Құстарға көмектесеміз

Астана қаласы
№30 мектеп –гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абужарова Айнагүл Нургалиевна

6 –сынып Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құстарға көмектесеміз.

Мақсаты: Балалардың ұғымдарын кеңейту, құстар туралы мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту, Отанын, жерін, табиғатын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілік: Құстардың суреттері, тірек сызба, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

БАҒАЛАУ

1. Сұрақтарға жауап – 0,5 пайыз/бір фишка/.

2. Жаңа сөздермен жұмыс – 0,5 пайыз /бір фишка/.

3. Топтық жұмыс – 1 пайыз.

4. Өзіндік жұмыс -1 пайыз.

5. Мәтінмен жұмыс -1 пайыз.

Психологиялық дайындық. Бейнеролик көрсету /Қорғалжын қорығы//3 минут/

Сабақтың айдары: 
Балыққа-су,құсқа- ауа, 
аңға-орман, дала, тау... 
Ал адамға Отан қажет. 
Отанды қорғау-табиғатты қорғау
 .

Ой қозғау. Құстар туралы не білеміз? Сызба арқылы оқушыларға құстар туралы білетіндерін айтқызу./2 минут/

Мағынаны тану: Құстар- жануарлардың ең көп  тараған түрі. Олардың түрлері көп. Үй құстары+9999999999, жабайы құстар  болып бөлінеді. Қорғалжын қорығында құстардың  250-ден асқан түрі бар.

Жаңа сабақ.

Жаңа сөздер:

Сауысқан -
Ұғымталдығы-
Суық торғай-
Ағаш қуыстары-
Қара қарға-
Бұтақтардың дәні-
Көректенеді-
Тоқылдақ-
Тұмсығы-
Торғай-
Сары шымшық-
Күнбағыс-
Кендір –
Асқабақ-
Дәндер-
Желаяқ-
Казуар -

Жаңа сөздерен жұмыс. Сөз тіркесі, сөйлем құрастыру./5 минут/

Топтық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға құстар туралы мәлімет жазылған парақшалалар таратылады.

Құстар туралы жаңа не білдіңдер? Кластер құру

1.  Ежелгі құс-Археоптерикс. Ұшпайтын жаңа құспен таныстыру:Казуар-өте ірі құс, оның салмағы 85 кг-ға дейін жетеді. Түйеқұстар сияқты ұша алмайды, бірақ желаяқ. Казуар жемістер және ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Ұяны жерге қазып салады. Австралияда мекендейді.

2.  Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ұясына — жұмыртқа салып, балапан басып шығарып оларды қауіп - қатерден сақтайды. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық адамның айтқан сөзін жаттап алады.

3. Суық торғай – кеудесі қызыл, қанаттары көкшіл болып келген, ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.

4. Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.

5. Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.

6. Сары шымшықтың кеудесі сары, қауырсындары көкшіл болып келеді. Ол үйдің қасында жүреді шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі - қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Күн суытқан кездері оларға күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды.

Қыс келді. Күн қатты аяз. Жердің бәрін аппақ қар басып кетті. Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті. Ал қыстап қалатын құстардан-торғай, тоқылдақ, қарға, көгершіндер  қалды. Оларды суықтан мамығы мен қауырсыны сақтайды. Қыста азық табу қиын, сондықтан құстар қыс кезінде адамға жақын жүреді. Құстарға жем шашуды ұмытпау керек.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар бау-бақшаларды, егінді, ағаштарды  қорғайды. Сондықтан құстарды қорғап, қамқорлап жүрейік./5 минут/

Өзіндік жұмыс. Бұл қай құс? Оқушыларға суретті парақша таратылады, суреті бойынша бұл қай құс, ол туралы не білетіндерін айтады. /аққу, торғай, тоқылдақ, қарлығаш, көгершін, бүркіт/. /4 минут/

2- тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Берілген сан есімдердің түрлерін анықта. Есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жаса. Қандай деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.

 «Сен білесің бе?»  айдары.

Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.

Дүниежүзінде колибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай)  321 түрі бар.

Сары шымшық балапандарын  күніне 1000 рет тамақтандырады.

Акулалар өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда, жемтігі жарақат жасамау үшін көздерін жабады

Түйеқұстың жұмыртқасының салмағы 1,5 кг дейін жетеді.

Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс

Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады. Киттің жүрегі минутына  9 рет соғады.

Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра  алмайды екен.

Күн көзіне тура қарайтын құс -бүркіт.

Кенгуру  мен  эму  артқа қарай жүре алмайды.
Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.
/5-7 минут/

3- тапсырма. Құстар деген сөзге ,,,,, /3 минут/

- Құстар туралы жалпы не білеміз?

Адамға дос                    пайдалы                          зиянды құрттарды жояды

                                                     Құстар                  егінге пайдалы

Бау-бақша,ағаштарды

қорғайды                    

                        Сән береді                              ән салады                        

 

Сабақты қорыту. Құстар жөнінде сұрақтар. "Мен саған, сен маған" сұрақ- жауап ойыны арқылы.

1. Қандай үй құстарын білесің? (үйрек, қаз, тауық)
2. Қандай жабайы құстарды білесің? (Дуадақ, сауысқан, бүркіт)
3. Сөйлейтін қандай құс ? (Тотықұс)
4. Қызыл кітапқа не жазылады? (Жойылып бара жатқан құстар жазылады)
5. Құстардың негізгі мекені не? (ұя)
6. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)
7. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)
8. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
9. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
10.Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

(Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді) /3 минут/

Рефлексия:Табиғатта қандай құсқа ұқсағыңыз келеді.Неге?

Әр бала өз ойын айтып шығады./3 минут/

Үй жұмысы: 1.Өзіне ұнаған құс туралы мәлімет табу.

Табиғат туралы көп ақындарымыз өлең жазған, нақыл сөздері бар.

«Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнген»-деп Абай атамыз айытқан. Абай Құнанбаевтің табиғатқа арнаған өлеңдері де бар. Ал, бүгінгі сабағымызды өздерін білетін Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)