Алтын күз

МКҚК «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Искалиева Бибигуль Койшибаевна

Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.

Жүр: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін «Балдырған» тобының балалары дайындаған «Алтын Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Құттықтау сөз: «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі Тастаева Махаббат Жақсылыққызына беріледі.
Ән «Жаңбыр»
Сезім: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.
Сабыржан: Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.
Малика: Күзде жауын. Бұлт. Тұман.
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқыған,
Сапырады ауаны.
Мадияр: Тапталады табанға,
Судыр – судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
Алина: Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап.

Нұр-Ахмет: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
Нұрәділ: Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз
Жансулу: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
шақырады біздерді
Азат: Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі

«Жапырақ биі»

Ойын «Кім шапшаң»

Арлан: Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Жансұр: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді
Азамат: Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз
Нұрасул: Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Азамат У: Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп

Саша: Көбейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мерек
Алтын күзді тойлаймыз
Алимжан: Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Арсен: Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгіледі
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді
Сержан: Таза жездей жайнаған
Сары бояу айналам
Енді сары бояумен
Күз суретін саламын

«Ұлдар биі»

Ән «Алтын күз»

Жүр: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Міне, балалар осымен «Алтын Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)