ozgetil.kz

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні

Алматы қаласы, №76ЖББМ

Пәні: қазақ тілі

4 сынып

Пән мұғалімі:Манапова Г.С

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. ҚР мемлекеттік рәміздері жайлы ұғымдарын кеңейте отырып,  диалог арқылы сөйлесуде өз ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету, сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беруге, таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғуға, күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсінуге дағдыландыру. Нақты үлгі бойынша тапсырманы орындату.

  • Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету.

  • Тәрбиелік: Ауылға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі

Көңіл-күй парағы, бағалау парағы, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер, бояулар (маркерлер).

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі

Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс, әңгімелесу.

Негізгі түсініктер:

Өзара сөйлесу, сұрақтарды тақырыпқа сай қойып, дұрыс жауап беру, флипчартта дұрыс ойын жеткізу.

Оқыту нәтижелері:

  • Оқушылардың танымдық қабілеті артады.

  • Өз пікірін жүйелі жеткізе алады.

  • Өзін өзі тани білуге және жұптық, топтық жұмыста ынтымақтастықта болады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

  • Топта дұрыс шешім қабылдауға үйренеді;

  • Топта бір-бірін тыңдауға дағдыланады.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу

  • Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу

  • Көңіл-күй парағын белгілеу

  • Сыныпты топқа бөлу

Жұмыс түрі

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Қызығушылықты ояту

1-әрекет. 

Сыныпта  психологиялық ахуал тудыру үшін «Тілек ағашына» бүгінгі сабаққа арналған жақсы тілектерін стикерлі жапырақшаларға жаздыртып ілдіртемін.

 

Оқушылар сыныптастарына бүгінгі сабаққа тілектерін жапырақшаларға  жазып, «Тілек ағашына» іледі.

Топқа бөлу

2-әрекет.

Оқушыларға 2 түрлі түсті стикерлерді таңдату арқылы 2 топқа бөліп, көшбасшы сайлап және оқушыларға өзін өзі бағалау парақтарын таратамын.

 

Оқушылар өздеріне ұнаған түстерін таңдап, топқа бөлініп отырады. 

Үй тапсырмасын тексеру

3-әрекет. Сөйлесім.

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап, жауаптарын тыңдап, пысықтап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен, мақсатымен таныстыра отырып жаңа сабақты бастаймын.

 

Оқушылар жауап береді, сосын дәптерлеріне бүгінгі күнді жазып алады.

Ой қозғау (түрткі тастау)

4-әрекет. Ой қозғау (суретпен жұмыс).

  • Мынау не?

  • Оны қалай дайындайды?

  • Саған бауырсақ ұнай ма?

  • Енді, балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін біз не туралы өтеміз? Кім айтады?

 

Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі жаңа тақырыптың атын табады.

Топтық жұмыс

5-әрекет.

Оқушыларға флипчарт бетінде жұмыс істеуге тапсырма беремін.

  • Бауырсақты қалай дайындайды? (1-топ)

  • Ұннан жасалатын қандай тағамдар бар? (2-топ).

 

Содан соң әр топ өздеріне берілген жұмысты флипчарт бетінде бірлесе орындап, қорғайды.

Жаңа сабақ

6-әрекет. Мәтінмен жұмыс.

  1. «Бауырсақ» ертегісін оқу.

  2. Жаңа сөздермен жұмыс, сөз тіркестерін құру.

  3. Мәтін жайында сұрақтар құрастырып, бір-біріне қою.

 

Оқушылар мәтінді және жаңа сөздерді түсініп оқиды, сөз тіркестерін құрастырады. Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.

Топтық жұмыс

7-әрекет. Көрініс қою.

Мәтінге сүйене отырып топ арасында осы оқыған ертегіні сахналау керек.

 

Оқушылар топ арасында көрініс құрып, сахналайды.

Жазылым

8-әрекет. Кестені толтыру.

2 топқа әр түрлі кесте беріледі.

Оқушылар дәптерлеріне орындайды.

Бекіту

10-әрекет. Жағдаят.

- Аңаң бауырсақтың қамырын дайындап жұмысқа кетті. Бірақ ол күні жұмыс көп болып,  өте кеш келетін болды. Нан ашып тұр. Сен не істейсің?

 

Оқушылар топ арасында талқылап, өздерінің ойларын әңгімелеп айтып береді.

Оқушыларды бағалау

11-әрекет. Өзін-өзі бағалау парақшасын таратып беремін.

Оқушылар өз білімдерін өздері бағалайды.

Үйге тапсырма

12-әрекет. Бауырсақты дайындау мәзірін жазып келу.

 

Оқушылар өздеріне берілген үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Рефлек

сия

13-әрекет.

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Ұнамаған жағы болды ма?

  • Сендерге не қиын және оңай болды?

Өздерінің ойларын айтады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)