Арайлы алтын күз!

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов ауданы, Қарағаш ауылы
«Арай» балабақшасы
Тәрбиеші: Жейтписова Айнұр Маратқызы

Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған!
Мақсаты: оқушылардың күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзде істелінетін жұмыстар, күз молшылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілігі: шарлар, жапырақтар, тақырыбы «Арайлы алтын күз!», күзге байланысты нақыл сөздер.

Тәрбиеші: Құрметті «Алтын күз» мерекесіне жиналған мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрге айналған «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз – байлық, күз – молшылық, күз – қуаныш, күз – шаттық дей отырып, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Армысыздар, әлеумет кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық ей, халайық!
Алтын күз басталуда балабақшамызда .
Көргенде қуанасыз таза әуелі,
Құлаққа естілгендей күз әуені.
Жыл сайын тойланатын төл мерекең,
Құтты болсын алтын күз қазақ елі!
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылып, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой. – дей келе ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз .
Би: Күзгі жапырақ
Тақпақ

Астық, жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс.
Алдық өнім сыйымды.
Күз мезгілі тамаша!
Көз тоймайды қараса.
Аяқ асты сап-сары,
Төселгендей алаш
Тәрбиеші: Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған. Күзде  егінді жинап болған ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған.
Ән салыңдар күліндер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық. Ортаға бөбектерімізді шақырып «Алтын күз» әнің қабыл алыңыздар.
Ән: Алтын күз.
Тәрбиеші: Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсандар шешімін
Қонақты ортаға шақырам.
Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін.

- Бұл кім балақайлар? Әрине (Күз) дұрыс айтасындар. Төрлет алтын күз біздін кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашала. Балалар алтын күз бізге сыйлығымен келді бір себет жемістерін әкелді.
Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін, мақтанбақшы сіздерге, жемістер, көкөністер сан түрлі. Ортаға жемістер мен көкеністер,  өздері туралы тақпақтарын айтады.
Тақпақтар.
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Өсіртің бойыңды,
Дамытатын ойынды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Ән: Жау-жау жаңбыр
Би: Барбарики биі
Тәрбиеші: Күн де тұнжыр, ала бұлт аспанымда,
Көңілім пәс, десем де баспа мұңға.
Көктем – пейіл бәйшешек жыр іздесе,
Жазда өтіп кетіпті-ау қас қағымда.
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп,
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы, бұл қай мезгілдің келгені?
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқар күз.
Бұл Алтын күздің келгені.
Ойы: Жапырақты кім тез жинайды.

Тәрбиеші: Қазан күздің дәл ортасы. Құстар қайтып кетеді. Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Ақырап» деп атайды. Дала жұмысы саябырлайды.
Сұрғылт мына қазанда,
Аспанды бұлт торлады,
Мұңайтады күн өңін,
Үдеп жаңбыр екпіні.
Ерте тұрып азанда,
Жолаушыдай арбалы,
Серуен құрып жүреді.
Алыстарға кетті үні.

Кішкентай бүлдіршіндерге түрлі сұрақтар.
Тәрбиеші: Қараша күздің соңғы айы, қыстың хабаршысы. Жердің топырағы тоң болып қатып, өріс тарылады. Қазақ бұл айды «Қараша» немесе «Қауыс» деп атайды.

Тақпақтар:

Астық, жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс.
Алдық өнім сыйымды.
Күз мезгілі тамаша!
Көз тоймайды қараса.
Аяқ асты сап-сары,
Төселгендей алаша.

Тәрбиеші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар! Біздің бүгінгі Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған! атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
«Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)