Өлең, жыр, ақындар

Үй жануарлары

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы
Шалдай ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Ташимова Асемгуль Сапаровна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім. Бізді қоршаған әлем

Мектеп: Шалдай жалпы білім беру орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Ташимова А.С.

 Сынып: 1»Б»

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Үй жануарлары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1.  Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет, сызба таңдау.

1.2.2.1.  Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (не? қандай? қанша?) сұрақ қоя білу.

1.5.1.1.  Мұғалімнің көмегімен заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну, ауызекі тілде қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Үй жануарларын атай алады, олардың санын айта алады.

Көбі: тақырып бойынша сөйлесе алады, үй жануарларына қатысты сұрақты қоя алады.

Кейбірі: Үй жануарлары туралы қосымша мәлімет біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Жетістік критерийлері

 Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсінеді. Тақырып бойынша шағын сөйлемдер құрастыра алады. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулық шылауларын қолданып, сөйлем құрай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың үй жануарларына деген қызығушылықтарын ояту.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Менің кітапшам

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2-5 минут

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды  ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Жаңа тақырыпқа ой шақыру.

Оқушыларға суреттер таратылады. Онда үй жануарлары және жабайы аңдар суреттелген болады. Оқушыларға суреттердің арасынан артығын табу ұсынылады. Оқушылар артық суретті тапқаннан кейін, өз жауаптарын дәйектейді. Осылайша жаңа тақырыпқа шығамыз.

Суреттер

(Қосымша №1)

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

6-30 минут

 

(МК) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтың 1-тапсырмасындағы суретке аударады. Мұғалім үй жануарларын атайды, оқушылар тыңдайды және қайталайды. Оқушылар жаңа сөздерді барынша тез естерінде сақтауы үшін мұғалім олардың суреттерін де көрсетеді.

Сурет №1

Мынау – жылқы.

Сурет №2

Мынау – түйе.

Сурет №3

Мынау – ешкі.

Сурет №4

Мынау – қой.

Сурет №5

Мынау – сиыр.

Бекіту. (Ұ) Мұғалім «Сөре-мәре» ойыны арқылы оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруін тексереді.

(МК, Ұ) «Не? қандай? қанша?» жұптық ойыны арқылы оқушылар өткен тақырыптарды қайталап, бүгінгі тақырыпты пысықтайды. Оқушыларға үй жануарларының бояма суреттері таратылады. Олар бірнеше минут ішінде оларды бояйды. Содан соң бір-біріне суреттері бойынша сұрақтар қояды.

Мынау не?

... қандай?

Қанша ...?

 (МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша  мұғалім оқушыларды сұраулы шылаулардың қолданылуымен түсіндіреді.

Оқушылар мына үлгіде айта алуға жаттығады:

Мынау сиыр ма?

Иә, бұл – сиыр.

Жоқ, бұл сиыр емес.

 (Ұ) 3-тапсырма бойынша оқушылар сұраққа жауап береді, сандарды қайталайды.

Неше ...?

    жылқы                         қой                         ешкі

                        сиыр               түйе

 1  2  3  4  5  6  7  8  9  10

Сергіту сәті «Қошақаным»

 (Ұ) 4-тапсырмада оқушылар диалогті тыңдайды, қайталайды.

(МК) Оқушылар мұғалім көрсеткен сурет негізінде үлгі бойынша сөйлеседі.

Үлгі:

- Алихан, мынау – сиыр ма?

- ... .

- Неше сиыр?

- ... .

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.  

(Ө)  Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.      

Жетістік критерийі:

  • Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады.
  • Меңгерген тақырып бойынша 2-3жай сөйлем құрастырады.
  • Сұрақтарды түсінеді және сәйкес иллюстрация/заттық сурет таңдай алады.

Дифференцация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:  үй жануарларының атай алады және олардың санын, сынын айта алады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:  үй жануарлары туралы айта алады.

Оқулық

 

 

 

 

Суреттер

(Қосымша №2)

 

 

 

 

 

 

Ойын картасы

(Қосымша №3)

Бояма суреттер

(Қосымша №4)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

Презентация

Аудиодиск

 

Суреттер

 

 

 

Дәптер №1

 

Қосымша тапсырма 4.1.

Сабақтың соңы

31-35 минут

Рефлексия

Қосымша №5

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

 

Жұпта оқушылар бір-бірімен сөйлеседі.

 

Орыс тілі,

 ағылшын тілі

Оқушылардың бойында қоршаған ортаға деген  сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

СӨРЕ

 Қосымша №4

Қосымша №5

   


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер