MS office бағдарламасы

Карағанды облысы, Жезқазған қаласы
«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ
Математика және информатика пәнінің оқытушысы
Тунгушбаева Мадина Жуматаевна

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: MS office бағдарламасы.

Курс: І  

Сабақтың типі:  Қайталап жинақтау, қорыту сабағы

Сабақтың түрі: семинар сабақ

Сабақтың жабдығы: ДК-лер, презентация, тест, жауап парағы, үлестірмелі карточкалар, видеопроектор, суреттер.

Сабақ мақсаты

Білімділік: студенттердің MS WORD редакторы бойынша алған білімдерін қорытындылау, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге  дағдыландыру.

Дамытушылық: студенттердің шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындау «Ақтілек»

- Көңіл - күйлеріңіз қалай ?
Керемет (қолдарын көтеру)
- Сабаққа дайынсыңдар ма ?
Тамаша (шапалақ)
- Ендеше бастайық.
О – о – о (бас бармақтарын көрсету)
Біз бүгін үш топқа бөлініп, жарысамыз.

ІІ. Білім мен біліктіліктерін тексеру: (7 мин)

1. Excel дегеніміз не?
2. Word қандай қызмет атқарады?
3. Power point мүмкіншіліктері? (Жауаптары арқылы топ аттарын белгілеу)
-    Енді әр топ басшысы өз топтарыңызға байланысты, берілген атау жөнінде слайд дайындайсыздар. Осы кезде қалған студенттер «Кім көп біледі?»  ойынын ойнайды.

«Кім көп біледі?»  (әр сұраққа 2 бал)

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
2. ЕXPO дегеніміз не? (халықаралық көрме)
3. Вирусты тауып жоятын программа (антивирус)
4. ЕXPO көрмесі қазақ елінде қай жылы өтеді? (2017)
5. Сурет салуға арналған  программа. (PAINT)
6. Бір байтта қанша бит бар? (8)
7. ЕXPO-2017 көрмесінің басты тақырыбы (Future Energy (Болашақ қуаты))
8. Дауыс жазуға  арналған құрылғы (микрофон)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс желісі (интернет)
10. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)
11. ЕXPO-2017 көрмесіне әлемнен неше ел шақырылуда?(100)
12. Компьютер сымдары (кабель)
(Топ басшыларының жұмыстарын талдау)

Практикалық жұмыс

І топ

1. ЕXPO-2017 көрмесіне құттықтау хат
2. ЕXPO-2017 көрмесінің шақыру билеті
3. ЕXPO-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін өткізу жоспарланып отыр. Осы жылдың күнтізбесін жасап көрсетіңіз
4. Визитка жасау
5. ЕXPO-2017 көрмесіне түйіндеме жазу

ІІ топ

1. у = х2 функциясының графигін сал.

Кесте құрып, [–5; 5] аралығында 0,5 қадаммен толтырамыз.

х

–5

–4,5

–4

–3,5

–3

–2,5

–2

–1,5

–1

–0,5

0

0,5

1

1,5

2

2,5

3

3,5

4

4,5

5

у

25

20,25

16

12,25

9

6,25

4

2,25

1

0,25

0

0,25

1

2,25

4

6,25

9

12,25

16

20,25

25

 
2. Есепте:

3. Сызықтық диаграмма құру
4. Дөңгелек диаграмма
5. Нүктелік диаграмма

ІІІ топ  Power point
1. ЕXPO-2017 көрмесіне слайд жасау
2. Музыка қою
3. Анимация жасау
4. Дизайны
5. Переходтар

ІV. Полиглот. Әр топ өз топ аттарына байланысты 10 сөзді үш тілде жазу қажет

V. Бекіту. Электрондық оқулық  бойынша тест жұмысы

VІ.Қорытындылау.  Құпия сөз ЕXPO-2017

VII. Бағалау. Критериалды бағалау парағы бойынша баға қою.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)