Өлең, жыр, ақындар

Жазық геометриялық фигураларды салу

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: бөлім  – Геометриялық пішіндер

Күні: 12.10.2016ж

Сынып:

 Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

  Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С.

  Қатысқандар саны:

  Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазық геометриялық фигураларды салу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік  фигураларды (куб,  шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары

Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады, оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстыра алады.

Тілдік мақсат

үшбұрыш;

дөңгелек;

шаршы;

тіктөртбұрыш;

жақ.

Бағалау критерийлері

Геометриялық фигураларды атайды және ажыратады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда бір-біріне деген құрмет көрсету қасиетін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Заттарды материалына қарай ажыратады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Таңғы шеңбер»

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

ІІ. Өткенді қайталау.

  1. Өткен сабақта қандай геометриялық фигуралармен таныстық?
  2. Геометриялық фигураларды атау
  3. Қолдарына жіп беру арқылы түзу сызық, қисық сызық, кесінді, сынық сызықтар жасату.
  4. Кесінді мен сызықтың айырмашылығын сұрау

Сабақтың мақсаты: Жазық геометриялық фигураларды салып үйренеміз

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

жіп

Сабақтың ортасы

 

1. Тәжірибе жасау:

 Топтарға тапсырмалар беріледі

Тапсырмалар:

1. Конус , пирамида, паралепипед сияқты кеңістік фигураларын беріп, ақ қағазға табанын сызғызу

2. Шыққан фигураны қиып алу

3. Суретін салған фигурамен салыстыру

Оқушылардан не байқағанын сұрау Көргендері бойынша қорытынды жасату. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызу. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтамын.

Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытынды жасау.

Оқушылардан тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болатынын сұраймын. Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыстығын тексеруді ұсынамын. Оқушылар шар мен цилиндрді айтуы мүмкін. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайталап көруге болады және сызғаннан пайда болған дөңгелекті көрсетемін. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылау. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңгелек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізеді.

2. Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушыларға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсынамын.

3. Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көрсетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтайды. Тапсырманы орындау барысында оқушыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай біледі.

Дәптермен жұмыс:

Фигураларды топтастыр. Тапсырма фигуралардың типтерін ажырату дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар фигураларды топтарға бөліп, әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сызу керек.

Фигуралар мен заттардың пішіндерін салыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс.

Қосымша тапсырма: Сіріңке таяқшалары мен ермексазды пайдаланып, жазық фигураларын жасау

А4 өлшемді қатты қағаз;

қарындаштар;

қайшылар;

кеңістік және жазық фигураларының топтамасы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Оқушыларға жазық фигураларды көрсете отырып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаймын:

— кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе?

— цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

— егер параллелепипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады?

— шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек?

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

Топтық жұмыс барысында өз бетінше фигураларды сызады,  жазық фигуралары мен кеңістік фигураларының айырмашылығын айтады

Оқушылар сабақ соңында:

жазық фигураларды;

әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды;

жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі.

.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз