Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік

Тақырыбы :  «Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік»

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

№1 Жүргізуші Асет :       

                               Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға

                         Сіздермен тола берсін ортамызда

                         Бүгінгі ел басқарған азаматтар

                         Білім алған сіздердің арқаңызда!

Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда !
Білім болып егілдің жас жаныма,
Біз үшін төккен терің, еңбектерің

Мәңгілік сақталады  жадымызда!

 Армысыздар ардақты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!

№2 Жүргізуші Айша:

Вы душою – всегда молодые,

Труд и радости с нами деля,

Наши строгие, наши родные,

Терпеливые учителя.

Сил вы нам отдаете немало

И любви – несмотря ни на что.

Как вы верите в нас! – что пожалуй,

Верить так не умеет никто.

Здравствуйте, дорогие гости,  наши уважаемые учителя! От всего сердца поздравляем вас с Днем учителя, желаем вам крепкого здоровья, долгих лет жизни,  ответственных и честных  граждан нашей независимой страны, семейного благополучия и творческих успехов в вашем не легком, но благородном труде.

 

 

№1 Жүргізуші Асет : 1 қазан халықаралық қарттар күні. Қарттар- біздің  асыл қазынамыз. Бүгін ардагер ұстаздарымыз біздің ортамызда.

Қарттарымызға қамқорлық- біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Олай болса 26 топ студенті Әріпбай Анельдің  «Қарт ұстазға арнауын» қабыл алыңыздар.

Әріпбай Анель:  ҚАРТ ҰСТАЗҒА!
Арман жолмен болашаққа қадам бас,
Сонда қоғам саған да мін таға алмас.
Кешегі ұстаз - салиқалы қарт көрсең,
Бұрыла кет, ілтипатпен амандас.

Олар сенің атаңды да оқытқан,
Олар сенің анаңды да оқытқан.
Қарайласаң солар жүрген өткенге,
Тәлім алған ағаң-дағы, әпкең де.
Солар айтар, жас көңілің сенбесе,
Саған да ұстаз - осы жандар, ендеше.

Олар да асқақ білім жолын ән қылған,
Тәлім алған талай-талай балдырған.
Жандар олар мағыналы өмірін
Колледжге шежіре етіп қалдырған.

 

№2 Жүргізуші Айша:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін,
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз алғыспенен сәлем бүгін. Демекші 35 топ студенті Жұманов Бағланның колледж директорына арнауын қабыл алыңыздар!

ДИРЕКТОРҒА

Жиналып ұстаздары, келсе уақыт ыңғайға,
Демейді  рас, жапқыш қайда, гүл қайда.
Басталсын ба, деп сұрайтын, педсовет,
Басталмасын дейтін кім бар мұндайда.

Әй, сонан соң жайып тастап қанатын,
Ұстаздарын қадап-қадап алатын.
Кемшіліктер неге ілесіп жүр әлі,
Неге жұмыс болмай жатыр болатын?!
Өткен істе жетістіктер бар екен,
“Үздік” деген соған берген баға екен.
Кибекбаев десе оны ресми,
Болған талай сыйласқанға “Жұмекең”.
Ұшырып сап талай ұл мен қызыңды,
6 жылдай басқарыпты ұжымды.
Артқа тастап сонша көктем, күзіңді.

Бүгінгі мерекемен шын жүректен
Барша студент құттықтайды өзіңді.

Шәкірттер санасына  сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін, ортамызға колледж басшысы Кибекбаев Жұмағали Тұрсынұлын

шақырамыз.   (Құттықтау сөз сөйлейді)

      №1 Жүргізуші Асет: 

Данышпан да , дана да оқып сенен,

Атақ- даңқын асырды бар әлемнен

«Ұстаз» деген аяулы асыл жанды,

Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең.

Колледж студенттерінің орындауында    «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар

 

№1 Жүргізуші Айша : Бүгінгі кешімізге құрметті қонақтар келіп отыр, сөз кезегін Талғар аудандық Кәсіподақ ұйымының төрағасы ...................................береміз. (Құттықтау сөз сөйлейді)

 

№1 Жүргізуші Асет:  Ұстаздарым биік тұлға байсалды

                           Құшақ жайып өз  мерекең қарсы алды

                           Шәкірттерің жарқын тілек білдіріп   

                           Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

Колледж студенттерінің  сіздерге арнаған ыстық лебіздерін тыңдайық 

 

 

 

1  АЙНУР 16 топ              ЭЛЬМИРА апайға

Оқу жылы табыспенен өтсе деп,
Жетістіктер алдан үздік жетсе деп.
Шәкірттердің білімі ғой арманы,
Ал білімнің көп білгенге салмағы.
Әр ұстазды десе егер жауынгер,
Эльмира апай онда оның сардары.

2  МӨлдір 16 топ        Жеңісгүл апайға

Тәртіп керек, жарат мейлі, жаратпа,
Неге оқушы қатыспай жүр сабаққа.
Ата-анадан сұрадың ба сол жайлы,
Соны бүгін шеш, күнде ертеңге қаратпа.

Сендіріп айт, сөздеріңе сенбесе,
Көндіріп айт, айтқаныңа көнбесе.
Болмаса ертең шақырып кел өзіме,
Өздеріңнің әлің егер келмесе.

Дейді ұжымға: Жеңісгүл апай амалмен
Өмір деген өту емес алаңмен.
Жұмыс істей білу керек әрқашан,
Тіл табыса білу керек адаммен.


3  Ақмаржан 16  ҚАЗАҚ ТІЛІ мамандарына
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Ләззат, Майраш, Эльмира, Жанна апай,
Әрқашан да біздерге берген білім.

4  Нұрбек 13 топ  ОРЫС ТІЛІ  мамандарына
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Бақыт, Раушан, Сабирадай
Ұстаздарымыз әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өң берген!

Айнур 26 топ№1 АҒЫЛШЫН ТІЛІ
Ағылшынды үйрету зор талабы,
Әрқашанда ашық - жарқын қабағы.
Гуля апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.


«Good morning, teacher» деп бастаймыз оның әрбір сабағын,
Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген қабағын.
Гуляим апай сізге де алғыс айтып әрқашан,
Жан ағайдың орындаймыз талабын!

Ақмаржан 16            №2 Тарих, ГЕОГРАФИЯ

Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
Әдемі, Баян, Назира апай.
Сіздерменен  бар тарихты шарлаймыз


Айнур 26 топ №3              ХИМИЯ
Бар ғұмырын химияға арнаған,
Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.
Бибігүл, Айгүл апай сізге де үлкен алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған!

Іңкәр 26  №4               МАТЕМАТИКА
Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Марал,Айнур апайларға мың алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен!

4  Нұрбек 13 топ  №5 ИНФОРМАТИКА

Қойшыбай аға – колледжде  орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.

Құтқарып ауыр бейнеттен, Техниканы үйреткен.

Рита, Маулен, Балауса, Сезімдерге көп алғыс

 

 

Іңкәр 26  №6 ФИЗИКА
Дүниемен танысуға берген талай көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.
Оны үйреткен Ольга, Сәуле апайлар,
Сіздер барда физикамен сусындап мен келемін.

Айнур  16 топ  ДЕНЕ. НВП

Наш педагог физкультуры –

Образец для каждого из нас.

Бегать, прыгать учит, а фигуры

У девчат, парней – ну просто класс!

Мы поздравляем учителей физической культуры, технологии, черчении, и НВП:

Айгерім 16 №7 МАСТЕРЛЕРГЕ

Мастерім екінші анам аялаған,
Біздерден бар білгенін аямаған.
Мастерлерім сіздерге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр алдан
Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, шебер болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүріңдерші шәкіртке сыр үйретіп.
 

М Ұ Ғ А Л І М

Мейірбан

Ұлағатты

Ғұлама

Аяулы

Лайықты

Ізгілікті

МАМАН         СІЗДЕРГЕ БАС ИЕМІЗ!


 

 

№2 Жүргізуші Айша: 

Примите наши пожеланья
Здоровья, счастья и добра,
И пусть плохого настроенья
У вас не будет никогда!

Пусть улыбкою доброю, нежною
Каждый день для Вас начинается,
Пусть заботы, тревоги житейские
На пути Вашем реже встречаются.

     Песня: «Ұстазым» исполняет студентка 16 группы  Жолдасова Баян

№1 Жүргізуші Асет:  Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, колледждің жүрегі, ардагер ұстаздарымыз. Ендеше құттықтау сөз ардагер ұстаздарымызға беріледі. ...............................................................

№2 Жүргізуші Айша: 

В день осенний, когда у порога

Задышали уже холода,

Колледж празднует день педагога –

Праздник мудрости, знаний, труда.

А сейчас на сцене выступает танцевальная группа . Встречаем апплодисментами!

№1 Жүргізуші Асет :

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз алғыспенен сәлем бүгін.  Хор «Ұстазым» 16 топ студенттерінің орындауында

№2 Жүргізуші Айша :

Айта берсек ұстазға тіл жетпеген

   Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген

  Айтындаршы адам бар ма өмірде

  Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген

Сөз кезегін колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі Сейтбек Айжанға береміз 

 

№2 Жүргізуші Айша:       В этот светлый , праздничный день нам хочется сказать особенно теплые слова любви и признательности вам, наши дорогие учителя!  Примите от нас все самые добрые пожелания. Перед вами выступают чтецы

Хамит Құштар «Ұстазым»

 

№ 1 Жүргізуші Асет:

Ұстаздар ұлағатты зиялылар

Сендерде ғалымдардың қиялы бар

Ұстаздар тойларыңа тарту етем

Шәкірттердің  әзіл ысқақ өнерлерін. (КВН командасын қарсы алыңыздар)

2 Жүргізуші Айша:  Примите наши поздравления с чудесным праздником таким!

Что пожелать вам остается:

 Любви, заботы и тепла.

                     Пусть вам удача улыбнется

      За ваши добрые дела!

Звучит хор «Ұстазым ») Перед вами выступают группы студентов

№ 1 Жүргізуші Асет:

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеңіз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз! Назар аударып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

2 Жүргізуші Айша

Уважаемые учителя! Еще раз хочется Вас поздравить с вашим профессиональным праздником и пожелать вам крепкого здоровья, творческих успехов, лично человеческого счастья и много-много талантливых, одаренных детей! Спасибо за внимание

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз