Табиғатты қорғайық, аялайық!

Халықаралық «Мирас» мектебі
Батыргереева Гульмира Кушеналиевна

 

Сабақ жоспары/lesson plan

Пән/ kazakh B /course

ТАРАУ /UNIT:  Қоршаған орта/ Еnvironment

Тақырып/TOPIC: Табиғатты қорғайық,аялайық!

Сынып: 6 (орыс және ағылшын сыныптары)

Сабақтың мақсаты/ Оbjectives of lesson

Білімділік: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: осы тақырып бойынша жаңа сөздер үйрену, ол сөздерді, дұрыс қолдана білуге жаттығу, сұрақты түсініп жауап бере білуге дағдылану, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдылану.

Тәрбиелік: Табиғатта болатын құбылыстарды танып, терең, сезіне білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар: Әдебиет, жаратылыстану;

Жаһандық  контекст/global context : Риясыздық және даму

Негізгі концепция/key concept: Байланыстар

Пәндік-мақсаттық концепциялар/: Заңдылық пен мақсат

Зерттеу тезисі/: «Табиғат – тіршілік көзі»

Зерттеу сұрақтары/Inquiry question : Табиғаттың тілі болса, адамдарға не дер еді?

Білім алу жолдары/:

1. Зерттеушілік дағдылары: Ақпарат көздеріне сілтеме жасай алу;Бақылаушылық.

2. Коммуникативтік дағдылары: Тыңдау арқылы түсіну

3. Ойлау дағдылары: Міндеттерді шешу; Пәндер арасында байланыс жасай алу; Білімін таныс және таныс емес жағдайда қолдана алу және түсіну

4. Өзін–өзі ұйымдастыру дағдылары: Топта бірігіп және ынтымақтаса жұмыс жасай алу

5. Әлеуметтік дағдылары: Жұмыс мерзімін сақтай алу

Ағылшын тіліндегі терминология: Жуан дыбыс - firm sound
                                                         Жіңішке дыбыс - soft sound
                                                         Дыбыс - sound
                                                         Әріп - letter
                                                         Буын - syllable
                                                         Сөз – word

Сөздік: табиғат - nature, қоршаған орта – еnvironment

Белсенді лексика/Active lexicon:  әрине – of course, менің ойымша- In my opinion,өйткені- because

Жабдықтар: интерактивті тақта, парақшалар, бағалау парағы

Бағалау/assessment: формативті бағалау

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ: (зерттеу циклі: білу мен түсіну → іс-әрекет → талдау)

І. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен  сәлемдесу;

Студенттерді  тізім бойынша түгелдеу;

Студенттердің сабақ құралдарын тексеру;

Психологиялық ахуал. Жылы лебіз тілеп, оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Табиғат туралы мақал-мәтелдер жаттау.

1. Құс жеткен жеріне қонады.

2. Қоян көлеңкесінен қорқады.

3. Жері байдың – елі бай.

4. Жер – қазына,

Су – алтын, Мал – байлық.

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау: 

Табиғат деген не?

Сызба бойынша жауап береді.

(Жауап үлгісі: Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.
Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.)
ІV. Жаңа тақырып кезеңі

«Миға шабуыл» стратегиясы

- Бұл белгілер нені білдіреді?

Image result for экологические знаки по охране природы

Inquiry question: Табиғаттың тілі болса, адамдарға не дер еді?

Тақырыпты анықтау, мақсат қою.: Табиғатты қорғайық,аялайық!

 «Не артық»  ойын арқылы сабақтың тақырыбына кіреміз.

- 5 маусым  Халықаралық  қоршаған ортаны қорғау күні екенін білесіңдер ме?

- Әлемде қандай шаралар өткізіледі? Бейнебаянды мұқият көріп,өз ойларыңызды айтыңыздар.

Image result for On June 5, the World Environment protection

https://www.youtube.com/watch?v=lrCh5X3xrrU

«World Environment Day» бейнебаян 2 мин

1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.

Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн, жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады. Табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.

V. Бекіту  

- Табиғат дегенде көз алдымызға не елестейді?

- Адам мен табиғат қандай байланыста?

- Адамдар өз өміріне қажетті заттарды қайдан алады?

«Табиғатты қорғайық, аялайық!» Бейнебаяны 3 мин       https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU

1 тапсырма  (Ауызша жауап беру)

«Табиғатты қорғайық, аялайық!» бейнебаяны қандай әсер қалдырды?

Мен өте қуаныштымын, себебі -------------  Мен ашулымын, себебі -------------------------------------------


Мен көңілсізбін, себебі-----------------------   Мен ештеңе түсінбедім, бірақ енді ойланамын.             

Тапсырма/ Дифференциация   

2. Мәтінді пайдалана отырып,  сөз тіркестерін құрастырыңдар.

өсімдіктер        тіршілігінен

жылдар            дүниесі

 табиғи             қорғауға

жан-жақты      өткен соң

3. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.

4. Төмендегі тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.

Өндірісі дамыған, тіршілігінен айырылып қалмақ, елімізде табиғат байлығы, сақтайтын қорықтар көп.

ІI-кезең. Грамматикалық сәт.

                                         Үндестік заңы (Закон сингармонизма)

Түбір мен қосымшаның аралығындағы өзара үйлесіп айтылуы

Үндестік заңы деп айтылады  (Правильное сочетание звуков в корне и аффиксе слова называется законом сингармонизма )

2. Негізі үндестік заңы қандай? Какие основные законы сингармонизма?

1. Түбірдің соңғы буыны (последний слог в корне) жуан болса,  оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады: бала-лар, қыз-дар,сынып-тар,ата-лар-ға, ана-лар-дың

 2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болады:

мектеп-терді,   мұғалім-дер-ге

3.Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады:

  Бала - лар   /дауысты+үнді/   бала - ға     /дауысты+ұяң/

жел - ге    /үнді+ұяң/              жел - мен    /үнді+үнді/

4.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады:

              Қаз - дар,   қаз - ға,   жез - ді,   мұқтаж - дық

5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша тек қатаңнан басталады:

           Мақсат - қа,   мақсат - пен,   тілек - пен,   тілек - ті

Топтық жұмыс:

Бірінші топ.

Табиғатта демалғанда адамдар қандай ережелерді сақтау керек?

Image result for отдых на природе

Екінші топ.

Related image

  1. Осы қоқыстарды кімдер тастайды?-----------------------------------------------
  2. Жиі тасталатын қоқыстар нелер? -------------------------------------------------
  3. Сағызды неге тастауға болмайды? -----------------------------------------------

VI. Рефлексия/Reflection:

- Бүгін қандай жаңа сөздер үйрендік? ()

Inquiry question: Табиғаттың тілі болса, адамдарға не дер еді?

1.--------------------------------------------------------------------------------------------------

2.--------------------------------------------------------------------------------------------------

3.--------------------------------------------------------------------------------------------------

1-оқушы: Табиғатты қорғап біз, аялайық,
Бар жақсыны оған тек аямайық.

2-оқушы:Отырғызып ағашты, суарып гүл,
Табиғатты одан әрі жайнатайық.

3-оқушы:Табиғатым жайнасын, құрымасын,
Халықты ойландырар іске айналсын.

4-оқушы:Бар адам гүл  өсіріп үй маңына,
Табиғат осылай гүл жайнасын.

5-оқушы:Табиғаттты қорғайықшы бәріміз,
Табиғат ол біздің ішкі жанымыз.

6-оқушы:Қуанар еді, табиғат нұрын шашып
Көмектессек табиғатқа бәріміз.

VII. Бағалау/Аssessment

1. Оқушылар өз-өзін бағалайды

2. Екі топ бір біріне баға береді

VIII. Үйге тапсырма/homework. «Табиғатты қорғайық,аялайық!» тақырыбына эссе жазу  (60 сөз)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)