Өлең, жыр, ақындар

Аралас сандарды қосу және азайту (бекіту сабағы)

5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: «№44 жалпы орта білім бертін мектеп»КММ

Күні: 30.11.2017 

Мұғалімнің аты-жөні: Шангишбаева Айдана Слямкызы

Сынып: 5  «В»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақ тақырыбы:

Аралас сандарды қосу және азайту (бекіту сабағы)

Сабақтың түрі:

бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 

5.1.2.19 натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау;

5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

Сабақтың мақсаты

Жай бөлшектерді және аралас сандарды азайтып, қоса алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Бағалау критерийлері

  • Жай бөлшектерді дұрыс қосады және азайтады ;
  • Натурал саннанжай бөлшектіала алады;
  • Аралас сандардықосады және азайта алады

Тілдік мақсат

Оқушылар: Аралас сандарды қосу және азайтуды ауызша және жазбаша сипаттай алады, сөздік құрамы артады. Өз ойын еркін білдіре алады, анықтамаларды ешбір қиындықсыз айтады.

Құндылықтарды  дамыту

Бір-бірінің ойларын бағалау, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластық, топпен жұмыс. Оқушыға бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушыны өмір бойы білім алуға үйрету, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті, ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беру.

Пәнаралық байланыс

география(сабақ барысындағы саяхат)

Өзін-өзі тану (сергіту сәтін қолдануда)

АКТ қолдану  дағдылары

Интерактивті тақта, интернет ресурстары (сайттар, есептер), таратпа материалдар

Бастапқы  білім

Аралас санның анықтамасы, аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру

Күтілетін нәтиже

Жай бөлшек пен аралас сандарға амалдар қолдана алады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

«Миға шабуыл» стратегиясы

5 минут

 

Ұйымдастыру сәті:

а) Оқушыларды сабаққа ынталандыру. Сабаққа қатысушы оқушыларды түгендеу

«Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастыру

Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

Рахмет.

б) Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтары бар ма сұрау, дәптер ауыстыру

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы «Кофе таяқшалары» әдісімен сұрақтары қойылады:

  • Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
  • Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
  • Аралас сан дегеніміз не?
  • Координаталық сәуле дегеніміз не?
  • Натурал сан дегеніміз не?
  • Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
  • Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қалай қосамыз?
  • Бөлімдері бірдей аралас санды қалай қосамыз?
  • Бөлімдері әртүрлі аралас санды қалай қосамыз?

 

 

Презентация

Слайд 1

 

 

 

 

 

 

Слайд 2

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Балалар бүгін біз Қазақстан қалаларын аралап, Астана қаласына Елбасымызды құттықтауға барамыз. Әрине, ол үшін бізге жол картасы керек. Көріп тұрғанымыздай жол картамыз дайын.

 

 

Топпен жұмыс

 

Семей бағытындағы жұмыс(2 мин)

Алматыға жеткендегі жұмыс: (5 мин + 5 мин)

Әр топқа 4 есеп беру, қорғау әр топ тақтада

Жигсо әдісі бойынша 4 топқа 1 есептен беру. 1-ші әр оқушы өзі шығарады, сосын жұпта талқылайды, 3-ші топта талқылайды. Талқылап отырған кезде дарынды оқушы отырған орындық артына байқатпай стикер жабыстырып коямын 4  топтан бір оқушыдан. Талқылап болсақ, араларыңда 4 оқушының орындығында стикер жабысып тұр. Сол оқушылар есепті қорғайды

 1-топ:

Теміржол бойымен есептегенде Қарағандыдан (Астана, Ерейментау арқылы) Екібастұзға дейін 505 км. Астанадан Ерейментауға дейін 140 км, Ерейментаудан Екібастұзға дейін 167 км. Теміржол бойымен есептегенде Астана мен Қарағандының арасы неше км?

2-топ:

Қоспаның  -і  алтын

Қалғаны  күміс

Алтын күмістен  қанша  бөлікке  көп ?

Шешуі: 1 -  =               -  =  =           

3-топ:

Оқушы  сағат уақыт сабаққа дайындалды. Ол  сағат жаратылыстану пәніне дайындалды да, математикадан үй тапсырмасын одан   сағат артық уақытта орындап болды. Қалған уақытта оқушы қазақ тіліне өлең жаттады. Оқушы қанша уақыт қазақ тілінен өлең жаттады?

4-топ:

І балықтың  массасы - кг, ІІ балықтың массасы бірінші балықтан кг кем

Барлығы неше кг балық аулаған?

Шешуі: кг - кг = кг = кг = кг

               кг + кг = кг = кг = кг т  Жауабы: Марат барлығы кг балық  аулап  алды

Ақтауға жеткендегі жұмыс (3 мин)

Астанаға жеткенде тапсырмалар: Әр топтан 4 оқушы шығарып жарыстыру 1 есеп беріп:

1-топ: тақтаға, 2-топ: А3-ке; 3-топ: дәптерге, 4-топ:ноутбукке

Сергіту сәті «Теңіз биі»(2мин)

Балалар біз теңізде картамызды түіріп алыппыз, енді қай бағытқа баруды өзіміздің білімімізге, ақылымызға сеніп табуымыз керек. Ол үшін 4 тобымыз бірге жұмыс жасайық.  4 теңдеуді бөліп алып тезірек шығарып жауабын табайық, егер барлығымыз дұрыс тапсақ біз қай жолмен жүру керегін білетін боламыз. (5 мин)

 

 

Соңы

5  минут

Астанаға да жеттік енді Елбасымызға барып, тілегімізді айтайық, рахметімізді айтайық!

Сабақты бекіту

Рефлексия.

Әр топ берілген «Бәйтерекке» стикер қою. Түсіндім-жоғары, әлі де үйренуім керек – ортасы, маған бұл тақырып қиындық туғызды-аяғына

Үйге тапсырма:  деңгейлік тапсырмалар

(1. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика:

Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. 4-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2015)№ 586

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? 

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 

 

 

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? 

Жеткізбесе, неліктен? 

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? 

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? 

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз

пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.  

Жалпы баға 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз