Қош келдің, Жаңа жыл!

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна

 Әсем безендірілген залға балалар «Қош келдің, Жаңа жыл!» - ән сазымен би қимылдарын қайталайды.

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп сағынған,
Кел, балалар келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
- Балалар, қараңдаршы орманнан келген шыршамыз қандай әдемі, жасыл түсті, өзі биік, өзі сұлу.
/Балалар шыршаны қарайды, өз ойларын айтады./

Жүргізуші: Жұпар иісі аңқыған,
Шыршамыз неткен керемет!
Жаңа жылда біздерге,
Тұрғандай шаттық  себелеп.

Нұркен: Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.

Амина: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын

Медина: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр.
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Дәубек: Бар баланы бір жасқа,
Өсіріп кел, Жаңа жыл.
Әжелердің әжімін,
Азайтып кел, Жаңа жыл.
Ақ көрпесін жамылып,
Ұйықтап жатқан дала бұл.
Балаларды сағынып,
Келді міне, Жаңа жыл!

Ақерке: Мерекеге келдік,
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтарын тізген,
Шыршаны да көрдік.

Мұстафа: Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

«Шырша біздің тамаша»-әні орындалады.

(Балалар  орындарына отырады)

Жүргізуші: Бұл не? Не болды?
Неге шыршаның шамдары сөнді?
Мүмкін бізге біреу сый жасаған болар?

(Үлкен шыршаның артынан кішкентай шырша қыз шыға келеді).

Шырша қыз: Мен, балаларға асығып  рманнан келдім.
Жүргізуші: Балалар бізге кім келді?
Балалар: Шырша.                
Жүргізуші: Кішкентай шыршамыз қандай әдемі!
Шырша қыз біздің мерекемізге біреу кедергі болды.
Біз көңіл көтермеу үшін,шыршаның шамдарын сөндірді.
Шырша, сен бізге көмектесесің бе?

Шырша қыз: Ия, көметесемін /шыршаға жақындайды/.
Қанеки, балалар мынау әсем шыршамыз сендерді ойынға шақырып тұрғандай. Ойнаймыз ба?
Балалар: Ия.
Шыршамыз жақса шамдарын,
Қарауға одан танбадық. /шыршаның шамдары жанады/
Аяқтың топ-топ тарсылы,
Шыршаның өшті жарқылы /шыршаның шамдары сөніп қалады/
Шыршамыз жақса шамдарын,
Қарауға одан танбадық. /шыршаның шамдары жанады/.

 /Балалар орындарына отырады/.   
 Жүргізуші: Шырша біздермен бірге би билегісі келіп тұр. Ендеше, кішкентай шыршаларды ортаға шақырамын.

Қыздардың орындауында: «Шырша»- биі орындалады.

Жүргізуші: Әсем шыршаға арнап тақпақ айтып берейік.

Адия: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Айлана: Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр

Кәусар: Шыршаға бардық.
Әсем ән салдық.
Аяз атадан,
Көп сыйлық алдық.

Сезім: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.

Кішкентай  шырша – әні.
Жүргізуші: Балалар, сендер аяздан қорықпайсыңдар ма?
                      
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Егер қолдарың тоңса  ше?       
Балалар: Біз қолдарымызды шапалақтаймыз.
Жүргізуші: Егер  аяқтарың тоңса ше?
Балалар: Біз аяқтарымызды топылдатамыз.

Жүргізуші:  Жұмбақ жасырамын.

Қыста ғана келетін,
Бізге сыйлық беретін.
Ол кім?
Балалар: Аяз ата.
Жүргізуші: Дұрыс, қәне бәріміз бірге ортаға Аяз атаны шақырайық.
Аяз ата бізге тез жету үшін Аяз атаға көмектесейік.
Аяз атаның жолын тазалау үшін боран, бұрқасын жасайық.
Қыз балалар: Ш-Ш-Ш,  Ш-Ш-Ш, деген дыбыс шығарсын.
/қыз балалар ш-ш-ш дыбысын шығарады/.

Ал, ұл балалар У-У-У,  У-У-У –деп дыбыс шығарсын.
/қыз балалар  ш-ш-ш дыбысын  шығарады/.

Қәне, бәріміз біргеміне тамаша.
   
Аяз ата кіріп келеді. /Аяз атаның сөзі/.

Тамаша – әні.

Жүргізуші: Дала сәнін келтіріп,
Қар жауып тұр алақай.
Ендеше Аяз атамен ойын ойнағыларың келеді ме?
Балалар: Ия.

Жүргізуші: «Қатырып тастаймын»—ойынын ойнаймыз.

Қатырып тастаймын—ойыны.

Жүргізуші: Аяз ата ұзақ жол жүріп келдіңіз, демалыңыз, отырыңыз.
Енді, балалардың өзіңізге арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.

Мейрамбек:  Бар баланың қонағы,
Төрлет ата жоғары.
Енді дала алақай,
Ақ күміске толады.

Арыстанбек: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Ботагоз: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
                   
Аян: Сақалы аппақ күмістей,    
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны.

Алихан: Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып..
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылған.
Аяз ата келеді,
Балаларды сағынып.

Жүргізуші: Жұмбақ жасырады:
Әсем тақия басында,
Қолдарында шамдары.
Қызық екен өздері,
Мұны кім деп ойлайсыңдар?

Балалар: Орман адамдары /гномдар/.
Жүргізуші: Дұрыс, қараңдаршы бізге орман адамдары келеді. Гномдар биін тамашалаңыздар.
Гномдар-биі.

«Ақшақар»-әні орындалады.

Сырғанақтың артынан әтеш: «Ку-ка-ре-ку» - деп айқайлайды,
Біртіндеп сырғанақтың үстінен балалардың сыйлығын жібереді. Сыйлықты тарату.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)