Өлең, жыр, ақындар

8-наурыз Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна

   
Гүлдермен жаттығу.

Жүргізуші: Айнала неге өзгерген?
Ән салғандай құлпырып.
Күлімдеп бәрі жайраңдап,
Неліктен бұндай өзгеріс!

Мұстафа: Оны ұғу оңай-ақ,
Көктем келді қайтадан.

Ақерке: Көктем, көктем, көктем де,
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.

Ән. «Көктем».
Жүргізуші: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.

Мұстафа: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!

Арыстанбек:  Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым.

Медина: Ана-біздің күніміз,
Ананың  біз гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.  

Ботагоз: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.

Мейрамбек: Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.

Амина: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Шырқап әнге салайық.

Ән. «Мамамның мерекесі».

Жүргізуші: Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың тілеуін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Ендеше, кезекті балаларға берейік. Актерлерді сөйлетіп қызығып бір көрейік.
«Марғауын іздеген мысық » - ертегін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Неткен үйшік, үйшікте кім тұрады?
Мысықтың үйшігі.
Тық-тық, тық-тық-деп терезеден соғамыз.
Мысық  ана  бізге келші. Аналардың мерекесін тойлайық.
(үйшіктен көңілсіз Мысық ана шығады).

Мысық ана: Көктемнің көңілді күнінде,
Еркетай марғауым,
Ойнап жүріп,
Үйден алысқа адасып кетіпті.
Марғауымды іздеп барамын.
 
Матрешка келе жатады. /Ақерке шығады/.

Матрешка: Амансың ба, қымбатты мысық ана!
Неге көңіл-күйің жоқ?

Мысық ана: Менің марғауым адасып кетті.
Келмеді ме мұнда?

Матрешка: Қазір біз қараймыз.

«Орамалмен матрешкалардың биі».

(Мысық  ана үйшігіне  барады).

Үйрек жүгіріп шығады. /Мұстафа шығады/.

Үйрек: Кря-кря-кря!  Амансың ба, қымбатты мысық ана!
Неге көңіл-күйің жоқ?

Мысық ана: Менің марғауым адасып кетті.
Келмеді ме мұнда?
Үйрек: Қазір біз қараймыз.

«Үйректер биі».
(Мысық ана үйшігіне барады).
Тауық Адия шығады.
Тауық шығады: қыт-қыт-қыт!-деп.
Тауық: Амансың ба, қымбатты мысық ана!
Неге көңіл-күйің жоқ?

Мысық ана: Менің ерке марғауым адасып кетті.
Келмеді ме мұнда?

Тауық: Бүгін менің жұмысым көп.
Білмеймін, қалай үлгеретінімді.

Жүргізуші: Тауық біз саған көмектесеміз. Мүмкін мысықтың марғауын тауып қалармыз.

«Борщ және тосап қайнат» - ойыны.

Мысық ана шығады (жылайды).  Күн батты, түн болады.
Енді маған кім көмектеседі?

Көбелек ұшып келеді. /Нұрай шығады/.
Көбелек: Көбелектер тез ұшып келіңдер,
Мысық ананың марғауын іздеңдер!           

«Көбелектер» - биі.                

Бала мысық шығады: Анашым, қымбаттым!
Енді айтқаныңды тыңдаймын.
Кешірші мені анашым!     

Мысық ана: Сүйікті менің еркетай марғауым,
Ренжіттің  ғой сен мені.
Тағыда мені ренжітіп,
Қашып кетпеші.  /баласын құшақтайды/.

«Қуыршақтар» -  әні.

Жүргізуші: Ғажаптайсың ғаламдағы,
Бас иеді саған бәрі.
Қандай бақыт жер бетінде,
Еркелетер әжең бары.

Жүргізуші: Ендеше, келесі құттықтауларымызды асыл, ардақты әжелерімізге арнаймыз.
                
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен-кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.     

Менің әжем- жыр әжем,     
Шуағы мол нар әжем.   
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүрші әжем.          

Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын.
Шақырса даладан,
Жүгіріп барармын.

Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.

Ән «Әжем».
Ағылшын тіліндегі құттықтауларды қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұл қызыңды қуантып:
Балалар: Ұзақ өмір сүріңіз!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз