Аяулы күз, алтын күз

Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Қабанбай батыр ауылы
№41 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Арстамбекова Шарбат Габдулловна

Күзгі бал кеші
Сахна жапырақтармен, күзгі орманмен безендірілген.
Күзгі күңгірт әуен ойнап, сахнаға 2 жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:  Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын 
Көңілдің серіппелі күйін ашсын 
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, 
Береке бірлікпенен ортақтассын 
Кеш жарық, құрметті көрермендер, оқушылар, ұстаздар.  Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді. Ендеше,  Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

2 ведущий: Лес словно терем расписной 
Лиловый, золотой, багряный 
Веселой, пестрою стеной 
Стоит над светлою поляной. 
Добрый вечер! Дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас на этом празднике.
 
1-жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ұстаздар,оқушылар табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді шағымызда бүгін  3-4 сынып оқушыларының арасында «Күз ханзадасы мен Ханшайымын»таңдап алмақпыз. Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2 ведущий: Обожаю это время года! 
Праздник золота и багряца 
Синяя, шумящая свобода 
Ясность неизбежного конца.    
Вот и настал тот торжественный миг, «Бал Осени» открыт! 

1-жүргізуші: Өнерімен баршаны тамсандырар,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз. Қарсы алыныздар
3 а сыныбы: ________________________________________
3 б сыныбы: ________________________________________
3 в сыныбы: ________________________________________
3 г сыныбы: ________________________________________
3 д сыныбы: ________________________________________
4 а сыныбы: ________________________________________
4 б сыныбы: ________________________________________
4 в сыныбы: ________________________________________
4  г сыныбы: ________________________________________


2 ведущий: А теперь разрешите представить наше многоуважаемое жюри:
________________________________________ 
________________________________________
________________________________________ 
________________________________________


1-жүргізуші: -Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ
1. Таныстыру (2 минут)
2. Осеннее блюдо (защита 1 мин)
3. Күзгі сән үлгісі(Әр қатысушының өз қиялына байланысты) 
4. Подделки из природного  материала 
5. И конечно же музыкальный номер  (3 мин)                                     
Жүргізуші:Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға -дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.                                 

2: Уважаемое жюри не забывайте оценивать 

******
1-жүргізүші: Татсақ тағамынын дәмі қандай, 
Барша жұрт көзбенен қызыққандай. 
Күзгі тағам дайындап әзерлеуде 
Қанекей? Қайсымыз жылдамбыз-ай. 
Әр топтан 1 адам шығып, әзірлеген тағамы туралы айтады 

2 ведущий: 2 конкурс «Осеннее блюдо»  Приглашается 1 человек от команды для защиты осеннего блюда 

******

1-жүргізүші: Ақ боз үйді үлпілдеткен 
Боз даланы бүлкілдеткен 
Әсем едің, шіркін неткен 
Құлпырады сәнді бақтар 
Құлпырады бүгін қызбен ұлдар 
Келесі тур «Күзгі киім үлгісін көрсету» 

2 ведущий: Осень рыжая красавица 
Всем конечно очень нравится 
Перед ней дожди рыдают 
Ветры головы склоняют 
А она так горделива 
Так чудесна и красива. 
Листопадом удивляет, 
Золотом всех осыпает! 
А сейчас наши команды представят вашему вниманию свой осенние костюмы. 
******

1- Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып, 
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып 
Мерекелік күзгі сыйды жасапты, 
Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.

*****

1-жүргізүші: Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз, 
Қызығына қандық біз. 
Молайтайық шаттықты, 
Ән айтып, би билейік бәріміз,- дей келе сайыскерлерімізді өз өнерін көрсетуге шақырамыз. 

2 ведущий: А теперь следующий конкурс. Приглашаем команд показать свой творческие способности. Музыкальный номер

*****
1-жүргізүші: Әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып жеңімпазын анықтағанша, көрермендермен ойын ойнайық. 
2 ведущий: Пока наше много уважаемое жюри подведёт итоги и определит победителя, предлагаем игру 
Игра со зрителями 
*****

(Қатысушылар ортаға шығады)
1-жүргізуші: 
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз, 
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз, 
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
 Жастарды болашаққа жетелейміз. 
Жеңістер мен жеңілістен тұратын 
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын. 
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, 
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. 
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар 
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен – күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2017» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. 
2-ведущий: А сейчас самый волнующий и незабываемый момент. Слово предоставляется нашему уважаемому жюри. Именно здесь и сейчас мы узнаем, кто же стал Королевой и Королём нашего бала. также жюри определить победителя
*****

2-ведущий: Осень сегодня полностью вступила в свои права и мы отметим ее приход. Мы благодарим эту осень, что она собрала нас всех на осенний бал. Впереди зима, весна, лето … А потом снова осень. Сколько их еще будет в нашей жизни! Мы надеемся что еще не раз зажгутся для всех нас в нашей школе золотые огни Осеннего бала. До новых встреч!
Звучит медленная песня


Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)