Д. И. Менделеевтің ғылыми ерлігі және периодтық заңның маңызы

ОҚО Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы
«Б.Нұрлыбеков атындағы жом» КММ-нің
химия пәні мұғалімі Құдайбергенова Роза

Тақырыбы:  «Д. И. Менделеевтің ғылыми ерлігі және периодтық заңның маңызы»

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Д. И. Менделеевтің ғылыми ерлігін айта отырып, периодтық заң жайлы білімді жүйелеп қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушыларға Д. И. Менделеевтің элементті орналастыруда жасаған болжамдарының дәлдігі мен ғылыми ерлігі жөнінде білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өздігінен химиялық тілмен жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ барысы: 

1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үй тапсырмасы

I. Ұйымдастыру бөлімі. Топқа бөлу (Кір жайғыш жіп) әдісі.

Оқушылармен амандасып, сынып түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру. (Адасқан химиялық реакциялар)және (кубизм) әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау.  (Периодтық кестедегі элементтерді әрбір оқушыларға бір –бірден беріп оларды энергетикалық деңгейге, орбитальдарға орналастырып және түсіндіріп беру).

1.    Тапсырма
1) Белгісіз химиялық элемент атомының үш электрондық қабаты бар. Оларда электрондардың орналасуын )2)8)8 біле отырып, элементтің периодтық жүйедегі орнын, жай затының қасиетін анықтаңдар.
2) 4 периодта орналасқан элементтің атомдық массасы 55,847. Осы элемент қай топт, қай топшада орналасқан.
3) Белгісіз химиялық элемент атомының үш электрондық қабаты бар. Оларда электрондардың орналасуын )2)8)1 біле отырып, осы элементтің жай затының №8 және №17 элементтермен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазып теңестір.

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

Д. И. Менделеев ұсынған химиялық элементтердің периодтық заңы мен химиялық элементтердің периодтық жүйесі, олар түзетін жай және күрделі заттар жайлы білімді жүйелеп қорытындылауға көмектеседі.

Элементтің периодтық жүйеде тұрған орнына сәйкес, оған толық сипаттама беруге болатынына өткен тақырыпта көз жеткіздіңіздер.

Химиялық элементердің атом құрлысына сүйене отырып, элементердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын, химиялық элемент қасиеттерңнің периодты түрде өзгеруін және ұқсас элементтер тобын түзететін түсіндіре аласындар.

Ғылым дамуының нәтижесін оның практика жүзінде іске асуымен түсіндіріледі. Сонда ғана ашылған заң озінің ғылыми маңызына ие болады. Д. И. Менделеевтың ашқан заңының дұрыстығыда біртіндеп дәлелденіп, зор ғылыми еңбек ретінде бағаланды. Оқымыстының өзі белгілі деректерге сүйене отырып, алі ашылмаған элементтерге болжам айтты, дұрыс анықталмаған оншақты элементтің салыстырмалы атомдық массаларына өзгертулер енгізді. Соған қоса әлі белгісіз элементердің бар екенің болжады. Мысал келтірейік, бериллийдің салыстырмалы атомдық массасы 13,5-ке тең деп алынғаны жоғарыда айтылды бұл жағдайда бериллий екі бейметалдың көміртек пен азоттың арасында орналасуы керек еді. Бұлай еткенде элементтер қасиетінің периодты өзгеруі заңдылығы бұзылады. Д. И. Менделеев периодтық заңға сүйеніп, беирлийді литий мен бордың арасында орналасуы керек және оның атомдық салыстырмалы атомдық массасы екеуінің массаларының орташа мәніне тең ..........деген қортындыға келді. Бұдан кейінгі зертеулер бұл тәсілдің дұрыстығын дәлелдеп берді. Д. И. Менделеев 10-ға жуық элемент туралы болжам айта отырып, олардың атомдық массасын және олар түзетін жай заттардың тығыздығын, оксидтері мен гидроксидтерінің, т.б қосылыстарының құрамы мен қасиетін болжап жазады. Сондықтан да Д. И. Менделеев периодтық жүйені құрастырғанда көптеген бос тор көздер қалдырды. Олар берилий (№4), титан (№22), иттрий (№39), индий (№49), лантан (№57), уран (№92). Бұл элементер ол кезде әлі ашылмаған еді. Сол кезде белгілі 63 элементтің ішінде көптеген химиялық элементердің салыстырмалы атомдық массаларын түзеді. Д. И. Менделеев сол кезде әлі ашылмаған скандийдің, галийдің, германийдің қасиеттерін күні бұрын нақты сипаттап берді. 1875 жылы француз оқымыстысы Лекок де Буабодран галийді ашып. Д. И. Менделеевтің «экаалюминий» деп сипаттап жазғаны осы элемент екенін дәлелдеді 1979 жылы щвед химигі Л. Нильсон Д. И. Менделеев болжаған екінші элемент – скандийді ашты. Оның «экабор» деп сипттаған қасиеттері түгелімен осы элементке сәйкес келді. Сонында 1886 жылы неміс ғалымы К. Винклер Д. И. Менделеевтің болжаған үшінші элементті ашты. Ол – генрманий еді. 24-кестеде 15 жылдан кейін тәжірибе жүзінде К. Винклер ашқан германий элементінің салыстырмалы сипаттамасы берілген.

Периодтық заң арқылы ғалымдар атом құрылысын, элементтердің бір – біріне айналуына анықтай алды. 1955 жылы американ физигі Г. Сиборг ашқан 101- элемент ұлы орыс ғалымының құрметіне «Менделеевий» Md деп аталды. Химиялық және физикалық зерттеулер нәтижесінде инергияның қуатты жаңа түрі – атомдық энергия ашылды. Бұл энергияны дұрыс пайдалану адам баласына орасан зор пайда келтірді. Бірақ оны өз орнымен дұрыс пайдаланбаса, орны толмас өкінішке соқтырады. Оған Жапонияның Нагасакий және Хиросима қалаларындағы ядролық жарылыс мысал бола алады.

IV.Бекіту:  (Өрмекші торы) әдісі.  Д. И. Менделеевтің химиялық элементтерінің  периодтық жүйесінің кестесін ұстаныммен құрастырды? Қазіргі кезде периодтық жүйенің қандай заңдылықтары белгіленді?

1. Периодтық заңның териялық және практикалық маңызы неде?

Ғылым дамуының нәтижесін оның практика жүзінде іске асуымен түсіндіріледі. Сонда ғана ашылған заң озінің ғылыми маңызына ие болады. Д. И. Менделеевтың ашқан заңының дұрыстығыда біртіндеп дәлелденіп, зор ғылыми еңбек ретінде бағаланды.

2. Д. И. Менделеев қандай элементтерді болжады?

Д. И. Менделеев сол кезде әлі ашылмаған скандийдің, галийдің, германийдің қасиеттерін күні бұрын нақты сипаттап берді. 1875 жылы француз оқымыстысы Лекок де Буабодран галийді ашып. Д. И. Менделеевтің «экаалюминий» деп сипаттап жазғаны осы элемент екенін дәлелдеді 1979 жылы щвед химигі Л. Нильсон Д. И. Менделеев болжаған екінші элемент – скандийді ашты. Оның «экабор» деп сипттаған қасиеттері түгелімен осы элементке сәйкес келді. Сонында 1886 жылы неміс ғалымы К. Винклер Д. И. Менделеевтің болжаған үшінші элементті ашты.

3. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі бір элементке сипаттама бер.

Na, реттік номері 11, салыстырмалы атамдық массасы 23, 3 периодта, бірінші топты негізгі топшасында орналасқан.

V. Бағалау: оқушылардың үй тапсырмасын орындауына және жаңа сабаққа арласап бекіту тапсырмасын орындаған оқушылар бағаланады.

VI .Үй тапсырмасы:

§60. Д. И. Менделеевтің ғылыми ерлігі және периодтық заңның маңызы

Тақырып соңындағы 2,3, 4, 5 тапсырманы орындап келу.

Өзіндік талдау:

Экасилиций және германий қасиеттерін салыстыру.

Экасилиций Еs қасиеттері мен оның қосылтары.

Д.И.Менделеевтің болжамы бойынша     (1871 ж)

Германийдің Ge қасиеттері мен оның қосылыстары, К. Винклердің (1886ж)  тәжірибелік жолмен анықтауы бойынша

Салыстырмалы атомдық массасы 72

Салыстырмалы атомдық массасы 72,6

Сұр түсті, қиын балқитын металл

Сұр түсті, қиын балқитын металл t0балқу=9600C

Тығыздығы 5,5 г/см3

Тығыздығы 5,5 г/см3

Оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда пайда болады.

Оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда пайда болады

Жоғары оксидінің формуласы  EsO2

Жоғары оксидінің формуласы  GeO2

Оксидінің тығыздығы 4,4 г/см3

Оксидінің тығыздығы 4,4 г/см3

Гидроксиді-әлсіз негіз

Гидроксиді-әлсіз негіз

EsСl4 хлорид, сұйық зат

EsСl4 хлорид, сұйық зат


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)