http://a-brands.kz/

Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынастағы проблемаларын шешуге үйрету

Қaрaғaнды oблыcы Бұқaржырaу aудaны
Бoтaқaрa кенті
«Жaлпы oртa білім беру №1 қaзaқ тірек мектебі (РO)» КММ
мектеп психологы Мукуышева Шынар Сейдуалиевна

 

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауы еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап берді. Ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай сыннан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту.

Оқушы – қоғамның  болашағы, сондықтанда, өз жаратылысын, қабілеті мен мүмкіндіктерін тек мектеп қабырғасында басқалармен қарым-қатынас үстінде дамытады. Жасөспірімдердің  басты белгісі оның мінез-құлқы, басқа оқушыларға, табиғатқа қатынасы, оның қажеті мен қанағаттандыру тәсілдері-биологиялық жолмен қалыптаспайды, оқушының болымысы, білім алуы, өзіндей оқушылармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады.

Мағжан баланың отбасындағы қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын және бала үшін бұл әсердің өте маңыздылығын көрсетеді.

Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқының  дұрыс, жағымды болуына айрықша маңыз береді; баланың ізгі-құлықты болуы үшін оның маңайындағы оқушылар, ата-ана, туған-туысқандары өздері ізгі-құлықты болуға тиісті «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-деген. Оның бір пікірі  орыстың үлкен педагогы П.П.Блонскийдің  ата-ананы тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеу қиын деген пікірімен қабысады. Бұл арада Мағыжан оқытушы мен оқушы, тәрбиеші арасындағы қатынастың адамгершілік мәнін айрықша бағалайды. Бұл қатынастан бала өміріне қажетті біраз рухани азық алады, тәрбиешінің мінез-құлқының  біршама жақтары бала бойында өмірі қалады.

Оқушылардың  өзара қарым-қатынастарын және қоршаған дүниені танып білуді, психологиялық мәселелерді қарастыра келе Н.Мудрик былай деп тұжырымдайды; егер адам жас кезінде талдау және өзін-өзі талдау сияқты дағдыларын игермесе, онда оның кейін игеріле қоюы қиынырақ. Кейін ол дүниені және өзін-өзі тануға кеш бағдарланады. Онда дүниенің бейнесіде, өзінің тұлғалы және өзінің дүниемен қарым-қатынасы жөніндегі түсінігіде қалыптаспайды.

Қоғамда әр бір адам өзін-өзі шынайы бағалауы қоғамдық мәні ерекше міндет болып табылады. Себебі өзін-өзі дұрыс бағаламау салдарынан тек жеке адам ғана емес, оның қоршаған ортасындағы басқа адамдар да зардап шегеді. Бұл жөнінде «өзінің мүмкіндіктерін жеткілікті дұрыс бағаламаған оқушы қиын жақтарға жетумен, кедергіні белсенді жеңумен байланысты қуаныштан айырылады, бере алатын мүмкіндігін қоғамға бере алмайды»-дейді Н.Мудрик.

Жасөспірімдер арасындағы өзара қарым-қатынас жасау, оларға тән табиғи қасиет. Тілдесу арқылы, өзара ойын жеткізеді, бір-бірімен пікір алысады. Өмір тәжірбиесі, іс-әрекеті ой-пайымдары дамиды. Өзара қарым-қатынас жасау арқылы бір-бірін түсініп, мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерін қалыптастырады. Кез-келген зерттеу жұмыстарын жүргізсек, нәтижесін шығару үшін оқушылардың даралық ерекшеліктері мен санасына, оларға талап қоюмен бірге қамқорлық  та көрсету қажет. Жасөспірімдердің бір-бірімен тілдесіп қарым-қатынас жасауының күрделенуі мен маңызының артуы, мәселені шешіп отыру, сынып оқушыларының көпшілікпен тіл табысып, олармен қарым-қатынас орнату біліктілігіне байланысты.

Сыныптағы әлеуметтік жағдайды шешу үшін;

1. Сыныптағы орнықты моральдың психологиялық ахуалды қалыптастыру.
2. Әлеуметттік жағдайға назар аудара отырып, өзін ұжымда еркін сезініп, саналы білім және өзінің іс-әрекетіне жауапкершілік туғызу.
3. Жасөспірімдердің психологиялық  этикалық ерекшеліктерін нақты білу.
4. Шығармашылықпен жұмыс істеуіне, өз білімінің көтеруіне жағдай жасау.
5. Оқушылардың өзара сенімділікпен достық, өзара қарым-қатынас жауапкершілігін арттыру. Өз біліміне, мақсатына жетуге деген сүйіспеншілігін арттыру, қалыптастыру.

Осындай сыныпта жұмыс жасау және оқушылардың көңіл-күйін жақсарту, қоғамдық жұмыстарының жақсы жақтарының одан әрі өріс алуы, қолайлыпсихологиялық ахуалдың орнығуынажағдай туғызу, олардың өзара қарым-қатынастарының артуына әсер етеді. Мүмкіндігінше сынып оқушыларының мектеп кезінде көңіл күйінің сергек болуына жағдай жасап, кез келген кедергіні жеңіп шығуларын бақылап отырған жөн.

Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынас проблемасы қазіргі заманда педагогикалық-психологиялық ғылымда алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Осы проблеманы теориялық тұрғыдан зерттеу педагог-психологтарға практикада пайда болатын проблемаларды игеругекөмектеседі. Зерттеуші –педагогтар мен психологтар (Л.М. Фридман, М.Г.Тайчинов,В.М..Глазунский, Э.С.Кузнецов т.б) баланың жеке тұлғасын, оның жас ерекшеліктерін, қарым-қатынастарын зерттеу және осы мағұлматтарды оқушылардытәрбиелеу мен оқыту процесінде, жеке тұлғаныдамыту да одан ары қолдану бағдарламаларын жетілдіруде бірқатар еңбектер жасады, бұл құнды дүниелер біздің зерттеуіміздің теориялық негізін құрайды.

Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынастағыпсихологиялық проблемаларын зерттеуді топтық тұрғыдан құрдық.Оқушының өзгешелігі, оның генетикалық мәліметтері, қабілеттілігі, қызығушылығымен бейімділіктері, оқыту және қарым-қатынас жасау тәжірбиесі ұстазға, психологқа нақты тіршілік әрекетінде бақылау кезінде ғана түсінікті болады. Сондықтан да, мұның барлығы әдістемелік дәлелденгенжүйеде өткізу қажеттілігін туғызады.

Оқу –тәрбие процесінде табиғи жағдайда оқушылардың өзара қарым-қатынас жағдайларын анықтау үшін екі негізгі әдіс арқылыжүргізілетін жағдаяттар пайдаланылады;

1. Қарым-қатынас жаттығулары, сабақтар.
2. Психологиялық тренингтер.

«Тиімді қарым-қатынас орнату» атты семинар тренинг өткізілді.

Мақсаты:

1. Жасөспірімдер бойында өз бетімен әрекет ету дағдысын дамиды.
2. Әлеуметтік жауапкершілікті.
3. Өзін және басқа оқушыларды сезіну.
4. Жетілдірілген қарым-қатынас дағдыларын игеру.
5. Өзінің мәнерлі қимылдарының ерекшелігін сезіну.
6. Жаттығуға қатысушылардың вербальдық емес қарым-қатынасқұралдар аумағын кеңейту.
7. Қарым-қатынасқа түсу дағдыларын игеру және қатынастың белгілерін анықтау.

«Тиімді қарым-қатынас орнату» семинар тренингін ұйымдастырып, өткізу кезінде мен мынадай әдіс тәсілдерді қарастырдық:

1.Түрлі ахуалдарды ерекше жаттығуларға қатысу.
2. Көптеген жаңа тәжірбиелік жұмыстар жүргізу.
3. Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы мен тұлға аралдық қарым-қатынастағы проблемаларды тікелей және жанама шешу.
4. Қарым-қатынас түрлерін үйрену.
5. Сезіміңді білдіру, басқалардың сезімін қабылдау, тілек білдіру жаттығуларын орындау.
6. Оқушылардың өзара іс-әрекет жағдайларында, сезімдері мен қызығушылықтарын көрсетуді кіріктіру.

Сабақтың мазмұны оқушылардың қызығушылықтары мен проблемаларына ыңғайластырылып отырады. Оқушыларға ұсынылатын үлгілікмінез-құлық түрлері, қарым-қатынас дағдыларыөмірдегі барлық жағдайларменоқиғаларға, кез-келгеноқушылардың сұхбаттасуына қажетті қалыптасқан үлгі емес екендігін айта отыра, біз оларды көптеген рет тәжірибеден өткен, оқушыларымызбенқолайлы қарым-қатынас орнатудыңнегізі ретінде қарастырдық. Бүгінгі таңда қарым-қатынастағы компетенттіліктіңдамуы әлеуметтік-психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Бұл әдістің ерекшелігі сонда, ол топтық сипатта болады, кіші зертханалық топтарда өткізіледі.

Психологиялық тренинг отбасылық қатынасты түзету тәжірибесінде, жасөспірімдерді бейімдеуде өзін жақсы жағынан көрсетті. Нақты және зертханалық эксперименттердің элеметтерін өзіне біріктіре отыра, қарым-қатынас біліктілігінің саласында кең көлемдегі міндеттерді шешетін тренингттер психологиялық ықпал етудің тиімді құралы болып табылады. Тренингтің дәстүрлі оқытудан өзгешелігі –негізін қалаушы принциптердің болуы. Психолог осыны ұстануы қажет. Тренингттің дәстүрлі оқыту әдістерінен ( лекция, семинар, көркем әдебиеттердіоқу т.б) сапа жағынан айырмашылығы ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асырылуы болып табылады.

Топтағы қарым-қатынастың ұстанымдары:

•    «Қазір және осы жерде» ұстанымын талқылау.
•    Теңдік және ынтымақтастық.
•    Топта болған жағдайды, қоршаған адамдар білмеу қажет.
•    Қатысушының әрқайсысы, серіктесінің артына тығылмай белсенді болу қажет.
•    Серіктесіңіздің жеке тұлғасын емес, іс-әрекетін сынға алыңыз.
•    Пікірлер қысқа әрі нақты және қозғалып отырған мәселеге байланысты болуы қажет.
•    Мәселені талқылау барысында әрбір қатысушы егер қажет деп тапса, «тоқта» деп айта алады.
•    Топтың жұмыс тәртібін, сондай-ақ жаттығулардың орындалу уақытын сақтау қажет.

Тренингтің мақсаты:

Өзін –өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу.
Ойдың икемділігін, тапқырлығын, талап ету, ойдың өзгешелігін дамыту;
Ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру.
Қиалды, шығармашылық қабілетті дамыту;
Өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
Коммуникациялық  дағдыны дамыту, қарым-қатынастың әр түрлі әдіс, тәсілдерін меңгеру;
Өзі туралы, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
Көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Қарым-қатынас нәтижесінің ерекщелігі әркімнің қайталанбас даралығын сақтауда субьектілердің біріккен күштерімен тұтастыққа жету болып саналады, яғни топтық субьектілердің шығармашыл қарым-қатынасынқалыптастыру. Тренингтер оқушының әлеуетін ашады, өзін-өзі құрметтеуіне ықпал етеді, өзінің және өзгенің даралығын бағалауға үйретеді.Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Білімдегі жаңалықтар №2-2015
2. Қазақстан мектебі №8 -2016
3. Мектеп психологы №4 -2016
4. Психотренинг: ойындар мен жаттығулар. Астана -2016
5. Ұлағат №2 .2014


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)