Біз жақсы сөйлейміз!

Наурызбай ауданы
№172 бөбекжай балабақшасының логопеді
Байболатова Асель Мырзагалиевна

 

Тіл мерекесі

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Біз жақсы сөйлейміз!»

Мақсаты: жыл бойы алған білімдерін бекіту. Балаларға Р, Ш, Л, С  дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, сурет бойынша сөйлем құрауға дағдыларын шыңдау, байланыстырып сөйлеу тілін  дамыту.

Дамытушылық: балалардың фонетика-фонематикалық қабылдауын, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, қолдың ұсақ моторикасын  дамыту. Өз ойын еркін жеткізуге баулу.

Тәрбиелік: баланы ұқыптылыққа, жинақылыққа, тапсырманы аяғына дейін орындауға үйрету.

Көрнекілігі: слайд, дидактикалық ойындар бойынша үлестірмелі материалдар, суреттер, сыйқырлы сандық, қазақ үй.

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар! «Біз жақсы сөйлейміз» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!

Ортаға «Ракета», «Лимон», «Шар» командаларын шақыруға рұқсат етіңіздер (әдемі әуенмен, ата-аналардың қошеметімен командалар залға кіреді).

Әр команда өзін таныстырып өтсін:

«Ракета» командасы: бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!

«Лимон» командасы: білімді мыңды жығады!

«Шар» командасы: өнер алды – қызыл тіл!

Сайысымызды бастамас бұрын бағалау шартымен таныстырып өтейін. Әр дұрыс жауапқа ракета, лимон, шар беріліп отырады. Оқу қызметінің соңында бірге санап қай топтың жеңгенін анықтаймыз. Ал балалар сіздерге сәттілік тілеймін! Сайысымызды бастаймыз!( Экранға назар аударамыз)

Негізгі бөлім.

1-Тапсырма. «Кім алғыр»

Мақсаты: балалардың есте сақтауын, ойлау қабілетін  дамыту, ауыз қуысының артикуляциясын пысықтау.

Шарты: суретте берілген  артикуляциялық жаттығуды атап, орындау шеберлгін көрсету.

Артикуляциялық жаттығулар: бақа, піл, ат шауып келеді, тәтті тосап, кеме, күрке тауық т.б.

2-Тапсырма. «Кім көп сөз біледі?»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты: Р, Ш, Л дыбыстарына байланысты сөздер айтып, пришепканы бір-біріне қыстыру.

3-Тапсырма. «Сиқырлы сандық»

Мақсаты: балалардың фонетика-фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілік пен тез әрекет етуге үйрету.

Шарты: сыйқырлы сандықтың ішінен дөңгелекшелерді алып, онда бейнеленген суретті атап, ондағы басқы және соңғы дыбысты атап, соңғы дыбыстан басталатындай етіп сөздерді ретімен орналастырып жұлдызды құртты құру, яғни дөңгелектерді ретімен бір-біріне байлау.

Релаксация: «Табиғатқа саяхат» (табиғаттың әсем дауысын тыңдап елестету). Ал балалар шаршадық па? Онда көзімізді жұмып, әдемі әуенді тыңдап, естіген дыбыстарымыз арқылы қандай бейне көз алдамазға келетінін көрейік. Ал балалар көз алдымызға не елестеді?

4-Тапсырма. «Алма ағашы»

Мақсаты: Р, Л, Ш дыбыстарын дифференцациялау. Дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөзде бекіту.

Шарты: себеттегі алмада бейнеленген суретті атап Р, Л, Ш, С дыбыстарын бір-бірінен ажыратып, алма ағаштарын алмаға толтыру.

5-Тапсырма. «Балық аулайық»

Мақсаты: берілген суреттер арқылы сөйлем құрауға үйрету.

Шарты: балықты аулап, ондығы берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрау.

6-Тапсырма. «Мен жақсы сөйлеймін»

Мақсаты: балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөйлемде бекіту.

Шарты: ертігіні электрондық қазақ үй құралынан тыңдап,  желісі бойынша әңгімелеу.

Қорытынды: балалар бүгіні сайысымыз сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

Ал балалар бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайық. Алдымен «Ракета» тобы неше ракета жинады санайық. Енді «Лимон» тобы неше лимон жинады екен санайық. Енді «Шар» тобы неше шар жинады екен санайық. Енді балаларымызды марапаттауға №172 балабақшаның меңгерушісін шақырамыз.

Осымен біздің «Біз жақсы сөйлейміз» атты тіл мерекеміз аяқталды. Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Тәрбиеші жолдастар менің оқу қызметім ұнаса кіреберістегі ағашқа қызыл жүрекшені жапсырыңыздар, егер ұсыныстарыңыз болса сары жүрекшеге жазып жапсырыңыздар. Қош сау болыңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)