Өлең, жыр, ақындар

Үйірмеде не үйренуге болады?

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Менің мектебім

Үйірмеде не үйренуге болады?

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н. З.

СЫНЫП: 2 А

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:0

Оқыту мақсаттары

 2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

 

Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру.

Барлық оқушылар: мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсінеді

Оқушылардың көпшілігі:

Мектептегі іс шараға қатысудың маңызды екендігін біледі, мысал келтіріп айтады

Кейбір оқушылар:

 Мектептегі іс шараға қатысудың маңыздылығын жарнамалап айта алады.

Табыс критерилері

әркімнің айналысатын сүйікті ісі болатынын және бұл олардың әрқайсысының жеке тұлға екенін айқындайтынын түсінеді

Тілдік мақсаттар

шара

қатысу

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік   құндылықтары   қалыптасады

Практикалық іс-әрекет барысында оқушыларда аақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылары қалыптасады және дамиды.

Пәнаралық байланыстар

Зерттеу жұмысы арқылы дүниетану, өлшем жасау арқылы  математика пәнімен тапсырманы оқу және нәтижесін жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс орнайды

АКТ пайдалану

Оқушылар осы сабақта интернет ресурсты пайдаланды.

Осыған дейін меңгерілген  білімдер

 

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланатын әрекет (төмендегілердің орнына өз тапсырмаларыңызды жазыңыздар)

Ресурстар

Басталуы

 

 

ОМ таныстыру:

мектеп өміріне араласудың маңыздылығын білесің;

• мектепішілік шараның жоспарын құруды үйренесің.

 

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектептегі сүйікті істерім

Мектептегі сүйікті істеріңнің тізімін жасап  топта талқылаңдар

• Сыныптастарыңмен сүйікті істерің туралы талқыла.

• Сенің сүйікті істерің өзіңе қандай қуаныш сыйлайды?

 (МК.Ұ) Мектепте әртүрлі шаралар,

яғни мерекелер, сайыстар, жарыстар, олимпиадалар өтеді. Сен оларға қатысып,

өз қабілетіңді көрсете аласың. Сонымен қатар мектепте әртүрлі үйірмелер, спорттық секциялар да жұмыс жасайды.

Досыңа көмектес

Сенің досың Асқат мектептегі шараларға

қызықпайды, ешқандай үйірмеге қатыспайды.

Сен оған қандай кеңес берер едің? Досыңды

мектептегі шараларға тарт. Іс-шаралардың оған

және басқалар үшін маңызды екенін түсіндір.

Шығармашылық дегеніміз − бұл жаңадан бір нәрсені ойлап табу.

Мектепте сенің жан-жақты дамуыңа жағдай жасалған. Мұнда сен сурет салып, ән айтасың. Мүсін жасап, заттарды құрастырасың, қойылымдарда ойнап үйренесің.

Әрекеттің қай түріне икемділік пен шапшаңдық,қай түріне ақыл мен тапқырлық қажет?

Шахмат − ақыл-ой ойыны. Бұл ойында

өнер, ғылым және спорт элементтері

ұштасқан. Белгілі саясаткерлер,

философтар мен ғалымдар шахмат

ойнаған. Жазушылар, суретшілер мен

музыканттар да осы ойынды ұнатқан.

   Орындап көр

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Әр топтан бір оқушы шығып, сабақтан тыс өтетін іс-шараның атауы жазылған үлестірме парақшаны суыруы керек. (оқушыларға таныс атауларды алған жөн). Содан соң әрбір топ еркін түрде таңдалған парақшадағы атауға сәйкес сол шараны өткізудің жоспарын дайындай

бастайды және оны плакатта көрсетеді. Ол үшін

бұл жарнама плакаты қандай өлшемдерге сәйкес келуі керектігін түсіндіремін:

– шараның ерекше атауы;

– қызықты мазмұн;

– безендірілуі;

– үйірменің пайдасы туралы мазмұнды ақпарат. Плакатты безендіріп болған соң оқушылар

шығармашылықпен өз жобаларын көрсетулері тиіс:қойылым, авторлық өлеңдер, ән, т.б.

Қосымша тапсырмалар

Сыныпқа «Дене қимылы белсенділігі» және «Ақыл-ой белсенділігі» деген жазуы бар екі қорапшаны ұсыну. Оқушылар үлестірмелі парақшаға жазылған сөздерді немесе заттың суреттерін екі қорапшаға бөлулері керек. Мысалы: баскетбол – дене белсенділігі,

шахмат – ақыл-ой белсенділігі.

Оқушыларға бұл ұғымдардың нені білдіретінін

және дене қимылы мен ақыл-ой белсенділігінің

қаншалықты маңызды екенін түсіндіруді ұсыну.

 Сен білесің бе?

Оқушыларға оқулықтағы фотосуреттерге қарауды  ұсыну.

 Суретте кімнің бейнеленгенін

білесіңдер ме?

 Жансая Әбдімәлік – қазақстандық жас шахматшы. Жансая 8 жасында әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ал 11 жасында әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды.

Адам бір нәрсемен неғұрлым  ертерек көңіл қойып айналысса, оның жетістікке жетуіне мүмкіндіктің соғұрлым көп болады. Жансая да осындай жетістікке жеткен оқушы.

Сендер мектепте оқыған кезінен бастап бір бір нәрсемен шұғылданған,және жетістікке жеткен атақты қандай адамдардың бар екендігін  зерттеп келіңдер.

 

Төрт постер, маркерлер, сабақ тақырыбына

байланысты суреттер: теннис, шахмат, футбол,

қолөнер. Тірек сөздер жазылған үлестірме

парақшалар.

Заттық суреттер: мұғалім, дәрігер, кітапханашы,

аспаз, жаяу жүргінші, бағдаршам, асхана, кітапхана,

медициналық кабинет.

Сюжетті суреттер: тәртіп, ереже, жауапкершілік,

қарым-қатынас, әңгімелесуші туралы. «Дене қимылы

белсенділігі» және «Ақыл-ой белсенділігі» деген

жазуы бар екі қорапша.

Осы сынып оқушыларының сабақтан тыс шараларға

(үйірмелер, секциялар, саяхаттар, олимпиадалар

және т.б.) қатысу сәтінде түсірілген 10х15 көлемді

фотосуреттері (5–6 дана, мұғалім мұрағатынан).

Интернет-ресурстар:

http://sibac.info/index.

http://adalin.mospsy.ru

http://www.zakon.kz

 

 

Сабақтың соңы

 

Кері байланыс:

Сабақта.

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Маған ұнады....

Мен қиналдым....

Менің көңіл – күйім.

 

Дифференциация – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Зерттеу жұмысының нәтижесін жазу.

«Ойлан және әңгімеле» тапсырмасында ұсынылған сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынды.

Бағалау – оқушы материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 Бағалау ретінде «Допты ұста» ойынын ойнату.

Оқушылар шеңберге тұрады. Допты алған оқушы

сұрақ қойып, басқа оқушыға лақтырады. Ойын

барлық оқушы қатысқанша жүргізіледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз