«Айлакер түлкі» орыс халық ертегісі

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы
«Қызғалдақ» балабақшасы
Тәрбиеші: Оразалиева Қарылғаш Қылышбекқызы

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісі

Мақсаты: сөйлеу мәнерін қалыптастыру, шыншылдыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу,  сахыналау қойылымына атсалысу, сөйлеу мәнерін көркемдік әдіс–тәсілдерін қолдануды дамыту.

Тәрбиелігі: Халықтың педагогикамен ұштастыру, күнделікті қолданбалы бұйымдарды пайдалану арқылы,ұлттық сана–сезімін ояту. Ептілікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу. Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу әс-әрекетінің әдіс-тәсілі: Ой-қозғау, әңгімелесу, логикалық ойын дамыту, сұрақ–жауап, көрсету, санау, сергіту сәті, бағалау, қорыту.

Қажетті көрнекіліктері: айлакер түлкі ертегісінің кейіпкерлері, және олардың суреттері, алты түсті қалпақтар.

Сөздік жұмыс: тауыс, айлакер түлкі.

Мотивациялық қозғаушы:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым!

Қайталау сұрақтары:

Тәрбиеші:

- Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар:

- Бір жылда төрт мезгіл бар.

Тәрбиеші:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

- Қыс мезгілі

Тәрбиеші:

-  Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Балалар:

-  Күн салқындайды, дала суыта бастайды, қар жауады.

Тәрбиеші:

-  Ал, қазір қыс мезгілінің қай айы?

Балалар:

-  Қыстың желтоқсан айы

Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар балалар, қайталау сұрақтарына өте жақсы жауап бердіңдер!
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда «Айлакер түлкі» ертегісімен танысамызн. Тыныш отырып тыңдаймыз!
«Ерте, ерте, ертеде...
 Ешкі жүні бөртеде....
Орманда қаты дауыл болыпты. Ол дауыл ағаштарды, үйлерді, апандарды қиратып кетіпті. Ертесіне дауыл басылады. Тауық орманда болған дауылға ренжип жолға шығады. Келе жатса алдынан үйрек шығады. Сонда үйрек тауықтан:
- Тауық, тауық қайда жол тарттың? – деп сұрайды.
- Мен кеше  болған дауылға ренжулімін, ол менің үйімді бұзып, балапандарымды ұшырып алып кетті...
- Менде оған ренжіп қалдым. Ол менің де үйімді бұзып, балапандарымды ұшырып алып кетті...
- Ал, енді мен мұнда қала алмаймын басқа қоныс іздеп бара жатырмын.
- Ендеше меніде ерте кетші қасыңа...
- Жүр онда бірге жаңа қоныс іздейік. – деп екеуі жолға шығады. Осы кезде алдарынан тауыс шығады.
- Тауық, үйрек қайда жол тарттыңдар? – деп сұрайды.
- Біз кеше болған дауылға ренжуліміз, ол біздің үйімді бұзып, балапандарымды ұшырып алып кетті... – дейді тауық.
- Менде оған ренжіп қалдым. Ол менің де үйімді бұзып, балапандарымды ұшырып алып кетті...
- Ал, енді біз мұнда қала алмаймыз  басқа қоныс іздеп бара жатырмыз. – дейді үйрек.
- Ендеше меніде ерте кетіңдерші ... – дейді тауыс. Сөйтіп үшеуі жолға шығады. Осылай келе жатса алдарынан қоян шығады.
- Тауық, үйрек, тауыс қайда жол тарттыңдар? – деп сұрайды қоян.
- Біз кеше болған дауылға ренжуліміз, ол біздің үйімді бұзып, балапандарымды ұшырып алып кетті... – дейді тауық.
- Менде оған ренжіп қалдым. Ол менің де үйімді бұзып, көжектерімді ұшырып алып кетті...
- Ал, енді біз мұнда қала алмаймыз  басқа қоныс іздеп бара жатырмыз. – дейді үйрек.
- Ендеше меніде ерте кетіңдерші ... – дейді қоян. Сөйтіп төртеуі жолға шығады. Осылай келе жатса алдарынан түлкі  шығады.
- Тауық, үйрек, тауыс, қоян қайда жол тарттыңдар? – деп сұрайды.
- Біз кеше болған дауылға ренжулімін, ол біздің үйімді бұзып, балапандарымды ұшырып алып кетті... – дейді тауық.
- Ал, енді біз мұнда қала алмаймыз басқа қоныс іздеп бара жатырмыз. – дейді үйрек.
- Ендеше менімен бірге жүріңдер барлығымыз бірге тұрайық  ... – дейді түлкі.  Олар түлкіке не сенерін, не сембесін білмей кідіріп қалады. Сонда түлкі:
- Не маған сендей тұрсыңдар ма? Мен сендерге жақсы ұсыныс айтып тұрсам... – деп ренжейді.  Сонда барлығы түлкімен тұруға келіседі.  Осылай түлкінің соңынан ереді. Апанның алдына келгенде түлкі балай дейді.
- Апанға кіруге арналған жол бір – бірлеп жүруге арналған. Алдымен иен кірейін содан соң сендер бір – бірлеп  кірің  - дейді түлкі.
Сөйтіп алдымен апанға түлкі кіреді де, тығылып қалады. Одан кейін тауық кіреді, оны түлкі бас салып жеп қояды. Одан кейін үйрек  кіреді, оны да түлкі бас салып жеп қояды. Одан кейін тауыс кіреді, оны түлкі бас салып жеп қояды. Одан кейін қоян  кіреді. Түлкінің бас салып тауысты жеп жатқанын көріп қояды да қаша жөнеледі. Тойып тұрған түлкі қоянға жете алмайды.  Дегенмен өзінің айласымен қарны бір тойғанға қуанып апанына жата кетеді. Содан бері түлкіні – айлакер деп атап кеткен. Сол сәттен бастап түлкіге ешкім сенбейтін болды». Балалар сендерге ертегі ұнадыма?
-    Йә, ұнады.

Ойын: «Өз түсіңді тап»

Мақсаты: Баланың танымдық, шығармашылық , сөйлеу іс-әрекеттерін дамыту. Сұраққа толық жауап беруін,  сөздік қорын дамыту. Түстерді ажырата білуге үйрету.

Ойынның барысы: Балалар өздеріне ұнайтын түстерді таңдайды, және ол түті неге таңдағанын түсіндіріп береді. Педагогтың сұрақтарына жауап береді.

Балалар таңдаған түсі бойынша қалпақтарға ие болады. Сол қалпақтар бойынша топқа бөлініп отырады. Әр түсті қалпақтарға тапсырмалар беріледі.

Ақ қалпақты топқа: Ертегінің мазмұнын айту тапсырылады.
Сары қалпақты топқа: Ертегінің сәтті тұстарын айту тапсырылады.
Қара қалпақты топқа: Ертегінің сәтсіз тұстарын айту тапсырылады.
Қызыл қалпақты топқа: Ертегінің кейіпкерлерін атап бер.
Жасыл қалпақтарға: Ертегіні сахналық көрініспен көрсету.
Көк қалпақтарға: барлық 5 қалпақты бақылап, тапсырмаларды қаншалықты дұрыс не бұрыс орындағаны жөнінде қарап отыру тапсырылады.

Балалар тапсырманы орындайды.

Қортынды: балаларға қортынды сұрақтар қойылады. Көк қалпақты топ балаларды бағалайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)