Өлең, жыр, ақындар

Уақыт - өмір

Атырау облысы Мақат ауданы
Л.Шахатов атындағы орта мектеп
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Есқалиева Гүлшат Бегениязқызы

Сабақтың тақырыбы:

Бөлім: «Уақыт - ұлы күш»

Уақыт-өмір

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т1.Мәтін арқылы оқиғаның дамуын болжау.
О1.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.
А5.Берілген сұрақты дұрыс түсініп,лайықты жауап беру,шағын диалогке қатысу.
Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы
Абзацтардың ішкі құрылымы дұрыс. (тұжырым, аргумент, қорытынды)
Автор көзқарасын ашты.
Қателер елеулі. Кей тұстарда мағынасы түсініксіз.
Сөз қайталаулары жиі кездеседі.

Оқушылардың көпшілігі
Ойы абзацтарға бөлінген.
Өз көзқарасын білдіре алды.
Қателер мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді.
Қарапайым лексиканы қолданған.

Оқушылардың кейбірі
Тұтас мәтін ретінде берілген.
Өз көзқарасын автор ойымен байланыстырып білдіре алды.
Қателер елеусіз.
Сөздік қоры бай (тұрақты тіркестер, синонимдер, перифраз).

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Философия

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:
Сын есімнің шырайлары.
Пән лексикасы және терминология:
Уақыт тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Мәселенің бір (екінші) жағын қарастыратын болсақ; Жоғарыда айтылған ойымызды қорытындылайтын болсақ; Менің пікірімше;

Осыған дейін меңгерілген білім

«Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас» деген өлең жолдары бойынша ой бөліседі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

 Сабақ басы

5 мин

 

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Өткен сабақта қандай өлеңмен таныстық? Оның авторы – кім?
Ақын уақытты дұрыс өткізу үшін қандай ұсыныстар береді?
Сіз автордың ұсыныстарымен келісесіздер ме? Неге?
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.
Бағалау критерийлері:
1.Мәтінді тыңдап,қажетті мағлұматтарды анықтайды.
2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап,ойын жеткізеді.
3.Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолданып,грамматикалық нормаларды сақтай отырып, мәтін құрастырады.
Дескриптор:
1-тапсырма.
мәтіннен қажетті мағлұматтарды жазады,түсінік береді;
мағлұматтарды жазып алады;
мағлұматтарды толық бере алмайды;
2-тапсырма.
эссенің құрылымын және грамматикалық нормаларды сақтайды;
эссенің құрылымын толық сақтамайды;
эссенің құрылымы сақталмаған,мәлімет толық емес;
3-тапсырма.
хаттың пішінін сақтайды,жай сөйлемнің түрлерін толық кірістіреді;
грамматикалық қателер жібереді;
хаттың пішінін сақтамайды;

Слайд 1-4

 

 

 

 

Сабақ ортасы

3 мин

30 мин

5 мин

Тапсырма:

1. Абайдың «Cағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін тыңдау.

2. Ахмад Шауһидің нақыл сөзін оқып, тақырыпқа сай эссе жазу.

3. Альберт Эйнштейннің уақытқа қатысты айтылған сөздерін оқып, хат жазу.

Слайд 5

Сабақ соңы

2 мин

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Слайд 6

 


Пікірлер (2)

Айнура

Маған бәрі қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз