Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі: Атабаева Гулхан 

Күні: 9.11.16ж          Сынып: 1 «А»

Қатысқандар саны: 19

Сабақтың тақырыбы:

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.                        

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. 

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздермен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Д дыбысы мен әрпі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

  Дос болайық бәріміз,
  Жарасып тұр әніміз.
  Тыныштықты сақтаймыз,
  Атсын күліп таңымыз!

- Балалар, біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

16 мин

«Білім минуты».

   А   Қ  Ш  У  Ы Н  әріптерден сөздер құрау

   «Ой қозғау»

  - Балалар дыбыс дегеніміз не?
  - Әріп дегеніміз не?
  - Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  - Дауысты дыбыс дегеніміз не?
  - Дауысты дыбысты қандай текшемен бояймыз?
  - Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
  - Дауыссыз дыбысты қандай текшемен бояймыз?

   «Суретпен жұмыс»

  

 Суретті үш тілде атау.

дәптер

 

 

доп

 

    №1 Суреттердегі Д әрпі бар сөздерді тап. Оларға дыбыстық талдау жаса.

    №2 Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыру.

А       н       л     р     о     т      у     ш      с      д

1        2       3     4      5    6      7      8     9     10

Алаша-13181            1059-.....                                    

 

 №3 Мұғалімнің көмегімен берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты? Оны жаз.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті 

1 мин

   Ду, ду, ду! Дүк-дүк!
   Пойыз келеді.
   Ду, ду, ду! Дүк-дүк!
   Бәрі жол береді.
   Ду, ду, ду! Дүк –дүк!
   Жүгіріп өтпе,
   Ду, ду, ду! Дүк-дүк!
   Тұра тұршы шетте.
   У, ду, ду! Дүк-дүк!
   Пойызды өткіз.
   Қол бұлғап қалайық
   «Жолболсын! »-деп біз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

 

 

Дәптермен жұмыс

8 мин

   Д д әріптерін жазу

Оқулық, дәптерлер

Қызықты тапсырма   

8 мин

   Психологиялық ойын

Шаттық шеңбері

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді бет-әлпеті салынған суреттерді таңдау.                                          

Түсіндім    Сұрағым бар     Түсінбедім

Смайликтер

Дифференциациа-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету . Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл-күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)