Өлең, жыр, ақындар

Ашық сабақ Драма

Білім беру саласы ;Коммуникация

Бөлімі; Драма

Мақсаты: Балаларды желілік-рөлдік ойын шартын түсініп ойнауға, ойын арқылы өзін-өзі ұстай білуге, өзгені тыңдап, түсініп қолдай білуге, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Ертегі мазмұнын түсініп, сұраққа жауап беруге ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін рөльдерге еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
        Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ертегі, ғажайып сәт, ойын, өлең жаттату.
        Көрнекі құралдар: DVD дискі, ертегі атрибуттары, дүкен ойын көрнекілігі.
        Көптілділік компоненттері: Супермаркет-дүкен-магазин-store, сатушы- продавщица-saleswоmаn.
       Мотивациялық-қозғаушы кезең: 
        - Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізге қонақтар келіп отыр. Алдымен шаттық шеңберіне тұрып сәлемдесіп алайық. Балалар шеңбер бойымен тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды:
Білер қазақ баласы,
Сәлем- сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Қайырлы таң, көк аспан,
Қайырлы таң, жер-ана.
Қайырлы таң, достарым,
Қайырлы таң, қонақтар!
Балалар қолдарын жоғары көтереді, кеудеге қояды.
Балалар, қане, бір-бірімізге  өзіміздің жүрегімізден шыққан жылы лебіз тілектерімізді білдірейік.
-Деніміз сау болсын!
-Елімізде тыныштық болсын!
-Көк туымыз биік болсын!
-Жеріміз бай болсын!
-Бәріміз күндей жарқырайық!
-Барлығымыз дос болайық!
Енді орнымызға жайғасайық.
-Балалар, «Ерте, ерте, ертеде» деп не басталатын еді?
-Ертегі.
-Мен сендерді «Мақта қыз бен мысық» ертегісін көруге шақырамын. (Видеодан ертегіні көрсету).
Ертегі бойынша сұрақ-жауап:
- Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?
- Ертегі не жайлы екен?
- Ертегі кейіпкерлерін ата.
Балалардың жауаптары.
- Балалар, мысық сағызды қайдан алды?
- Дүкеннен.
- Дүкен деген не екенің білесіңдер ме?
- Дүкен  қазіргі заман талабына сай "Супермаркет" деп атаймыз. Супермаркет адамға қажет барлық заттар сатылатын орын. Онда дүкенші, зат  тасушы адамдар қызмет етеді.
- Сендер дүкенге барасыңдар ма, кіммен барасыңдар?
- Сендерге ұнатқан затты кім алып береді?
- Супермаркет дүкенінен зат алу үшін бізге не керек?
- Ақша.
- Ал сол ақша бізге үлкен еңбекпен келетінін білесіңдер ме?
Міне, сендердің ата- аналарың еңбекпен тапқан ақшасын дүкенге барып, сендердің киімдеріңе, жейтін тағамдарыңа жұмсайды. Сондықтан сендер ата- аналарыңның еңбегін бағалап, ұқыпты болуларың қажет.


«Тенге жинау» ойыны.
Мақсаты: Аңғарымпаздыққа, ептілікке, шапшандыққа тәрбиелеу.
-Ал сендер мысықтың дүкеннен қалай сауда жасағанын көргілерің келе ме?
Ендеше сол «Ертегілер еліне», «дүкенге» саяхат жасайық.
Балаларды рольдерге бөліп сахналау.
Мысық дүкенге келіп, кезекке тұрады. Алдындағы адам сауда жасайды.
1-бала. Сәлеметсіз бе! Сіздерде қандай көкөніс түрлері бар? Мен сорпа пісірейін деп едім, маған қандай зат алуға болады?
Дүкенші. Сәлеметсіз бе! Келіңіз, не қалайсыз? Сорпа пісірсеңіз, сіз картоп пен сәбіз аласыз.
1-бала. Картоп қанша тұрады?
Дүкенші. Картоп 1 теңге тұрады.
-Ал сәбізіңіз қанша тұрады?
-Сәбіз 2 теңге тұрады.
Дүкенші. Ас болсын!
1-бала. Рахмет,сау болыңыз!
2-бала. Сәлеметсіз бе! Бүгін менің інімнің туған күні еді, ініме не сыйласам болады?
Дүкенші. Сәлеметсіз бе! Келіңіз, не қалайсыз? Бізде балаларға арналған ойыншықтар түрлері, тәттілер бар. Туылған күн болса, ер балаға машина ойыншығын алғаныңыз жөн.
2-бала. Мына машинаңыз қанша тұрады? 
Дүкенші. 3 теңге тұрады.
2-бала. Маған осы машинаны беріңізші?
Дүкенші. Келіп тұрыңыз!
2-бала. Рахмет, сау болыңыз!
Алдындағы адамдар сауда жасап, мысықтың кезегі келеді. 
Ғажайып сәт:
Кезекке мысықтан кейін әжей келіп тұрады.
Дүкенші. Сәлеметсіз бе! Келіңіз, сіз не қалайсыз, жұмыс уақыты аяқталды. Тездетіңіз!
Әже. Ау, қарағым, кеш болып қалды, затынды ала бер. Кезегім де кеп қалды ғой, жолыңнан қалма!
Мысық: Әже, үлкенге құрмет көрсету, кішінің міндеті ғой. Біз де сіздей үлкен болармыз, сол кезде кішілер осылай кезегін беріп тұрса, ол әдептіліктің белгісі болар еді.
Әже: Рахмет! Өркенің өссін, менің жолымды, жасымды саған берсің!
Мысық: Маған сағыз керек еді.
Сағыз қанша тұрады?
Дүкенші: Сағыз 2 теңге тұрады.
Мысық: Рахмет, сау болыңыз!
Ертегіні сахналау.
-    Балалар, біз қандай ертегімен таныстық?
-    Мақта қыз бен мысық.
-    Ертегіде басты кейіпкер кім?
-    Мысық.
-    Мысық сағыз алу үшін қайда барды?
-    Дүкенге.
-    Дүкен дегеніміз не екен?
-    Адамға қажетті заттар сатылатын орын.
-    Онда кім жұмыс істейді?
-    Дүкенші.
-    Мысық сағызды қаншаға алды?
-    2 теңгеге.
-    Мысық дүкенде өз кезегін кімге берді?
-    Әжейге берді.
-    Ол неге өз кезегін берді?
Міне, бұл жерде мысықтың ақылдылығы мен әдептілігін көрдік. Көпшілік орында  бірінші сәлемдесу, құрмет көрсету кішінің міндеті екенің ұғындық.
Енді дүкен, дүкенші сөздерінің қазақша-орысша баламасын айтып көрейікші.
Дүкен- магазин, дүкенші- продавщица.
«Үлкенге» өлеңін жаттау.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Балалар, бүгін оқу іс- әрекетімізден нені үйрендік?
Дүкен, ондағы мәдениеттілікті, үлкенге құрмет көрсету, қамқор болуды үйрендік.
«Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала» деген мақал бар. Сендер тек қана әдепті бала болып өсетіндеріңе мен сенемін. Әрдайым әдептілік сақтап жүріңдер. Бүгінгі оқу іс- әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.


Пікірлер (3)

Фарида

Маган драмадан ата мен аженiн ауылына саяхат деген такырыпка сабак жоспары керек едI.Балабакшага арналган болсыншы

Улбала

Маган Ортангы топка Драммадан Шырылдауык шегиртке такырвбвндагы ашык оку кызмети керек, отиниш комектесиниздерши, пйдын ортасында болатын еди спбагым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз