Алтын күз

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
1 санатты тәрбиеші Ходжантаева Куралай Икласовна

Әсем безендірілген залға «Күз келді!» сазымен балалар қолдарына жапырақтарды алып кіреді.
Жүргізуші: Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап, тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?     /Күзде/
Ботагөз: Сары алтындай сары күз,
Бірге шырқар әніміз.
Жаздай күткен бәріміз,
Келді міне алтын күз!
Сезім: Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Ақерке: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Амина: Шақырады жарқын күз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Жайдарлы жарқын жүзімен,
Келді міне, Алтын күз!

Мұстафа: Көбейді  құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ән. Алтын күз.
Балалар жапырақтарын қойып, орындарына отырады.
Бұлт жүгіріп кіреді.
Бұлт: Мен ашулы, қатулы бұлтпын,
Көңіл көтеруді блмеймін.
Тоңдырайын бәріңді,
Жауынымды құйып бір.
/бұлт балаларға, қонақтарға су бүркеді/
Жүргізуші: Бұлт біраз сабыр ет,
Жауыныңды алып кет.
Сен туралы ән айтсын,
Балаларды тыңдап кет..
Ән. Жаңбыр
Жүргізуші: Күрке ғой көрсең алыстан,
Астында адам қорғанар.
Ұстасаң бір тал қамыстан,
Төбеден суы сорғалар. 
Балалар: Қолшатыр.
Би. Қолшатырмен.
Жүргізуші: Ия, күзді сағындық біз!
Ой, балалар,тыныш, тыныш,
Қане, құлақ түріңдерші.
Келе жатыр біреу бізге,
Қане, шығып көріңдерші.
Кім болсаң  да қонағымыз,
Балалардың көңілін көтерші.
/музыка ойнайды, залға қоян кіреді/
Жүргізуші:  Ой, бізге қорқақ қоян қонаққа келіп қалыпты ғой.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар
Сонша асықтым, қараңдар,
Зорға құтылдым қасқырдан 
Шүкір еттім тірі қалғаныма!
Діріл қағып қорыққанымнан.
Жүргізуші: Сен қояным тыныштал,
Енді ештеңеден қорықпа! 
Мында қасқыр да, түлкі де жоқ
Одан да айтып берші асықпай.
Орманнан  күзді көрмедің бе?
                            
Қоян: Алаңқайда жүрдім мен,
Ал, күзді көрмедім. 
Қоян: Мен орамжапырақты жақсы көремін! 
Менің орамжапырағым қайда?

 Жүргізуші: Қоян бірінші сенімен ойын ойнағымыз келеді.
Ойын «Шапалақтау ақырын-қатты»                                     

Қоянның көзін байлайды
Орамжапырақты жасырып қоямыз
Қоян: Орамжапырақты іздейді.
/Қоян орамжапырақтан алыста тұрса балалар жәй шапалақтайды, жақын тұрса қолдарын қатты соғады/.
Ойын. Шапалақтау ақырын-қатты                                     
Қоян: Қазір мен орамжапырақты тез тауып аламын
Қоян балалардың шапалақтауы бойынша орамжапырақты тез тауып алады.
Ах, неткен әдемі, ғажайып орамжапырақ, дәмі кетпес ауыздан тауып алдым осы маңнан. 
Жүргізуші: Орамжапырақты тауып алдың ба? Қояным жарадың,
Енді ала ғой!
Қоян: Көп рахмет сендерге, балалар! 
Тезірек үйіме барайын. Сау болыңдар.
Жүргізуші:
Ой, балалар,тыныш, тыныш,
Қане, құлақ түріңдерші.
Келе жатыр біреу тағы.
/Тиін жүгіріп кіреді/
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мені таныдыңдар ма?
Тиінмін, мен тиінмін
Қыста жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші  жылы үйімнің.
Жүргізуші: Сәлем, тиін! Бізде қонақта қоян болды, біз қоянмен ойын ойнадық. Ал сен бізбен ойын ойнағың келе ме?
Тиін: Ойнағым келеді!
Тек сендер жаңғақпен бүрді теруге көмектессеңдер болды.
Ойын: жаңғақ пен бүрді жинау.
Біз саған тәтті тағам дайындап қойдық.
Бала: Қолымызға себет алайық
Бірге орманға барайық
Томаршалар мен жолдардан,
Саңырауқұлақтарды табайық!
Би саңырауқұлақтармен.
Балалар, ал сендер күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар тақпақ айтып береді
Балалар, ал сендер күз туралы ән білесіңдер ме?
Ән  «Күз келді»
Балалар, сендер  бүгін  Күздің туған күнін ұмытып кеткен жоқсыңдарма? 
Балалар: жоқ
Ал, балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Күз байлығын мадақтап,
Ортамызға алайық.
Күз кіреді (Ақерке кіреді)
Күз. Балалардың бәрін жақсы көреді,
Жемістерін  таратып алғыстарын жаудырады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)