Ұстаз - ұлы тұлға

ОҚО, Сарыағаш ауданы
№21 Яссауи жалпы орта мектебі
кітапханашы: Абылова Динара Ергешбаевна

1-жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,   
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.

2-жүрізуші:
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата–аналар және оқушылар!

2-жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,                                                   

1-жүргізуші: Қажымас қайрат,                                                                                                                            

2-жүргізуші: Шығармашылық табыс,                                                                                                           

1-жүргізуші: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!                                                                                            

2-жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз өздеріңізге арналады.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,  
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –

Хор «Ұстазым»

Ұстаздарға арналған нақыл сөздер

1-жүргізуші: «Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
2-жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
1-жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
2-жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
1-жүргізуші: «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы»

2-жүргізуші: Нұрасыл, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Кезекті сыныптастарымыздың өздері жақсы көретін ұстаздарына деген слайдтарға берсек.

1-жүргізуші: жақсы оқушылар сіздерге де осы ұстаздар сияқты ұлы тұлға болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.

1-жүргізуші:

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал - бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында

2-жүргізуші:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 жүргізуші:
Тікелей эйфир
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол - ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер  сонымен қатар студиямызға тікелей қоңырау шалуыңызға болады. Біздің телефон нөмеріміз  8701------------- қоңырауларыңызды күтеміз

Ал ---------------- студиямызға хош келдіңіз? жалпы Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?

---------------- «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

 ------------ апай: бүгінгі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз? ( Міне құрметті көрермендер біз  ұстаздардан бір шама мәлімет алдық) Ұстаздардың мерекесі  тағыда құтты болсын  деп  осымен эифирымызды аяқтаймыз.


2–жүргізуші:

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

1–жүргізуші:

Ұстаз мейірі - Ана мейірімі пара - пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.

1-жүргізуші:

-------------, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?   Ұстаздарда балалық шақтарында бір сәт еске алсын.                                                                                   

2-жүргізуші:

Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

1-жүргізуші:

- ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге  билеттер үлестіріледі. Әр  билеттің ішінде сұрақтар жазылған. Мұғалімдер сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:                                                                                                                                                                                                     

1. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/                                                         
2. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/                                                                                             
3. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/                                                                                                    
4. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/                                                                                                            
5. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/                                                                      

Көп, көп рахмет ұстаздар, бір сәт болсада балалық шақтарыңыз естеріңізге түскен болар.

Би: Қамажай

---------------:

Сабақтан еш қалмаймыз,
Сонда гүлдей жайнаймыз.
Ұстаздардан үйреніп,
Биіктерге самғаймыз.

---------------------

Көп білуге құштармын,
Қарындаштай ұшталдым.
Ұстаздарға ұқсаймын,
Жалқаулық - жау, дұшпаным.

----------------------

Маған мәңгі ұстаз болып қаласыз,
Жүрегімнен үлкен орын аласыз.
Көп мұғалім бірі болып қалмайсыз,
Сеніңізші, сіз өйткені ұстаз әрі анасыз.

Хор «Ұстазыма»                                                                                                                             

2 –жүргізуші:
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл - қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол. Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз

1–жүргізуші:
Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым, Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?! Бала елдің болашағы болғанда, Зор пайданы тигізесің қоғамға. Мамандығың - кәсіптердің абзалы, Адамдығың қымбат бізге одан да. Ашық болсын нұрға толы көгіміз, Аман болсын еліміз бен жеріміз. Аманаттап тапсырамыз тағдырды - Анамыз деп қабылдадық сені біз! Әр таң сайын жаңа арман құшамыз, Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз. Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды
1-жүргізуші:
Хош сау болыңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)