Өлең, жыр, ақындар

Қоректік тізбектер және қоректік торлар

Атырау қаласы, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
биология пәнінің I санатты мұғалімі
Уразгалиева Мейрамгуль Тыныштыковна

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Биология

Мектеп: №11. Ы.Алтынсарин орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уразгалиева Мейрамгуль

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Қоректік тізбектер және қоректік торлар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.3.1.2-табиғи қоректік тізбектерді салыстыру

Бағалау критерийлері

  1. Табиғи қоректік тізбектерді салыстырады
  2. Қоректік торларды құрады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Қоректік тізбектерді анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Диалогқа қатысады, қоректік тізбекті анықтап салыстырады, проблемалық жағдаятты шешеді

Кейбір оқушылар орындай алады:

Терминдерді еркін пайдаланып диалогқа қатысады, өз ойын, пікірін анық білдіреді, проблемалық жағдаятты шешуде жүйелі қорытынды жасайды, өздерінің идеясын ұсынады

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Биологиялық факторлар, қоректік тізбек,


Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар: Өсімдікқоректілер, жыртқыштар, өлексежегіштер, паразиттер, сапрофиттер деген түсініктерге анықтама беріп, мысалдар келтіреді.

Қоректік тізбек дегеніміз не?

«Биоалуантүрлілік» деген түсінікке анықтама беріңдер.

Сендер тұратын жерге тән қоректік тізбектер мен қоректік торларды сызба түрінде бейнелеңдер.

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, проблемалық жағдаяттарды шешу, тілдік және қарым-қатынас дағдылары

Пәнаралық байланыстар

География, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан жаңа сабақ тыңдалады, электронды оқулық, ширату жаттығулары интербелсенді тақтамен орындалады

Бастапқы білім

Экологиялық факторлар

Жоспар

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

Сабақтың басы

 5 минут

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру
Топқа бөлу:

 1-топ Түзушілер
 2-топ Тұтынушылар
 3-топ Ыдыратушылар
Ширату жаттығулары «Шындық және жалған»
 1. Қоян қасқырмен қоректенеді.
 2. Түлкі балықпен қоректенеді.
 3. Өсімдіктер жәндіктермен қоректенеді.
 4. Бүркіт тасбақамен қоректенеді.
 5. Балықтар балдырмен қоректенеді.
 6. Құстар құртпен қоректенеді.

Интербелсенді тақтадан көрсетіледі

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

3 минут                     

 

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі

 

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 

«БББ бетшесі» таратылады, оқушылар бірінші және екінші бағнды толтырады.

Білу. 1. Интербелсенді тақтадан тыңдалым.    

             «Қоректік тізбек және қоректік торлар»

Кері байланыс  «Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады. 

    -  Сұрақ қоямын, ойлануға уақыт беремін, содан кейін оқушылардан өз ойларын көршісімен бөлісуін сұраймын  
    -  Оқушыға аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраймын.

    1. Қоректік тізбек және қоректік торлар дегеніміз не?
    2. Өсімдіктердің маңызы туралы айтып беріңдер.
    3. «Био алуан түрлілік» деген түсінікке анықтама беріңдер.

Дескриптор

 1. Қоректік тізбектер және қоректік торлар туралы интербелсенді тақтадан тыңдайды.

2. Берілген сұрақтарға жауап береді

Түсіну.  2. «Сәйкестігін тап»  Ұғымдар мен анықтамаларды  сәйкестендіріңіз.

1. Түзушілер

 

А) бұлар бейорганикалық қосылыстарға ауыстырып, өлі органикалық заттарды тұтынады. Оған ұқсас ағзалар саңырауқұлақтар және кейбір жануарлар жатады.

2. Тұтынушылар

 

В) фотосинтез үдерісін жүзеге асыратын өсімдіктер (жоғарғы сатыдағы)

3. Ыдыратушылар

 

С) дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. 1 және 2 қатар болады. 1 қатар өсімдіктермен қоректенеді, 2 қатар жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, шибөрі, жолбасрыс тәрізді жыртқыштар болып келеді.

 

Дескриптор    

 - Ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіреді;

- Интербелсенді тақтадан жауаптарын салыстырады;

Кері байланыс  өзін-өзі бағалау

Қолдану.  3. Ұғымдарға анықтама беріңіз және қорекік тор құрыңыз

   1-топ паразиттер –
   2-топ сапрофиттер –
   3-топ жыртқыштар -

Дескриптор

паразиттер ұғымына анықтама береді  және қоректік тор құрады

сапрофиттер ұғымына анықтама береді және қоректік тор құрады

Жыртқыштар ұғымына анықтама береді және қоректік тор құрады

Кері байланыс  «Минуттық шешім»

Оқушылар сабақ немесе тарау кезінде оқылған аса маңызды терминдерді анықтайды.  

Талдау.  «Соңғы сөзді мен айтайын» (ұсынылған ақпаратпен жұмыс)

« - 1958 жылдың ақпан айында Қытай халқының байлығы мен денсаулығына «ірі мөлшерде зиян келтіріп отырған» төрт жәндікті шыбын, маса, тышқан, торғайды жою жайлы мемлекеттік дәрежеде қаулы жарияланды. Өркениетке жету жолында жасалған ірі қадам деп баға алған осы қозғалысқа елдің жасынан бастап жасамысына дейін үлкен мән берді.

    Бұл дүрбелең көктем шыға науқанға айналды. Шанхай төңірегіндегі Люйхэ қалашығында күн сайынғы сабақты қанша тышқан ұстап, неше шыбын мен масаны жойғандығымыз жайлы мұғалімге есеп беруден бастайтынбыз.  Келесі кезек торғайға тиді. Таңмен таласа тұрып, қолымызға шелек, шылапшын, бамбук ағашын, дауылпазды, даңғыраны, әйтеуір дауысы қатты шығатын нәрсенің бәрін алып мектеп ауласына жиналамыз. Содан соң біріміз үй шатырына, екіншіміз ағаш бұтағына, үшіншіміз алаңдар мен көшелерге орналасып, қала ішін азан-қазан шуға толтырамыз.

     Құлақ жарған шудан шошынған кішкене торғайлар ауада әрлі-берлі сабылып, ұша-ұша шаршап, шағын қаланы тастап далалықтарға бет алады.

     Ал Пекин мен Шанхай сынды ірі қалалардың тұрғындары мен мектеп оқушылары торғайларды топ- тобымен құлатып алып жүрді. Сол жылы торғайларды құртқанмен, егіннің шығымдылығы артпады. Елде түрлі зиянды майда шіркейлер қаптап кетті... »

Тапсырма:

  1. Мәтін бойынша не түсіндіңдер?
  2. Шіркейлердің көбею себебі неде?
  3. Не себептен егін шығымдылығы төмен болды?

Дескриптор

1. Шіркейлердің көбейіп кету себебін анықтайды.
2. Өздері тұратын жерге тән осындай жағдаяттарды салыстырып сызба түрінде бейнелейді.

Кері байланыс  бірін-бірі бағалау

Жинақтау.  «Кластер» әдісі

1. Суретті қарастырыңыз

  1. Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушыларды анықтаңыз.

Түзушілер

Тұтынушылар

Ыдыратушылар

 

 

 

  2. Суретті пайдаланып жайылымдық және детритті қоректік тізбектің сызбасын құраңыз.

Дескриптор

  1. Суреттен түзушілерді анықтайды.
  2. Суреттен тұтынушыларды анықтайды.
  3. Суреттен ыдыратушыларды анықтайды.
  4. Суретті пайдалана отырып, жайылымдық қоректік тізбекті құрады.
  5. Суретті пайдалана отырып, детритті қоректі тізбекті құрады.

Кері байланыс «Құрастыр, сосын жауап бер»

Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беремін

· жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;
· өз тобымен болжамды жауапты талқылау.

Бағалау. «Элективті тест»

1. Өсімдіктердің өсуіне жарық керек пе? 
А) Жоқ 
Б) Жарық сүйгіш өсімдіктер үшін керек 
С) Тек зиян емес өсімдіктер үшін керек 
Д) Барлығына қажет 
Е) Мәдени өсімдіктерге ғана қажет

2. Абиотикалық экологиялық факторды анықтаңыз: 
А) Жыртқыштық 
Б) Бәсекелестік 
С) Жарық 
Д) Паразитизм 
Е) Комменсализм

3. Температура, ылғалдылық және жарық .... болып табылады? 
А) Климаттық факторлар 
Б) Эдафиттік факторлар 
С) Топографиялық факторлар 
Д) Биотикалық факторлар 
Е) Антропогендік факторлар

4. Аталған факторлардың қайсысы биотикалық факторға жатады? 
А) Бәсекелестік 
Б) Адамның қызметі 
С) Су 
Д) Температура 
Е) Жарык

Дескриптор

 Сұрақтарға жауап береді

Кері байланыс Өзін-өзі және өзара бағалауды диалог арқылы жүзеге асыру.

 

 

 

 

БББ бетшесі

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, электронды оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте толтырылған бетшелер, маркелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Терминдер жазылған кеспе қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш. Айтматов

М.Шаханов

«Құз басындағы аңшының зары» (Ғасыр айрығындағы сырласу)

 

 

 

Мәтін жазылған бетшелер, А4 парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер, кесте, А3 парағы, желім

 

 

А,Б,С,Д,Е әріптері жазылған түрлі түсті таратпалар

Сабақтың соңы

«БББ әдісі» арқылы

-Жаңадан алған білімдерін сызбаның соңғы бағанына толтыру

-Екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау

БББ парақтары

Қосымша мәліметтер

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды оқушылардың қызығушылығына, қабілетіне қарай түрлендіріп беремін. Тапсырма берген кезде оқу мен танымдық деңгейлерін ескеремін. Академиялық тілде сөйлеуін, сөз тіркестерін, терминдерді дұрыс қолдануды қадағалаймын. Әр тапсырма сайын тиімді кері байланыс орнатамын.  Оқушы қажеттілігіне және ақпаратты қабылдау қасиеттеріне қарай тапсырмаларды жоспарладым. Әр оқушының қажеттілігін ескере отырып, оқу мақсаты мен бағалау критерийі негізінде тапсырмалар беріліп саралау жүргізілді.

1. Қоректік тізбек және торлар тақырыбы бойынша тыңдалымда барлық оқушылар қысқаша мазмұндау қабілетін дамытады. Көпшілігі сұрақтарды талдауға қатысады. Кейбір оқушылар ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан қойылған сұрақтарға жүйелі жауап береді. Осы тапсырмалар арқылы визуальдық, тілдік ақпаратты талдау дағдысы қалыптасады.

2. «Сәйкестігін тап» әдісі бойынша ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіруде барлығы ойлау логикасын дамытады. Көпшілігі С) жауабын сәйкестендіруде қиналады. Кейбір оқушылар салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтайды. Бұл тапсырма арқылы білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті, қарым- қатынас жасау қабілеті қалыптасады.

3. «Соңғы сөзді мен айтайын»  әдісі бойынша ақпаратты ұсынғанда (мәтінмен жұмыс) барлығы шіркейлердің көбею себебін түсіндіреді. Көпшілігі өздері тұратын жерге тән қоректік  тізбекті салысырып сызба түрінде көрсете алады (балық –маса, шағала – балық).Кейбір оқушылар ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды, проблемалық жағдаятты шешуде жүйелі қорытынды жасап өз идеяларын ұсынады.  Осы тапсырма арқылы сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу, топпен жеке жұмыс істей білу қабілеттерін дамып, өз идеяларын тұжырымдау дағдылары қалыптасады.

 

Мен өз сабағымда бағалауда белсенді әдістерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың бірігіп талдау, сыни және шығармашылық ойлау, өз жетістіктерін көру арқылы сенімдерін нығайту үшін қолдандым. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы сабақ үдерісіне белсенді араласып қатесін түзейді, өз-өзіне баға берумен бірге сыныптастарын бағалап, өзінің оқуын жетілдіреді. Оқу мақсатына жету үшін әр тапсырманың соңында тиімді кері байланыс бере отырып, өзін-өзі бағалау,  бірін-бірі бағалау, топтық бағалау, «Көршіме айтамын», «Минуттық шешім», «Құрастыр, сосын жауап бер»

БББ әдістерін,  өзін-өзі және өзара бағалауды диалог арқылы жүзеге асыруды жоспарлаймын.

 

Өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін күнделікті өмірде жаратылыстану ғылымы бойынша білімдері қолдану дағдыларын дамытады.

 

 

 

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы  қандай ақпарат білдім?

1.

2.

 


Пікірлер (4)

Жанадил

Тамаша

Ақберен

Қоректік тізбекпен

Аянат

Қоректік тізбекпен қоректік тор дың айырмашылығын жазу керек еді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз