ЕХРО – өнертапқыштар бәсекесі

Пәні: Қазақ тілі              

Сыныбы: 11 сынып  

Мұғалімі: Шайханова Айнур Аблаевна өскемен қаласы, № 39 орта мектебі.

Сабақ тақырыбы:

ЕХРО – өнертапқыштар бәсекесі

Білімділік:

 

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ЕХРО көрмесі туралы толық ақпарат беруге үйрету.  Қалау райды меңгерту.

Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту.

Тілдесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ЕХРО туралы ақпарат бере алады, оның ерекшелігін таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы ЕХРО көрмесін сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен ЕХРО көрмесі туралы мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге түседі.

Негізгі түсініктер:

Нарық, бәсекелестік, көрме, ұтқыр.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, талдау, «Ыстық алақан» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Тірек сөздер» стратегиясы,

Дереккөздер:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.

Оқушылар «Ыстық алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

 Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген

қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып,

«ЕХРО» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.

Ассоциаграмма құрады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім тақтадан оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға  қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді

тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы                                           1, 2-тапсырмаларды орындатады.

Жазылым. Айтылым. Өлеңді оқиды,

сөйлемді толықтырады, етістікпен сөйлем құрайды, бұйрық райды шартты райға айналдырады, мақалдардан етістікті тауып, рай түріне қарай талдап жазады, сұраққа жауап береді.

3. Грамматика. Қалау райды меңгертеді.

Қалау райды меңгереді.

 

4. Мәтінмен жұмыс.

А) Оқылым. Тыңдалым. Айтылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін                         4-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, түсінгенін айтады.

 

 

Ә) Айтылым. Жазылым. Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5 тапсырманы орындатады.

 

Айтылым. Жазылым. Оқылым. Айтылым. Ақпараттың дұрыс/дұрыс еместігін аңықтайды, етістіктерді қалау райға айналдырады. Сұрақтарға жауап береді, ойланады, айтады, етістіктерді қалау райлы тұлғада жазады.

ІІІ. Ойтолғаныс

 «ЕХРО» сөзіне синквейн кұрғызады

Синквейн  құрады.

IV. Бекіту

Мәтін бойынша сұрақтар қоғызады.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қо­рытынды бағаны өзі қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау

VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып

береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)