Масса және күш тарауын қайталау

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей
Кадирова Улмекен Куламановна

Сабақ мақсаты.
1. Оқушылардың ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттыру.
2. Сабақтың барысында өткен сабақты еске түсіре отырып, сабақты ұғыну.
3. Сабақ барысында оқушылардың жеке басының қасиеттері қалыптасады.

Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.”Нені білдім”
3.”Нені үйрендім”.
4. “Нені жасай аламын”.
5. Үйге тапсырма.
6. Қорытындылау.

“Нені білдім” бөлімі бойынша сұрақтар.

1. Деформация дегеніміз не?
2. Денеге әрекет ететін екі күш бір жаққа бағытталса, тең әрекетті  күшті қалай табамыз?
3. Салмақ дегеніміз не?
4. Денелер әрекеттескен кездегі денелер жылдамдығы мен массалар арасындағы байланыс қандай ?
5. Үйкеліс не себептен пайда болады және ол неге тәуелді?
6. Серпімді деформация дегеніміз не және оған мысал?
7. Пластикалық деформация анықтамасы, мысал.
8. Салмақсыздық дегенді қалай ұғасың? Өмірде өз басыңнан кешкен кездерің болды ма?
9. Үйкелістің өмірде қандай пайдасы бар?
10. Дененің салмағы қандай шама?

«Нені үйрендім» бөлімі.
в).Физикалық білім картасы.

Физикалық шаманың атауы.

1.деңгей

Белгіленуі

2. деңгей

Өлшем бірлігі

3. деңгей

Формуласы

Ауырлық күші

 

 

 

Үйкеліс күші

 

 

 

Тығыздық

 

 

 

3. Интерактивті тапсырмалар.
23-24-25-тапсырмалар
Кім жылдам?
Есептер шығару
1-есеп:
Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең? (Жауабы:  F=2,45Н)

2-есеп:
Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның  массасы қандай болады? (Жауабы: 100 кг)

3-есеп:
Үстелдің үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12 кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең болады? (Жауабы: F=166,6 Н)

Сергіту сәті.

«Нені жасай аламын» бөлімі

Сипаттама беру.

1. Тартылыс құбылысы
2. Ауырлық күші
3. Басқа планеталардағы ауырлық күші.

«Нені жасай аламын» бөлімі

Тартылыс құбылысы.

Денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді.
Жер барлық денелерді өзіне тартады.
Денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады.
Ағылшын ғалымы И.Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы - Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.

Ауырлық күші

Денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды
Ауырлық күшін Fa әрпімен белгілейді.
Ауырлық күшінің дене массасына қатынасы тұрақты.
Бұл тұрақты шаманы g әрпімен белгілейді
Ауырлық күші дене массасына тура пропорционал:
Тұрақты g-дің шамасы жуықтап алғанда 9,8 Н/кг тең.
Өлшем бірлігі  [Н]  (Ньютон)

Басқа планеталардағы ауырлық күші

Әр түрлі планеталарда массалары бірдей денелерге әрекет ететін ауырлық күші де түрліше болады
Планетаның массасы неғұрлым аз болса, оның ауырлық күші соғұрлым аз болады
Әр түрлі аспан денелері үшін тұрақты g- ның мәні түрліше болады.
Жерде  g= 9,8 Н/кг
Меркурийде  g= 3,7 Н/кг
Шолпанда g= 8,8 Н/кг
Марста g= 3,8 Н/кг
Юпитерде g=24 Н/кг
Сатурнда g=9,1Н/кг
Уранда g= 9,8 Н/кг
Нептунда g= 13,5 Н/кг

Бекіту
Тест

1) Мына техника түрлерінің қайсысының ауырлық күші көп болады?
а)  автобус                                 
ә)   танк                                   
б)  трактор
 
2) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
а) 30Н;   
ә) 20Н;   
б) 15 Н.
 
3) Салмағы 250 г үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр.
а) 2,5 кг  
ә) 25 кг  
б) 0,25 кг
 
4) Еркін түсу үдеуінің мына мәндерін салыстыр: g=9,8066 Н/кг   және g=9,780 Н/кг
а) g=g                                  
ә) g>g                                  
б)  g<g

5) Суретте көрсетілген баланың салмағы 25 кг болса, онда оның ауырлық күшінің мәні нешеге тең болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
а) 2,5Н;   
ә) 25Н;  
б) 250Н.

Деңгейленген есептер мәтіні.

«А» деңгей
1. Массасы 1 кг дененің салмағы неге тең?
2. Көлемі 5 м3 ыдысқа массасы 5000 кг сұйық құйылған. Сұйықтың тығыздығы неге тең?
3. Массасы 120 кг болатын денені орнынан қозғаған кездегі үйкеліс күшін есепте, егер үйкеліс коэффициенті 0,3 болса.

«В» деңгей
1. Өлшемі 30*10*10 см қалайы білеушенің массасы 21,9 кг тең. Қалайының тығыздығы неге тең?
2. Массасы 400 г дене 160 Н күштің әрекетінен жазық бетте бір қалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
3. Болат серіппе 240 Н күштің әсерінен 60 мм-ге ұзарады. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

«С» деңгей
1. Көлемі 25 л бензиннің салмағын есепте.Бензиннің тығыздығы 700 кг/м3
2. Ұзындығы 30 см,ені 0,2 м акваримның 25 см биіктігіне  дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасы неге тең? (р=1000 кг/м3)
3. Көлемі  5,7*10-4  м3 спорт ядросының салмағы 38,2 Н. Ядро қандай металдан жасалған?

Сөзжұмбақ шешу.

1. Күшті өлшейтін құрал.
2. Үйкеліс күшін өзгерту тәсілі.
3. Табиғатта болып жатқан өзгерістерді зерттейтін ғылым.
4. Салмақтың өлшем бірлігі.
5. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қалпына келетін деформация түрі.
6. Кг-ның мыңнан бір бөлігі.
7. Н /м қатынасымен анықталатын пропорционалдық коэффицент.
8. Денеге басқс денелер әрекет етпегенде жылдамдықты сақтау құбылысы.
9. Құралды нақты бөліктері бар шкаламен жабдықтау
10. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі.

Сөзжұмдақ шешу
1. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты анықтаған ғылым.                    
2. Дененің массасын анықтау үшін қолданылатын денелер.
3. Тірекке немесе аспаға әрекет ететін күш.
4. Дененің көлем бірлігіндегі массасын не деп атаймыз
5. Уақыттың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігі
6. Платина мен иридийдің қорытпасынан құйылып жасалған цилиндр түріндегі эталонды гірдің массасы
7. Дене деформацияға ұшыраған кезде пайда болатын күш
8. Үйкелістің көп,аз болуы неге тәуелді.
9. Екі дененің массаларының қатынасы оның жылдамдықтарының қатынасына пропорционал.
10.Үйкеліс түрі

Сөзжұмбақ шешу

1. Белгілі пішіні мен нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе.
2. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене өзінің бастапқы пішіні мен көлемін өзгертетің деформация түрі.
3. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ағылшын ғалымы.
4. Массаны өлшейтін құрал.
5. V=а*в*с формуласы.
6. Үйкеліс түрі
7. Ғарыш кемесінің ішіндегі денелер менғарышкерлер қандай күйде болады.
8. Тыныштықта тұрған дене өз салмағын қайда түсіреді.
9. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең шама.
10. Серпімді дененің ұзаруы  мен оған түсірілген күштің арасындағы байланыстық анықтаған ғылым

Бағалау.

Үйге тапсырма​.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)