Шеберлік сабақ: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау.

Шеберлік сабақ

Өткізген:  үшінші деңгейлі география пәні мұғалімі Рүстемов Марғұлан Зейноллаевич және үшінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Омирбаева Майгуль Рымбековна

ТАҚЫРЫП: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау.

Шеберлік сабақтың мақсаты мен міндеті:

Мектеп ұжымына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу  туралы түсінік беру,  маңыздылығын ұғындыру,  бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.

Күтілетін нәтиже:

Білім сапасы артады, мұғалімдер орта және қысқа мерзімді  сабақ жоспарына  7 модульді жоспарларына ықпалдастыра алады. Қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясына салуды үйренеді, оқушылардың  ынталануына , критерийалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізеді

Бағытталған аудитория: Мектеп ұжымы.

Шеберлік сабақтың мақсаты: Қызығушылықты ояту, Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия.

Әдіс тәсілдер: «Миға шабуыл»(стратегиялық сұрақтар) . Топтық жұмыс(бірлесіп талқылау) , мәтінмен жұмыс, постер қорғау, кері байланыс түрлерімен таныстыру.

  • Құрал жабдықтар: Интерактивті тақта ,таныстырылым,аудио және видио материалдар
  • Дидактикалық материалдар: үлестірме материалдар Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық,  орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар үлгісі, « кері байланыс» түрлері.

  

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Іс-әрекеті

 

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

«Жүректен жүрекке»

(әрітестерді жақсы, көтеріңкі көңіл күйге шақыру)

Негізгі кезең

Мағынасын ашу

Амандасу

Қолдарынан ұстап шеңбер бойында бір –бірлеріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп тілек айту

Қима қағаздар арқылы топтастыру.

  1-топ:  Жаратылыстану бағыты

  2- топ:   Гуманитарлық бағыт

Шебер -сыныптың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

 Сабақтың жоспары қалай жазылып жүр? Не үшін өзгеріс енгізу керек?

Қимыл қозғалыспен көрсетеді.

Себеттен кезекпен кезек қима қағаздарды ала отырып топтасады.

Өзі таңдаған қағазда не делінген не себепті ол топқа отырғаны жөнінде түсінік береді.

 

Мұғалімдер ойланады, ойларымен бөліседі.

Тұсау кесер: «Миға шабуыл» әдісі. Ой қозғау

(слайдпен жұмыс)

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

Постер қорғау.

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар дегенді қалай түсінесіздер.

Таныстырылым: Блум таксономиясы презентациясы.

3.      Таныстырылым: «Қысқа мерзімді жоспар» үлгісі, мақсаты, маңыздылығы.

4.      Таныстырылым: Сабақта қолданылатын стратегиялар, талқылау тәсілдерінің жинағымен таныстыру.

Практикалық тапсырмалар арқылы  орта мерзімді жоспарды құруға үйрету.

Барлық әріптестер орындарынан тұрып, балалық шаққа саяхат жасап, ән айтып, би қимылдарын жасайды.

РЕФЛЕКСИЯ:

Не үйрендім?

 

 

Мен үшін не жаңа болды?

 

 

Іс-тәжірибемде қолданамын

 

 

Маған не қиын болды

 

 

«Орта мерзімді жоспар», «Қысқа мерзімді жоспар» жайлы не білесіздер?

флипчартқа берілген тапсырманы орындайды.

 

Таныстырылымды көре отырып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар туралы түсінік қалыптасады.

 

Мұғалімдер бірлестік болып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрып үйренеді.

Музыканың ырғағымен қимыл қозғалыстарын жасайды

Әр топ өз ойларымен бөлісіп ортаға салып талқылайды.

 

Рефлексивті есеп

Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар,

сіздер,  ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.

Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

Шеберлік сабақтың түйінді идеясы мұғалімдерге неліктен оқушыларды дәл осылай оқыту қажеттігі туралы білімді қалыптастырып қана қоймай,олардың жаңа идеяларды өз тәжірибесінде іске асыруға дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, бағдарламаны игерген мұғалімдер әріптестеріне өз тәжірибесіне жеті модульді енгізуге көмектесу мақсатында олармен жұмыс істейтін болады. Тізбектелген сабақтар топтамасының құрылымы Екінші деңгей бағдарламасының жеті модулін байыппен енгізуге жағдай жасап, ал мұғалімдер жүргізген іс-әрекеттегі зерттеулер өзгеріс енгізу үдерісі мен осы өзгерістердің нәтижелері туралы тәжірибеге негізделген мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. 

                     

Психологиялық ахуал                                                                    Топпен жұмыс

туғызу сәті

 

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланысқа келетін болса.   Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесіне бағдарламаның барлық жеті модуль ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімді жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады. (МАН.117-118бет)

Мектебімізге өзгеріс енгізуді оқу жылынан бастайық деген оймен, мұғалімдерге орта  және  қысқа мерзімді жоспарлауды үйрету мақсатында осы шеберлік сабақты ұйымдастырдым.    

Тақырып: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау.

Шеберлік сабақтың міндеті мен мақсаты:

Мектеп ұжымына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу  туралы түсінік беру,  маңыздылығын ұғындыру,  бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.

Күтілетін нәтиже:  Білім сапасы артады, мұғалімдер орта және қысқа мерзімді  сабақ жоспарына  7 модульді жоспарларына ықпалдастыра алады. Қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясына салуды үйренеді, оқушылардың  ынталануына , критерийалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізеді

Аудитория: Мектеп ұжымы.

Шеберлік сабақтың мақсаты: Қызығушылықты ояту, Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия.

Әдіс тәсілдер: «Миға шабуыл»(стратегиялық сұрақтар) . Топтық жұмыс(бірлесіп талқылау) , мәтінмен жұмыс, постер қорғау, кері байланыс түрлерімен таныстыру.

Құрал жабдықтар: Интерактивті тақта ,таныстырылым,аудио және видио материалдар

Дидактикалық материалдар: орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар үлгісі, « кері байланыс» түрлері.

Сабақты үшінші деңгейлі география пәні мұғалімі Рүстемов Марғұлан Зейноллаевич және үшінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Омирбаева Майгуль Рымбековна өткіздік.

Сабағымызды ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберіне тұрып бір бірлеріне жақсы тілектер айтып, жағымды эмоция сыйлап жұмысқа кірістік.

Себеттен кезекпен кезек қима қағаздарды ала отырып  әркім өз жұптарын тауып гуманитарлық және жаратылыстану бағыты болып топтасты. Қима қағазарда өлең жолдары берілген, сол өлең жолдарын орындай отырып не себепті ол топқа отырғаны жөнінде түсінік береді.

оқыту ме оқу барысында өзгерітер енгізуді жоспарлардан бастайық деп айта келе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың маңыздылығына,қажеттігіне қысқаша тоқталып өттім.

Әріптестеріме орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар дегенді қалай түсінесіздер? Деген сауал қойдық. Әріптестер сол сауал төңірегінде ой бөлісті. Әріптесім Марғұлан Зейноллаевич әр топқа осы блум таксаномиясының құрылымы қандай?   Деген сауал берді. Әр топ өз ойларын флипчартқа жазып қорғады.

Әріптестер өз ойларын ортаға салған соң Марғұлан Зейноллаевич    Блум таксономиясы презентация арқылы таныстырылым жасады.

Сонымен қоса «Қысқа мерзімді жоспар» үлгісі, мақсаты, маңыздылығы. Сабақта қолданылатын стратегиялар, талқылау тәсілдерінің жинағымен таныстыру жасалып талқыланды.            

Таныстырылымды көре отырып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар туралы түсінік қалыптасты.

Орта мерзімді жоспарды құруға үйрету мақсатында әріптестерге практикалық тапсырма берілді.  Яғни әр топ бір орта мерзім бір қысқа мерзім сабақ жоспарын құру керек болды. Барлығы бастауыш пәннің мұғалімдері болғандықтан оқулықтан тізбектелген сабақтар   бойынша,орта мерзімді жоспарды  бірлесе отырып жасады , постер қорғады.

Содан соң қорытындылай келе өзіміз интерактивті тақтадан әріптестерге «тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау қажеттігін негіздеу» тақырыбындағы презентация көрсете отырып   түсіндіру жұмысы жасалды.Сабағымызды «Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?»  деген сауал арқылы қортындыладық.

Не үйрендім?

 

 

   Мен үшін не жаңа болды?

 

 

Іс-тәжірибемде қолданамын

 

 

Маған не қиын болды

 

 

Әр топ өз ойларымен бөлісіп ортаға салып талқылады.

Рефлексия кезінде мұғалімдерден стикер арқылы  мұғалімдерден кері байланыс алдық .Тақырыптағы тапсырмалардың ұнағандығы,ОМЖ жоспарын құруды үйренгендігі,ОМЖ құруға жоспар қойғандықтары жазылған.  Нe нәpce жaқcы өтт.i Мұғaлiмдepдiң қызығyшылығы ынтымaқтacтықтa opын aлып,тoппeн,пocтepмeн жұмыc жacaғaндapы,тапсырмаларды жақсы орындауы,epкiн oйлapын жeткiзyлepi cәттi бoлды.

Нe нәpce cәтciзкeйбip мұғaлiмдepдiң тaпcыpмaны түciнбeyлepi,yaқыттың жeтicпeyшiлiгi сәтсіз болды


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)