Қыс қызығы

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна

Білім беру саласы: Қатынас. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сөйлеу тілі.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: Табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру.
Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің көрінісі слайд. Қыстағы жануарлардың тіршілігі (слайд).
Үлестірмелі құралдар (пластмасс стакан, қағаз қиқымдары, түтікше, аққала бөлшектері).
Шаттық шеңбері:
- Балалар, көңіл-күйлерің қандай?
- Тамаша
- «Дарын» балабақшасы қандай?
- Тамаша.
- №8 топтың балалары қандай?
- Тамамша.
Жарайсыңдар, балалар.
Үлкенге де ізет,
Кішіге де сіз.
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Әдептен озбай бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Қонақтарға сәлемін алақанмен үрлеу арқылы  жібереді.

Балалар, жылдың қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
- Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.
Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойынорағыш, баскиім киеміз.
Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
- Боранның.
Ендеше боранды қимылмен қалай көрсетеміз?
(қолдарын жоғары көтеріп жәй және  қатты дыбыс шығарып гуілдейді.)
Ал, қатты аяз болғанда не істейміз? (қолдарын қусырып,аяқтарын топылдатады).
-Ал,күн шыққанда не істейсіңдер? («алақай» деп қолдарын шапалақтайды).
-Жарайсыңдар осындай көңіл – күймен сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.
1 слайд. (Қыс көрінісі).
- Шырша, ағаштар, айналаның бәрі аппақ.
- Дұрыс ағаштар, шыршалар неге орнаған?
- Қарға.
Ендеше, қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ақерке:  Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.

- Дұрыс, қардың түсі қандай?
- Ақ.
- Ия, қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Адия: Қар жауыты далаға,         
Қар жауыпты қалаға.                            
Сырғанаймыз біз енді,                         
Отырып ап шанаға.    

Арыстанбек: Аппақ, аппақ қар аппақ,        
Айналаның бәрі аппақ.  
Қырау-қырау жол аппақ,
Қар жамылған тал аппақ.

Ал,қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстел үстіндегі стакандағы түтікшені үрлеп көрейік.
(Балалар үстел үстіндегі  стакандағы түтікшені үрлейді, ондағы қағаз қиқымдарының ұшқанын көреді).
Стакандағы қар ұшты ма?  - Ия.
Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады екен.
Қарды жеуге болады ма?   - Жоқ.
Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл екеніне көзімізді жеткіздік.
Сергіту  сәті: Аппақ қылып өңірді,
Қар жауды, қар жауды.         (Қарды шашу).
Көңілді  балалар,
Қызығып секірді, секірді.

2 слайд. (сұр қоян, мен ақ қоян суреттері көрсетіледі).
- Айнала аппақ қар. Адамдар жылы киінеді. Тіпті жануарлар да қыстың келгеніне қуанатын сияқты. Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Сұр қоянды. Олардың да түстері өзгеріп кетіпті. Қоянды байқай алмайсың. Оның тоны аппақ қар сияқты.

3 слайд. (Балалардың жемсауытқа жем салып тұрған суреті).
- Бұтақтан-бұтаққа ұшып-қонып жүрген құстарды көруге болады.
Оларға қыста жем табу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оларды қоректендіреді.

4 слайд. (мысық және ақ аюлардың суреттері).
- Аяз суық болса қыстыгүні балалар түрлі ойын ойнайды. Жануарларда қарды қызық  көреді? Мысалы, мына мысыққа және ақ аюға қараңдаршы. Қармен бетін жуып жатқан сияқты немесе қарды қызықтап тұрғандай.

5 слайд. (шанамен сырғанап жүрген балалардың суреттері).
Шанамен сырғанап жүрген балалардың суреттері.
Шана – қысқы сырғанайтын ойын көлігі.
Шана туралы тақпақты кім айтып береді?

«Шана» Қ.Мырза Әлі.
Қыр басына шарқ ұрып,
Бір орында тұрмаймыз.
Шана сүйреп барамыз.
Қырдан төмен ағамыз.
Қалдықтіпті алқынып,
Ұшқан құстай зулаймыз,
Қандай ауыр шанамыз.

Қыста  күн суық,аяз болады.
Аяз - қыс мезгілінің қатты суық күні.
Боран - қарды, топырақты бұрқыратып соғатын қатты жел. Қыста ақ түтек боран соғады. Ондай күні далада ойнауға болмайды.
Мұз - су аязда мұз болып қатады. Мынау  ыдыстағы суды біз сабақтан соң сыртқа шығарып қоямыз. Суымызға не болғанын көреміз.
Сөздік  жұмыс. Аяз, боран, мұз, шана.

Қыс қандай екен? Көңілді екен.
Қыста не жауады? Қар  жауады.
Қандай қысқы  ойындарды білесіңдер? Аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз, қармен ойнаймыз.
Ендеше, мына үстел үстінде тұрған аққаланың бөліктерін алып аққаланы құрастырамыз. (Балалар аққаланы құрастырады).
Қорытындылау. Мадақтау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)