағалап, бүгінгі білім күнінде құрмет-қошемет көрсетейік! (музыкамен оқушылар гүл табыс етеді)

1-Жүрізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт,бірлік,берекем.
Шәкірттерің өрістесін,өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің –мерекең!-деп алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры на беріледі.

2-Жүрізуші: Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,

Елітіп тұла бойың балбыраған,-деп әсем әнге кезек берейік

1-Жүрізуші: Келесі құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарына беріледі.

1-Жүрізуші: Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Олай болса бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз үш тілде өздерінің өлең шумақтарын арнамақ.

2-Жүрізуші: Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерімізге кезек берейік.

1-Жүргізуші: «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2017 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткіп жатқаны баршамызға белгілі.

2-Жүргізуші: Осы акция орай  дәстүрге айналған «1 сынып оқушыларына сыйлық» атты тақырыппен 1 сыныпқа қадам басқалы  отырған бүлдіршіндерге жоғары да атап өткендей демеушілеріміз көмегімен оқу-құралдар дайындалған болатын. Сол сыйлықтарды оқушыларға табыстауға рұқсат етіңіздер
1-Жүргізуші:

Ұл-қызым деп ана ұйқы сан қашты,

Бесік тербеп күн мен түні алмасты.

Солар үшін алдағы үлкен өмірдің

Соғылады қоңырауы алғашқы,-деп   алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебіміздің биылғы түлегі мен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршінімізге жолданады.       

2-Жүргізуші: келесі сөз бүлдіршіндерімізге бата-тілек айту үшін ата-аналар атынан сөз береміз.

2-Жүргізуші: Бүлдіршіндер – ертеңгі ұландары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары.

Құтты болсын, басталған оқу жылы,

Құтты болсын, алғашқы баспалдағы,- деп бүгін біздін мектебіміздін табалдырығын алғаш аттап, бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге мектебіміз өз есігін айқара ашпақ. 

1-Жүргізуші:

Ендеше 1-сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен бірге қызықтарға толы білім әлеміндегі саяхатына сәт сапар тілеп, өз сыныптарына қошемет көрсетіп шығарып салайық.

(1-сынып оқушылыры мектепке қарай енеді)

2-Жүргізуші:

Баршаңызды Білім күніне арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты тақырыбында өтетін Бірыңғай Білім сабағына қатысуға шақырамыз

1-Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар Білім күніне арналған салтанатты жиынымыз жабық деп жариялаймыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)