Табиғат және біз

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы
Шалдай ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Фаизова Гульжан Ануарбековна​

 

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғат және біз

Сабақтың мақсаты׃

Білімділік: Оқушылардың білімдерін жан-жақты байқау Өз ойларын еркін айта білуге үйрету. Түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Етістіктің бұйрық райы туралы ұғым беру.

Дамытушылық׃ Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік׃ Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі׃ Жарыс сабақ (топтық)

Сабақтың әдісі: қысқаша баяндау, сұрақ-жауап, ізденіс, сөйлеу, ізденіс.

Пәнаралық байланыс׃ география

Көрнекілік׃ бейнематериал. 

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру  кезеңі. 

Достық шеңбері .

Оқушылар бір-біріне сабақта сәттілік тілейді, жылы лебіздерін білдіреді.

I.  Сабақтың тақырыбына шығу.  

Оқушылар бейнематериалды  тамашалайды ,"Стоп кадр " әдісін қолданып әр оқушы өз ойын жеткізіп, жалғасын болжайды.

Сыныпты екі топқа бөлу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, бейнематериал не туралы? Бейнематериалда көрген көріністер біздің табиғатқа ұқсай ма?

- Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: " Табиғат және біз"

Оқушыларды таңдап алған ағаштардың,гүлдердің суреттері бойынша екі топқа бөлемін. "Саялы бақ", "Дала гүлдері ".

Оқылым, тыңдалым, айтылым.

II. Мәтінмен жұмыс жасау. 190-бет. Мәтінді оқып мазмұнын түсіну.

"Саялы бақ" сұрақтар құрастырады.

"Дала гүлдері " оларға жауап береді .

1. Қоғамдық өрлеу неліктен ілгері шарықтай алмайды?

/жауаптары/ саялы қалың ормансыз, айдын шалқар көлсіз, құнарлы егістіксіз, шұрайлы жерсіз, жабайы жануарларсыз./

2. Бүгінгі күнде нені орынды пайдалану маңызды мәселеге айналып отыр?

/табиғатты қорғау, табиғат байлығын орынды пайдалану/

3. "Табиғатты бағындыру" деген не?

/табиғатпен достасу, онымен тіл табысу, оның заңдарымен келісу, санасу, түсіну/

"Екі тілек бір ұсыныс" әдісі бойынша бағалау.

Рахмет оқушылар жауаптарыңызға ризамын.

Айтылым.

 III. - Біз балалар еліміздің әсем жерлерінің бірінде тұрамыз. Шалдай орманы ерекше орманды алқап. Шалдай орманы немен бай?

"Ыстық орындық " әдісі арқылы әр топ жарысады.

Әр топ 3-сұрақтан қояды.

- Қыста қорықшылар қандай жануарларға азық береді?

- Қандай жануарлар мекендейді?

- Дәрілік өсімдіктердің қандай түрлерін кездестіруге болады?

Смайликтер арқылы бағалайды.

Жазылым, айтылым.

- Балалар, біз туған жер табиғаты туралы білімімізді кеңейттік.

Табиғат аясында демалған кезде кейбір адамдар қоршаған ортаға зиян келтіреді. Келісесіңдер ме?

Балалардың жауаптары.

Олай болса, осындай жағдайда қандай кеңес берер едіңдер?

"Балық қаңқасы" әдісі бойынша бұйрық райды қолданып сөйлемдер құрастыру 

- Орман ішінде қоқысты шашпа.

- Ағаштарды сындырма.

- Гүлдерді жұлма.

- Жәндіктерді өлтірме.

- Улы саңырауқұлақты жинама .т.б жауаптар.

IV. Табиғат байлықтарын орынды пайдалану керек пе? Әлде жоқ па?

"Ар-ождан саяжайы" әдісі арқылы әр топ өз ойларын дәлелдейді.

Сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді , сөз тіркестерін қолданады.

V.Рефлексия.

"Түймедақ" әдісі арқылы меңгерген білімдерін жинақтайды.

Әр оқушы берілген гүлдің жапырағына табиғатты қорғау жайлы өз ойларын жазады.

VI. Қорытынды.   Бағалау.

Үй жұмысын беру. "Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" тақырыбына шағын эссе жазу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)